авто

Переключатель языков

18.03.2019 ж. «Наурыз нақыштары» атты фестиваль

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2019 жылдың 18 наурыз күні  Наурыз мейрамына арналған «Наурыз нақыштары» атты фестиваль өтті.

Көрменің ашылуында директордың ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары - Ғалия Теміртон; О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің директоры – С.И. Шалабаев; «Ұлдана Фэшн» киім ательесінің директоры - Қазақбаева Ұлдана сөз сөйледі. Сөз сөйлеушілер Наурыз мерекесін өткізудің маңыздылығын атап өтті, ол қазіргі өмірге үйлесімді еніп, қоғамдағы өзара сыйластық, қоғамдық тұрақтылық пен келісімді нығайтуда үлкен рөл атқаратындығын атап өтті. Қазіргі заманда қайта жанданған Наурыз мерекесі бүгінгі өмір тынысымен де біте қайнасып, қоғамдағы тұрақтылық пен келісім, өзара сыйластықты нығайтуда маңызды рөл атқаруда.

Осы мереке күні музей қонақтары үшін: ҚР Орталық музейі келушілердің назарына «Сыр сақтаған сандықтар...», сондай-ақ Қазақстан суретшілері мен мүсіншілерінің «Көктем шуағы» атты көрмесін ұсынды.

Осы мерекелік күні музейге келушілердің назарына халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, Халық әртісі – Санат Исаевтың қатысуымен «Беташар» үйлену тойы салт — дәстүрлері ұсынылды; суретшісі А. Төлеубаевадан мерекелік дастарханға батикпен сурет салу арқылы перфоманс-мерекелік дастарханның бояуымен батик бойынша қол қойылды; О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі ұлттық киімдер үлгілері көрсетілді. Музыкалық ұжымдар мен ансамбльдердің қатысуымен концерт ұйымдастырылып, суретші Н.Г.Хлудовтың шығармашылығына арналған, «Дәстүрлі қазақ мәдениеті әлеміне» экспозициясы негізінде интерактивтік музейлік сабақтары ұйымдастырылды және өткізілді. О. Таңсықбаев атындағы Алматы атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің студенттері мен оқытушыларынан қолөнердің әр түрлі түрлері мен қолөнердің дәстүрлі түрлері бойынша шеберлік-сабақтары өткізілді. Алғаш рет «Ажар Төлеухан «ASA-ONER» және «Uldana Kazax» сән салондары өздерінің киім топтамаларын ұсынды.

«Наурыз нақыштары» атты фестиваль «Наурыз нақыштары» атты фестиваль
«Наурыз нақыштары» атты фестиваль «Наурыз нақыштары» атты фестиваль

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source