авто

Переключатель языков

2-3.12.2017 ж. «Шығыс базары» атты Орталық-Азиялық дәстүрлі қолөнер көрме-жәрмеңкесі

2017 жылдың 2 – 3 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық   музейі «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп, «Шығыс базары» атты Орталық-Азиялық дәстүрлі қолөнер көрме-жәрмеңкесін өткізеді. Көрмеге Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресей елдерінен келген 150-ден астам қолөнер шеберлері қатысады.

Көрме-жәрмеңкенің басты мақсаты – Орталық-Азия өңірі қолөнершілерінің шеберліктерін көрсету, өзара серіктестікті дамыту, жаңа шығармашылық ізденістер тауып, қолөнер өнімдерін көпшілікке ұсыну. 

Көрмеге алтын түсті жылтыр кесте, түбіттен тоқылған, ағаштан әшекейленген және қыш бұйымдар, тас, былғары және ішікті көркем өңдеу, ұлттық стильде жасалған интерьерлі ойыншықтар, кәріптастан және маржан тастардан жасалған әшекейлер, табиғи материалдардан жасалған кәдесыйлар, киіз, тоқыма бұйымдар, кенепке, тозға салынған картиналар, сәндік бұйымдар, қолдан жасалған сабын және т.б. шеберлердің эксклюзивті авторлық жұмыстары ұсынылады. Әр жыл сайын көрме-жәрмеңкеде ұсынылатын қолөнер өнімдерінің ассортименті де сан алуан.

Өзбекстанның қыш шеберлері авторлық керамика бұйымдарын көрермен назарына ұсынады, ал қазақстандық суретші-қыш шебері Әлиасқар Мұсаев қыш қолөнері бойынша шеберлік-сабақ өткізеді.

Көрме аясында жәрмеңкеге келушілер үшін қазақстандық белгілі суретші Күлән Жанғұттының киізден түрлі бұйым жасаудың әдіс-тәсілінен өткізетін шеберлік-сабағы ұйымдастырылады. Шеберлер келушілерге өз шеберліктерінің ерекшеліктері туралы әңгімелеп, қатысуға ниет білдірушілерді басты негіздерімен таныстырады.

Көрмеге келетін әрбір адам жаңа жыл қарсаңында өз жақындары мен туған туыстарына әдемі әрі ерекше сыйлықтар ала алады.   

Көрме-жәрмеңкенің ресми ашылуы  - 2017 ж. 2 желтоқсан, сағат 10-00

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 2-3 желтоқсан, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін

Көрме-жәрмеңкеге кіру ақылы. 

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source