авто

Переключатель языков

30.11.2018 ж. «Арт-Шығыс базары» атты Орталық-Азиялық дәстүрлі қолөнер көрме-жәрмеңкесі

2018 жылдың 30 қараша және 1 – 2 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық   музейі «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп, «Арт-Шығыс базары» атты Орталық-Азиялық дәстүрлі қолөнер көрме-жәрмеңкесін өткізеді. Көрмеге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресей елдерінен келген 150-ден астам қолөнер шеберлері қатысады.

Көрме-жәрмеңкенің басты мақсаты – Орталық-Азия өңірі қолөнершілерінің шеберліктерін көрсету, өзара серіктестікті дамыту, жаңа шығармашылық ізденістер тауып, қолөнер өнімдерін көпшілікке ұсыну.

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында келушілердің назарына сыйлық және кәдесый өнімдерінің эксклюзивті авторлық жұмыстарының кең спектрі ұсынылады: ұлттық және брендті киім, күмістен, мельхиор, алтын жалатылған және эмальдан жасалған зергерлік бұйымдар, музыкалық аспаптар, шығыс миниатюрасы, табиғи материалдардан жасалған кәдесыйлар, кәріптас, бисерден жасалған әшекейлер, қыш, киіз және жібек мата бұйымдары, кенеп, қайың тозындағы суреттер, соғып жасалған сәндік бұйымдар, қолдан жасалған сабын, жаңа жылдық ойыншықтар және өзге де көптеген қызықты жұмыстар.

Соңғы 16 жыл ішінде Орталық Азия өңірінің сәндік-қолданбалы өнер шеберлері ҚР Орталық музейінің қабырғасында өтетін көрме-жәрмеңкеде өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетіп, тәжірибе алмасып, өзара тиімді әріптестік қарым-қатынастарын кеңейтіп, бір-бірімен жаңа шығармашылық идеялармен бөлісіп, өз өнімдерін сатумен айналысады.

Көрме-жәрмеңке аясында музейге келушілерге қазақстандық суретші-қыш шебері Әлиасқар Мұсаев қыш қолөнері бойынша, ал О. Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің студенттері киіз және батик бойынша өздерінің алғашқы шеберлік сабақтарын өткізеді.

Көрме-жәрмеңкенің ресми ашылуы - 2018 жылдың 30 қараша күні сағ.10.00.

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 30 қараша- 1-2 желтоқсан, 9.00-ден 18.00-ге дейін

Көрме-жәрмеңкеге кіру - ақылы

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source