авто

Переключатель языков

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық Музейі қалыпты жұмыс тәртібіне ауысты. Толығырақ осы жерден қараңыз "Байланыс ақпараттар".

Құрметті музей қонақтары! Мерекелік күндердегі музейдің жұмыс істеу тәртібі: 6, 7 шілде -қалыпты кесте, 8, 9 шілде – демалыс.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Как правильно варикоз лечить

02.09.2020 ж. Орталық музей келушілер үшін ашылатындығын хабарлайды

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2020 жылдың  2 қыркүйегінен бастап келушілер үшін музей залдары жұмыс істейтінін хабарлайды!

Жұмыс уақыты 10.00-дан 18.00-ге дейін.

 


 

Келушілер назарына!

Күту аймағында:

  • Күту аймағына топтар 15 адамнан кіреді;
  • Музейдің экспозициялық залдарына 30 адамнан артық кіруге болмайды;
  • Музей ғимаратына кіру көше жақтағы есік арқылы жүзеге асырылады;
  • Келуші санитарлық тәртіпті сақтай отырып (антисептик, 1,5 м арақашықтық, бетперденің болуы) күзет тексерісінен өтеді.
  • Келушінің медициналық немесе мата бетпердесі болмаған жағдайда, сол жерде таратып беру қарастырылған.

Зал аймағында:

  • Келушілер залды кіре берісте көрсетілген маршрут бойынша, бір-бірінен 1,5 м арақашықтықты сақтап қарайды.

Залдан шығу төмендегі тәртіппен жүзеге асырылады:

  • Келушілер залдан көрсетілген маршрут бойынша, бір-бірінен 1,5 м арақашықтықты сақтап шығады.
  • Залдан шығу схемаға сәйкес музей қараушылары мен бақылаушының алып жүруімен жүзеге асырылады.

 


 

Ескерту!

Келуші жоғарыда көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда музей қызметкері қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында Музей ғимаратынан шығару шараларын орындайды.

07.03.2020 ж. «Үндістан биі: ежелгі өнер тарихы» атты іс-шара

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2020 жылдың 7 наурыз күні сағат 14.00 «Алматы – Қазақстан Үнді классикалық би орталығымен» бірлесіп «Алматы-Қазақстан Үнді классикалық би орталығының» туған күніне және Махатма Гандидың туғанына 150 жыл толуына орай «Үндістан биі: ежелгі өнер тарихы» атты іс-шара өткізеді.

«Үндістан биі: ежелгі өнер тарихы» атты іс-шараҚазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен «Алматы –Қазақстан Үнді классикалық би орталығы» бірнеше жыл қатарынан бірлесіп бірқатар іс-шаралар өткізіп келеді.

Ақмарал Қайназарованың жетекшілігіндегі «Алматы-Қазақстан Үнді классикалық би орталығы» – 2006 жылдан бастап Үндістанның музыкалық мұрасы мен дәстүрлі өнерін зерттеу және көпшілікке дәріптеу бойынша өз қызметін жүзеге асыратын Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз коммерциялық емес мекеме.

«Алматы-Қазақстан Үнді классикалық би орталығы» Қазақстан Республикасындағы Үндістан Елшілігі, халықаралық және қоғамдық ұйымдар, концерт залдары, оқу орындары, мұражайлармен бірлесе отырып, қазақстандықтарды Үндістанның дәстүрлі мәдениеті, өнері, музыкасы және биімен таныстыруда нәтижелі ағартушылық жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, би орталығы Грузия, Польша, Испания, Үндістан және т.б. елдерде өткен халықаралық байқауларда Гран-при және жүлделі орындарға ие болған.

Іс-шара Алматы қаласы тұрғындарына Үндістанның аспаптық әуені, әндері мен халық билерін, классикалық үнді биінің ежелгі өнері – Бхаратанатьям, Катхак, сондай-ақ дәстүрлі үнді йогасын көрсету мақсатында өткізіледі.

Іс-шара аясында:

  • «Алматы-Қазақстан Үнді классикалық би орталығы» студенттерінің Бхаратанатьям, Катхак үнді классикалық биі;
  • аспаптық әуен;
  • Үнді халық биі мен әндері;
  • 2000 жыл тарихы бар «Бхаратанатьям Ежелгі костюм өнерінің ерекшеліктері» тақырыбына дәріс;
  • Санскрит тілінде орындалатын би теориясының үзінділері.

Іс-шара Қазақстан Республикасы мен Үнді Республикасының арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі баршаңызды классикалық үнді би өнерімен танысуға шақырады.

Өткізу уақыты: 14.00-ден – 17.00- ге дейін

Іс-шараға кіру – тегін

20.01.2020 ж. Мемлекет басшысының "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" мақаласы талқыланды

Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын ұжым болып талқылады. Мемлекет басшысының мақаласында Абай сөзінің бүгінгі заманымыз үшін көкейкестілігі, ақын шығармаларынан халқымыз қандай тағылым алуға тиіс екендігі жөнінде біраз сөз қозғалған.  Жиын барысында халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойы мемлекет көлемінде ғана емес, халықаралық деңгейде аталып өтетіндігі айтылып, Орталық музейдіңде аталмыш іс-шараға дайындығы туралы сөз қозғалды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Ұлы Абай мұрасы» атты көрмені қыркүйек айында ұйымдастыру жоспарланған. Аталмыш көрмеге Орталық музей қорында сақтаулы Абай Құнанбайұлына (1845-1904) қатысты қолжазбалар, кітап басылымдар, Абай өмірі мен оның әулетіне қатысты портреттер, фотосуреттер, мүсіндер, кілемшелер, мерейтойлық төсбелгілер, қағаз ақшалар, монеталар, маркалар, керамикалық бұйымдар көпшілік назарына ұсынылады. Мыңмен жалғыз алысқан Абай өмірі мен мұрасы кейінгі ұрпақ үшін өр әділеттілік пен зор адамгершілікті және асқақ рух мен кемел парасаттылықты үздіксіз дәріптеудің әрқашанда жарқын үлгісі бола бермегіне кәміл сенеміз.

abai175-obsuzh-1

abai175-obsuzh-4

abai175-obsuzh-5

28.02.2020 ж. «Қызғалдақтар гүлдегенде» атты дәстүрлі жыл сайынғы Орта Азиялық халық қолөнерінің көрме-жәрмеңкесі.

2020 жылы 28-29 ақпан - 01 наурыз күндері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп, «Қызғалдақтар гүлдегенде» атты дәстүрлі жыл сайынғы Орта Азиялық халық қолөнерінің көрме-жәрмеңкесін өткізеді.

«Қызғалдақтар гүлдегенде»«Қызғалдақтар гүлдегенде» - көктемгі мерекелердің символы. Аязды күндер аяқталып, көктемнің шуақты күндері сезіліп, 8 наурыз мерекесі - барлық әйелдер қаумына қуаныш пен әсемдік сыйлайды.

Көрмеге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей, Моңғолия мен Грузияның барлық өңірлерінен 100 - ден астам қолөнер шеберлері қатысады. Бұл мереке күндері қолөнершілер барлық әйелдерді сыйлық және кәдесый өнімдерінің көптігімен таң қалдырып, қуантады. Аяулы ханымдар үшін Өзбекстан мен Түркменстанның жетекші дизайнерлерінің киімі, зергерлік бұйымдар, киіз және жібектен жасалған заттар, шығыс миниатюрасы және т. б. ұсынылады.

Музейдегі Орта-Азиялық халық қолөнерінің көрме-жәрмеңкесі Қазақстанмен қатар, шетелдік өнер және қолөнер бұйымдарын бағалаушылардың қызығушылығын тудырады.

«Қызғалдақтар Гүлдегенде» Art-көрме-жәрмеңкесінде Елбасының «Ұлы Даланың Жеті қыры» мақаласы аясында «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» атты тақырыпта көркемсурет мектеп оқушылары және колледж студентерінің байқау жұмыстарының көрмесі, сондай-ақ көркем сурет бойынша шеберлік-сабақтар өткізіледі.

Art-көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 28-29 ақпан - 1 наурыз 2020 ж. сағат 9.00-18.00

Көрменің ашылуы 2020 жылдың 28 ақпан күні, сағат 12.00-де.

Көрмеге кіру - ақылы.

13-17.12.2019 ж. «Christmas Art Fair-2019» арт-жәрмеңкесі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі «Творческие сезоны» компаниясымен бірлесіп 2019 жылдың 13-17 желтоқсаны аралығында Орта Азиядағы ірі «Christmas Art Fair-2019» арт-жәрмеңкесін өткізеді.

«Christmas Art Fair-2019» арт-жәрмеңкесіЖаңа жыл біз үшін ең басты және көптен күткен мереке. Бұл әр жылдың соңында әрбір үйге келетін ең ардақты тілектер, әдемі, мейірімді ертегінің орындалу мерекесі. Жаңа жыл қарсаңында музейде 12-ші рет өткізіліп отырған «Christmas Art Fair» атты ауқымды көрме өтеді. Музейде арт-көрмелерді өткізу жарқын оқиға және игі дәстүрге айналды. Көрме келушілерді Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Италия, Өзбекстан және Германия елдерінің 300-ден астам жетекші дизайнерлері, суретшілері мен шығармашылық жобаларымен таныстырады. Бұл жолы авторлық қуыршақтың танымал суретшілері көп қатысады: Анастасия Елисеева, Надежда Кравченко, Лариса Кирьянова, авторлық қуыршақтың бірлестігі Азия Долл.

Қазақстанның бисерлік өнер шеберлерінің қауымдастығы Алматы мен Киевті жаулап алған «Бисер елдерді, халықтарды, континенттерді біріктіреді» атты фотожобасын ұсынады, украиналық «Сәнді Қолөнер» журналының мұқабасын безендіріп, Мәскеуде ресейлік киім дизайнерлері бар коллаборацияда көрсетілім дайындайды. Фотожоба 12 талантты суретшінің басын қосты.

Ең ірі Рождестволық арт-жәрмеңкеде: дизайнерлік киім, авторлық әшекейлер мен аксессуарлар, шырша ойыншықтары, жаңа жылдық сыйлықтар, интерьерлік ілгіштер, зергерлік әшекейлер, нәзік жібек, жылы авторлық киіз, сәнді фарфор, сөмкелер, жарқын керамика, эко-косметика қойылған. Бұл күндері тәттілер өздерін әртүрлі дәмділікпен сезінуі мүмкін: таяқшадағы жарқын мұздықтар, тәтті мақта бұлты, авторлық карамель, пряник, шоколад, пісіру және т. б.

Қазақстан Республикасының орталық музейі мен «Творческие сезоны» компаниясы барлық тілек білдірушілерді Christmas «Art Fair-2019» Халықаралық жаңа жылдық арт-көрмесіне шақырады.

Арт-көрме-жәрмеңкенің салтанатты ашылуы: 2019 ж. 13 желтоқсан сағат 13-00

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 13 - 17 желтоқсан, 9.00 ден 19.00 ге дейін

Көрме-жәрмеңкеге кіру – ақылы.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source