2-3.06.2018 ж. Дәстүрлі Орталық-Азиялық «Жібек жолы» көрме-жәрмеңкесі

авто

Переключатель языков

2-3.06.2018 ж. Дәстүрлі Орталық-Азиялық «Жібек жолы» көрме-жәрмеңкесі

ҚР Мемлекеттік орталық музейі «Бахыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесе отырып, 2018 жылдың 2-3 маусым күндері дәстүрлі Орталық-Азиялық «Жібек жолы» көрме-жәрмеңкесін өткізеді. Жәрмеңкеге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Ресей, Моңғолия және Грузия елдерінің қолөнер шеберлері қатысады.

Көрменің ашылуы 2018 жылдың 2 маусымында сағат 10.00-де болады.

«Жібек жолы» көрме-жәрмеңкесіОсы жолы жәрмеңкеге қатысушылар қала тұрғындары мен қала қонақтарының назарына үйге және тұрмысқа қажетті түрлі естелік сыйлықтарын: киімдер, зергерлік бұйымдар, музыка аспаптары, шығыс миниатюрасын, кілемдер, киіз және жібек бұйымдарын, тоқыма, мата заттары мен кестелер, тұмарлар, тері бұйымдарын ұсынбақ.

Көрме аясында өткізілетін іс-шаралар:

2018 ж. 2 маусымы сағат 11.30-дан 14.00-ге дейін – «Бахыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығының қолдауымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Алтын-Көл» ана мен бала, балалық шақ пен асырап алуды қолдайтын қайырымдылық қор акциясы;

15.00-ден 16.00-ге дейін – О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің оқытушылары мен студенттері ұсынатын этникалық коллекциялар, қолөнер бұйымдарының лоторея ойындары;

2 және 3 маусым сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін – батик және киіз бұйымдарының шеберлік сабағы. қолдан жасалған барлық заттар қашанда адам жүрегіне шаттық пен әсемдік ұялатады.

Ұлттық қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі – қала тұрғындарының жыл сайын асыға күтетін іс-шараларының бірі.

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 2-3 маусым 2018 жыл сағат 09.00-18.00

 Көрмеге кіру – ақылы

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source