17.01.2018 ж. «Әлем жауынгерлері» атты көрмесі

авто

Переключатель языков

17.01.2018 ж. «Әлем жауынгерлері» атты көрмесі

Қазақстан Республикалық Орталық Мемлекеттік Музейі 2018 жылдың 17 қаңтар күні сағ 15.00-де «Творим вместе» білім беру көркем жоба мүшелерінің «Әлем жауынгерлері» атты көрмесін ашады.

«Әлем жауынгерлері» атты көрмесіҚазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық Музейі 2013 жылдан бері «Творим вместе» студиясымен бірлесе отырып:   «Музей түні», «Наурыз бояулары», «Отбасымен Музейге!» және басқа да жобаларды іске асырды.

Жоба жетекшісі, суретші Дина Мертенова, Шет тілдері институтын тәмамдағаннан кейін бірден іскерлікпен айналысты. Дегенмен ол өзінің суретші екенін жан-тәнімен әрдайым сезінетін және сурет училищесінде оқыған жылдарын ыстық сезіммен жиі еске алатын. Біршама жыл өткенде кенеттен отбасы оған – мольберт, қылқалам мен бояулар ұсынып тосын сый жасады. Содан бері кескіндеме өнері оның өмірлік ісіне айналған, сөйтіп «Творим вместе» атты көркемсурет студиясын ашты.

Украиналық суретші М. Скоблинскиймен кездескеннен кейін жоба иесі Д. Мертенова кескіндемеде тың әрі бірегей, адамға шабыт беретін, бастысы – кенепке бояуды саусақпен жағу, масхитинмен және қылқаламдарды араластыра отырып сурет салу сияқты нәтижелі тәсіл арқылы адам сезімінің сан алуандығын көрсетуге болатынын байқады.

«Алла прима» әдісі 2-3 сағат арасында толыққанды сурет салуға мүмкіндік беретін импрессионист суретшілердің шығармашылығында тұрақты орнын тапты. Бұл майлы бояумен әп-сәтте сурет салып шығуға мүмкіндік беретін танымал тәсіл. Бұндай әдісті қолданатын суретші бояу толық кеуіп болғанша суретін салып бітіреді.

Қазіргі кезде «Бірге жасаймыз» студиясы өнерге немқұрайлы қарамайтын, өз дарындарының түрлі қырларын шыңдағысы келетін түрлі жастағы адамдарды біріктіре алды. Себебі шығармашылық ұшқынын әрбір адам бойынан табуға болады. Кенеп бетінде сенімді сырғыған қылқалам қимылынан түрлі жолақтар, бояулар мен бейнелер пайда болып, соңында тамаша бір картинаның дүниеге келуін бақылау да бір ғанибет. Күні кеше өнерден алшақ жүргеніңмен бүгін өзіңді кескіндеме өнерінде байқап көрген тіпті де ғанибет.

Жобаның мақсаты – майлы бояумен сурет салудың қыр-сырын үйрете отырып адамның өзіне деген сенімін ояту.

Көрмеге түрлі жанрдағы — пейзаж, натюрморт, портрет және батик әдісінде салынған 50 шығарма қойылды.

Көрмеде Нүкетаева Жанар, Нұр Наталия, Васильева Надежда, ВасильевАртур,  Әміреева Венера, Қонаева Қаншайым, Ли Санчер, Жарна Найля, Жұманиязов Арман,  Мертенова Дина, Камалова Роза, Соколова Ирин, Тойтаева Жібек Нұрахановна, Маракулина Елизавета, Мұхамед-Рахимова Джамиля, Кайдаш Татьяна, Рахымғалиева Венера сынды студия шәкірттерінің картиналары ұсынылды. Бұлар сурет салуда академиялық білімдері болмағанымен, суретті жүрегімен және көңілінің сиқырлы сәулесі – дарын, шабыт және зор сүйіспеншілікпен салатын жандар.  Өнерге деген сүйіспеншілік біріктірген бұл топ өздерін «Әлем жауынгерлері» сезінеді.

Выставка "Воины света"- 2018 г Выставка "Воины света"- 2018 г
Выставка "Воины света"- 2018 г Выставка "Воины света"- 2018 г

Көрме 2018 жылдың 31 қаңтарына дейін жалғасады.    

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source