авто

Переключатель языков

07.10.2017 ж. «Алматыда Жапон мәдениеті күнін»

2017 жылдың 7 қазанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі ағымдағы жылы Қазақстан мен Жапония арасында жасалған дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылғанына 25-жыл толуына орай, Қазақстандағы Жапония Елшілігі, Қазақстан - жапон адам ресурстарын дамыту орталығы, Қазақстандағы жапон іскерлерінің ассоциациясы мен Қазақстандағы жапон ассоциациясы бірлесіп, Қазақстан мен Жапония арасындағы мәдени ынтымақтастық байланыстарды дамыту мақсатында дәстүрлі «Жапон мәдениеті күнін» өткізді. Бұл күні Алматы қаласының тұрғындары және қала қонақтары Күншығыс елінің салт-дәстүрімен де таныса алды.

Үлкейту үшін басыңызҚазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 10 жылдан астам уақыттан бері Қазақстандағы Жапония елшілігімен бірлесіп, белсенді қызмет атқарып келеді. Музейде өткен «Жапония қуыршақтары», «Әлем кимоно жасау шебері Итику Куботаның көзімен», «Хиросима мен Нагасаки», «Исекатагами» өнері жөніндегі шеберлердің картиналар көрмесі және тағы басқада мәдени шаралары қалалық жұртшылықтың зор қызығушылығын тудырды және республикалық БАҚ беттерінде кеңінен көрініс тапты.

Жапония – ғибадатханалар мен сұлулығымен тамсандырған бақтар, қар басқан тау шыңдары мен зәулім үйлер, болашақтың технологиясы мен ғасырлық дәстүрлер, қалалық өмірдің қарбалас тіршілігі мен табиғаттың сұлулығы үйлесе жарасқан ғажайып жұмбаққа толы елдердің бірі.

«Жапон мәдениеті күні» фестивалін салтанатты түрде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты Ғалия Теміртон, Жапонияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабата мырза және Нархоз университетінің академиялық қызметі жөніндегі проректоры Эльмира Ыдрысова ашты. Сөз алушылар аталмыш шараның маңыздылығын, жыл сайын өткізілетін шараға қала халқы мен қонақтарының қызығушылығын баса айтып өтті. Итиро Кавабата «Бұл фестиваль Қазақстанда 12-ші мәрте өзкізіліп отыр, іс-шара екі елдің мәдени ынтымақтастығын нығайтып қана қоймай, көрермендерді Күншығыс елінің бай салт-дәстүрімен таныстырады» деп атап өтті.

Шара барысында алматылықтар мен қала қонақтары Жапония өнері, мәдени дәстүрі, спорты, биі, асханасымен және жапон технологиялармен таныса алды. Көрермендер Жапон, Қырғыз және Қазақстандық шығармашылық ұжымдардың көнцерттік бағдарлама сын, тайко жапондық дабылдарында ойнайтын «Ооэдодайко» дабылшылар тобы мен «Ёсакой Соран» би тобы «Балықшылар» биін тамашалады. Мәскеу консерваториясының түлегі Марина Пак – КОТО (қазақтың жетігені) дәстүрлі музыкалық аспабында және Айтмұрат Төреғали СЫГАРУ ЩАМИСЕН дәстүрлі жапон музыка аспабында өнер көрсетті. Іс-шарада балалар үшін қағаздан жасайтын түрлі шеберлік-сабақтар мен ойындар ұйымдастырылды. Сондай-ақ Sony, Panasonic атты жапондық компаниялары қатысып, Toyota tsusho Kazakhstan Auto (Toyota Center Zhetisu, Lexus Center Almaty) 2 жапондық автокөлік маркасының тұсау кесері және «Sony», «Panasonic» секілді компаниялардың (жаңа үлгідегі телевизорлар, ұлғайтқыш колонкалар, гаджеттер, телефондар және т.б.) үлгілері қойылды.    

Мерекелік фестивальге 7000-нан астам адам келді, 14 БАҚ, кейбір телеарналар іс-шараны тікелей эфирде көрсетті.  

Culture of Japan in Almaty Culture of Japan in Almaty
Culture of Japan in Almaty Culture of Japan in Almaty
Culture of Japan in Almaty Culture of Japan in Almaty

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source