авто

Переключатель языков

15.12.2017 ж. «Christmas Art Fair-2017»

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі Алматы қаласындағы «Творческие сезоны» компаниясымен бірлесіп, 2017 жылдың 15-18 желтоқсаны аралығында Орталық Азиядағы ең ірі Халықаралық «Christmas Art Fair-2017» атты оныншы мерейтойлық бейнелеу өнері көрме-жәрмеңкесін өткізеді.

«Christmas Art Fair-2017»Жаңа жыл – көпшіліктің үлкен үмітпен күтетін басты мерекесі. Әрбір жанның асқақ армандары орындалатын, ғажайып ертегі әлемінің  сиқырлы ләззатын сыйлайтын мереке.  

Бейнелеу өнері көрме-жәрмеңкесін өткізу бүгінде игі дәстүрге айналып отыр. Көрме-жәрмеңкеде жұртшылық Қазақстан, Ресей, Испания, Италия, Германия, Өзбекстан және Орталық Азиядан келген 300-ден астам дизайнер, суретші және шығармашылық адамдарының  бірегей авторлық бұйымдарымен таныса алады. Мысалы, итальялық және испандық компаниялар көрермендер назарына өздерінің қызықты интерьерлік өнімдері мен жаңа жылдық ассортименттерін ұсынады.

Ірі рождестволық көрме-жәрмеңкеде әр жан өзіне қажет әшекей бұйым, киім-кешек пен керек-жарақтар, интерьерлік заттар, авторлық карамель, тоқаш, шоколад пен пісірілген түрлі тәттілер, шырша ойыншықтары, қуыршақтар, жұқа  жібек мата, киізден жасалған жылы заттар, фарфор, әйел сөмкелері, түрлі керамикалық заттар, эко-косметика және т.б. таба алады.   

«Верный мануфактурасы» көрме күндері көрермендерге сәндік интерьерлік өнер бойынша шеберлік-сабақтар өткізеді. 

Жаңа жылдық көрме әрбір жанға жағымды жаңалықтар әкеліп, жарқын болашаққа үміт арттырады. Музейге келушілер көрме-жәрмеңкеден өздерін және жақындарын шаттыққа бөлейтін сәнді, қайталанбас Жаңа жылдық  әсем сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып ала алады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен «Творческие сезоны» компаниясы Сіздерді Халықаралық «Christmas Art Fair-2017» көрме-жәрмеңкесін тамашалауға шақырады.

Көрме-жәрмеңкенің ресми ашылуы: 2017 ж. 15 желтоқсан, сағат 11-00-де

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 15 - 18 желтоқсан күндері сағат 9.00-19.00-ге    дейін

Көрме-жәрмеңкеге кіру – ақылы.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source