авто

Переключатель языков

19.05.2017 ж. «Музей түні – 2017: Музейлік құндылықтарға тіл біткенде» іс шарасы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 2017 жылдың 19 мамырында сағат 17.00-ден 24.00-ге дейін Халықаралық музейлер күні мерекесіне арналған «Музей түні – 2017: Музейлік құндылықтарға тіл біткенде» атты іс шарасын өткізеді.

Музей түнінің ұраны: «Музейлер және толғаулы тарих: күрделі асуларды тілге тиек етеміз».

Музей түні – 2017: Музейлік құндылықтарға тіл біткенде«Музей түні» – халықаралық ауқымдағы ірі әлеуметтік жоба. Халықаралық «Музей түні» 1997 жылы Берлин қаласында мәреге шықты. Еліміздің жетекші музейі – ҚР Мемлекеттік Орталық музейі алғаш рет 2006 жылы жобаның қатысушысы болды. Он екінші мәрте өткізіліп отырған іс-шарада Музей қорынан және жеке коллекциялар негізінде алынған жаңа көрмелер ұйымдастырылып, тың идеялар мен қызықты шығармашылық ойлар жүзеге асырылады. Тарихи-мәдени мұраларға арналған бірегей шаралар мен бағдарламаларды ұйымдастыру арқылы тарихи-мәдени құндылықтарды дәріптеп, мәдениет дамуына өз үлесін қосады. Осы уақыт ішінде бұл шара Алматы қаласының мәдени өмірінде аса тартымды және асыға күтетін жарқын шараға айналды.

Бұл түні Музей қызметкерлері алматылықтар мен оңтүстік қала қонақтарының назарына мынадай сан алуан қызыққа толы интерактивті бағдарламалар және жанды қойылымдар ұсынады: түрлі тарихи дәуірлердің тұлғалары – андронов мәдениетінің әйелі мен сақ ханшайымы Томирис Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихымен таныстырса, тарихи этнография залында «Қазақ батырлары» қылышпен сайысу өнерін көрсетеді, «Қазақтың абыз-қариясы», қазақ ертегілерінен алынған «Шебер-Әже келінімен бірге»; сондай-ақ Алматы қаласындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері өздерінің ұлттық киімдері мен дәстүрлі мәдениеттерін келушілер назарына паш етеді.

ИНТЕРАКТИВТІ ЭКСПОЗИЦИЯЛАРДА музейге келушілер ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі тарихи көріністермен таныса алады: «Көненің үні» – ақын-жырау, ақындар мен күйшілік, жыршылық өнерді қолдаушы және ежелгі музыкалық аспап – қобызды саз әлеміне әкелген Қорқыт ата туралы; «Монеталар сыңғыры» ҚР МОМ қорынан алынған шығыс және еуропа нумизматикасы бойынша бірегей коллекциялар туралы; «Дәстүрлі кестелеу және аппликация өнері» ұлттық ою-өрнекпен құралған дәстүрлі құрақ көрпе, сондай-ақ қалпына келтірілген кілем-киіз бұйымдарын көрсетеді; «Қазақстанның ғарыш әлеміне саяхат» ғарышты игеру тарихы жайлы; «Қазақстан мергендері» «Командалық орталық» негізінде «Ардагер» Ауған соғысы ардагерлері және жергілікті қақтығыстар Республикалық қоғамдық одағының көмегімен Ұлы Отан соғысындағы қару-жарақтары үлгілерімен таныстырады; «Шеберлер мүйісі» ұсталық және зергерлік шеберліктен көрініс көрсетеді. Оған қоса музейде қазақтың дәстүрлі ойындары бойынша (асық ату), халық қолөнері мен ағаштан ойылған ойыншықтар мен пішіндердің жасалуы және т.б. жайлы ШЕБЕРЛІК-САБАҚТАР өткізіледі.

«Музей түні» ұлты, жасы, қызығушылығы және діни көзқарасы әртүрлі адамдардың бас қосып, пікір бөлісіп, жаңа тарихи белестерді бағындыра дамуына мүмкіндік береді. Жыл сайын музейдің шараға қолдау көрсетуші тұрақты серіктестерінің қатары жаңа серіктестермен толығып, қолдау тауып отырады.

Музей түні бағдарламасында: КЛАССИКАЛЫҚ МУЗЫКА Ж. Елебеков атындағы эстрадалық-цирк колледжі, П. И. Чайковский атындағы Алматы музыка колледжі, Камерата Қазақстан, Гаухар Мырзабекованың жетекшілігіндегі классикалық музыка мемлекеттік ансамблі, Kaz Kids Dans би студиясы (жетекшісі Дубинчик Наталья);  Боровикова Валентина Анатольевнаның жетекшілігіндегі музыкалық джаз мектебінің Twinkle jazz ансамблі; Саксофонда ойнаушы Тұрсұнбеков Қайрат; Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Академиясының хореография факультетінің студентік би театры ұсынған «Asian students dance-ASD» «Би империясы», О.Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің студенттері жаңа «Қиял» және «Триумф» этникалық коллекцияларын ұсынады. Еліміздің М.О.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық драма театры мен М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік Академиялық орыс драма театрларының өнер майталмандары жылы лебіздерін жеткізіп, спектакль билеттеріне ұтыс ойындарын ұйымдастырады.

Жарқын да тартымды ШОУ-БАҒДАРЛАМА музейге келушілердің көңілінен шығары анық: «Positive life Studio», «Tesla art laboratory» компаниялары ұсынатын проекторлық, пиксельді, жарықдиодты картиналар; Швециялық қонақтардан құттықтау - Перфоманс «Каспий теңізіндегі Викингтер» және «Baidaralin Studio» ұсынатын қазақ садақшылары; «Tribal Pro», «Dance Studio», «Cuban Mix» ұсынатын би шоуы; «Империал», «Сейшн» шоу-балеті; «Алматы Барабандары» шоуы; «Fire Sunset» компаниясынан от шашу, «Big bubble» компаниясынан сабынды көпіршіктер шоуы; «Лимпопо» компаниясынан ғылыми шоу; ағаш аяқты өнерпаздар; сиқыршы Михаил Гутторов және «Город сказки» компаниясынан VR-көзілдірік, сондай-ақ тарихи образдардағы «Жанды мүсіндер» мерекелік салтанатқа аса көңілді сән бермек.

Мерекелік шарадан музей қорынан және жеке жинақ коллекциялардан ұймдастырылған көрмелер де ерекше орын алмақ. Атап айтқанда, «Көне басылымдар» – музей ғылыми кітапханасының сирек қорындағы XVIII-XX ғғ. жататын кітаптар; «Мүсін мәдениеті» - Алматы қаласының қазіргі заманғы суретші-мүсіншілері М.Жунисбаева, К.Сатыбалдина, Д.Досмагамбетова, К.Дулатова, Н.Жуваниязова, Т.Серикбаева, Т.Жумагулова, О.Рахимбекова, С.Битуганова, Д.Сарбасова, Н. Болатбекова, Б.Кайранбаева және т.б. бірегей авторлық жұмыстары, сонымен қатар Швецияның ҚР-ғы елшілігімен бірлесе ұйымдастырылған швед суретшісі Туве Крабоның «Қылмыс орындары: Алғашқы найзағай» көрмесі ұсынылады.

Музейге келуші кішкентай қонақтарымыз да назардан тыс қалмайды. Бүлдіршіндерге «МАКО», «Карамельная фабрика», «Декоративные игрушки» компаниялары ұсынатын интерактивті бағдарламалар мен шеберлік-сабақтары да (аквагрим, аниматорлар, карамельдің жасалуы, сәндік мүсіншелерді бояу, түрлі шоу) қызғылықты болмақ.

«Музей түні - 2017» шарасының бас демеушісі «Positive life Studio» компаниясы.

Музей серіктестері: «VIP EVENT Very important parties», «Бахыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы, «Ансар», «QazaQshop», «Art сюрприз creative group», «Алматы қаласының туристік ақпараттық орталығы», «Алма-Ата Әйелдер клубы», «Vip line» компаниялары, «Bollywood» рестораны, «Тельняшка» интернет-дүкені, жоғары сапалы «Brand lab» баспаханасы, «Қазақ саңырауларының қоғамының» баспаханасы, «Сардар» және «Арман-ПВ», «Gold Style» және «Шары.city» баспалары.

«Музей түні - 2017» шарасының ақпараттық қолдаушылары: «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Деловой Казахстан», «Вечерний Алматы», «Алматы акшамы», «Новое поколение», «ЭкспрессК», «Время», «Хабар», «Казахстан», «Kazah TV «Алматы», «Hit TV»; «Радио NS», «Қазақ радиосы», «Ретро FM», «Афиша кз.».                            Музейге келушілерге арнайы акциялар! Естелікке жедел фото. Мехенди, ежелгі қынамен денеге салынатын уақытша өрнекті сурет өнері. Кәсіби суретші Акылзан Макажановтан «Достық рәуішті портреттер». Парфюмериялық компанияларыдың косметикалық өнімдері. #Ночьвмузее2017ЦГМРК, #ҚРМОММузейтүні2017, #NightMuseum2017CSMRK хэштегтерімен әлеуметтік желілерде «Музей түні -2017» шарасы жайлы ақпарат беріп, 5-тен артық фото орналастырған әрбір келуші Музей тарапынан арнайы СЫЙ-ға ие болады.

Мерекелік кештің жүргізушілері танымал шоу-мендер Мұрат Оспанов, Даниель Джеймс және Марселен Камате.

ҚР Мемлекеттік Орталық музейі 19 мамыр 17.00-ден түн жарымына дейін Сіздерді «Музей түні» думанында күтеді!

Кіру ақылы.

Click to download in FLV format (4.48MB)

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source