авто

Переключатель языков

27.09.2019 ж. «Жібек жолына арналған көркемсурет туындыларының эстетикасы – ежелгі Чаньанның кескіндеме әлемінің квинтэссенциясы» атты көрме.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейі ҚХР Тан әулетінің ежелгі Батыс нарығының Сиань музейімен көпжылдық ынтымақтастық аясында «Тан Саньчао» майлы кескіндеме музейінің және Сианьның ежелгі астанасының кескіндеме және каллиграфия институтының қолдауымен 27 қыркүйек күні сағат 15.00-де «Жібек жолына арналған көркемсурет туындыларының эстетикасы – ежелгі Чаньанның кескіндеме әлемінің квинтэссенциясы» атты көрме ашады.

«Жібек жолына арналған көркемсурет туындыларының эстетикасы – ежелгі Чаньанның кескіндеме әлемінің квинтэссенциясы»Ұлы Жібек жолы шеңберінде Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық қарым-қатынасын жалғастырып, музей ісі саласындағы достық байланыстарды нығайта отырып, осы екі ел музейлерінің жобасы іске асырылуда.

Көрме «Аспан асты елінің» бейнелеу өнерімен таныстырады, аталмыш көрмеге Қытайдың Сиань қаласындағы танымал Тан Саньчао, Цуй Цзымо, У Чэнбинь және Чжоу Цисян суретшілердің 60-тан астам шығармалары ұсынылады. Көрме экспозициясы екі негізігі бөлімнен тұрады: бірегей майлы кескіндеме және дәстүрлі қытайлық «гохуа» кескіндемесі.

Көрменің бірінші бөлімі атақты қытай суретшісі Тан Саньчао шығармашылығына арналған, ол майлы кескіндеме техникасында орындалған 40 жұмысын көпшілік назарына ұсынады. Майлы кескіндеме стилінде шығармаларды жасау үшін бояғыштармен араласқан тез кебетін өсімдік майы (зығыр, көкнәр және жаңғақ) негізінде бояу қолданылады, бұл қанық және бай түстер, сонымен қатар көлем беру үшін мүмкіндік береді. 2018 жылы Тан Саньчао «Қытайдағы реформалар мен ашықтық саясатының басталуының 40 жылдығына орай мәдениет пен өнерге елеулі үлес қосқаны үшін» және «Батыстың 10 ұлы қайраткерлері (Жібек жолы)» жоғарғы марапатқа ие болды.

Көрменің екінші бөлімі «гохуа» дәстүрлі қытай кескіндемесіне арналған. Бұл стильдегі шығармалар қылқаламмен жасалады, оның көмегімен су, тушь, түрлі-түсті бояу жұқа жібекке немесе қағазға жағылады. «Гохуа» өзінің мазмұны мен көркемдік құндылығы тұрғысынан «Аспан мен адам бірлігінің» философиялық тұжырымдамасын көрсетеді.

Бұл бөлімде үш көрнекті каллиграфия және кескіндеме шеберлерінің жұмыстары ұсынылған:

Суретші Цуй Цзымо - ғылымға бағытталған заманауи өнер қайраткері, оның шығармаларының спектрі каллиграфия, гохуа, чжуань стиліндегі мөрлерді нақыштауды, фарфордан жасалған бұйымдарды, мүсінді, инсталляцияны, карикатураны, фотосуретті, сондай-ақ әңгіме, поэзия, проза, очерктерді және басқа да өнер салаларын қамтиды. 2012 жылы Цуй Цзымо БҰҰ-ның халықаралық білім, ғылым және фольклор өнері қауымдастығынан мәдениет және өнер саласындағы ерекше жетістіктері үшін марапатқа ие болды.

У Чэнбинь – Сиань қаласындағы Қытай кескіндеме академиясының штатты суретшісі. Сиань әдебиет, тарих және өнер академиясының «Шаньшуй» (таулар мен өзендер) шығармашылық зертханасының меңгерушісі. У Чэнбиньнің суреттерінің басым бөлігі «Таулар мен өзендер» стиліндегі шығармаларды құрайды. Оның суреттері тамаша мазмұнға толы және айқын әсері бар, сезімдік және көрнекі қабылдау тізбегін, табиғи ландшафтың сұлулығын құру.

Чжоу Цисян – Шығыс пен батыс мәдениеті әлеміне танымал адам, Қытай мүсіншілер академиясының мүшесі, оның қосымша мамандығы «гохуа» болып табылады. Суретшінің шығармалары негізінен «таулар мен өзендер», «адамдар мен заттар» стилімен ұсынылған, ол табиғат сұлулығы мен Цзинань ауылының сюжеттерін көрсетеді.

Көркем туындылар келушілерге табиғаттың сиқыры мен сұлулығын, Қытай кескіндемесінің көркем әсемдігін көріп, оларды жасаушылардың көңіл-күйі мен өнеріге деген ұмтылысын тамашалауға мүмкіндік береді. Көрме аясында Қытай суретшілерімен кездесу өтеді, олар көркем шығармаларды жасау тәжірибесімен бөліседі.

«Жібек жолына арналған көркемсурет туындыларының эстетикасы – ежелгі Чаньанның кескіндеме әлемінің квинтэссенциясы» «Жібек жолына арналған көркемсурет туындыларының эстетикасы – ежелгі Чаньанның кескіндеме әлемінің квинтэссенциясы»
«Жібек жолына арналған көркемсурет туындыларының эстетикасы – ежелгі Чаньанның кескіндеме әлемінің квинтэссенциясы» «Жібек жолына арналған көркемсурет туындыларының эстетикасы – ежелгі Чаньанның кескіндеме әлемінің квинтэссенциясы»
«Жібек жолына арналған көркемсурет туындыларының эстетикасы – ежелгі Чаньанның кескіндеме әлемінің квинтэссенциясы» «Жібек жолына арналған көркемсурет туындыларының эстетикасы – ежелгі Чаньанның кескіндеме әлемінің квинтэссенциясы»

Көрме 2019 жылдың 9 қазанына дейін жалғасады. 

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source