авто

Переключатель языков

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі COVID-19 коронавирустық жұқпасының таралуына байланысты келушілер үшін музейдің экспозициялық залдары жабық екендігін хабарлайды. Музейдің жұмыс тәртібі туралы  қосымша ақпарат музейдің ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Құрметті музей қонақтары! Мерекелік күндердегі музейдің жұмыс істеу тәртібі: 6, 7 шілде -қалыпты кесте, 8, 9 шілде – демалыс.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Как правильно варикоз лечить

04.03.2020 ж. Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған Иллюстрациялау бойынша I Республикалық байқауға қатысушыларының «БАЛАЛАРДЫҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМГЕ ДЕГЕН КӨЗҚАРАСЫ» атты көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2020 жылдың 4 наурыз күні сағат 15.00-де дизайнер-сәндеуші, оқытушы Ажар Қанатқызы Тюлеубаеваның бастамасымен «Almaty tutoring» балаларды дамыту орталығымен бірлесе отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған Иллюстрациялау бойынша I Республикалық байқауға қатысушыларының «БАЛАЛАРДЫҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМГЕ ДЕГЕН КӨЗҚАРАСЫ» атты көрмесін ашады.

«БАЛАЛАРДЫҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМГЕ ДЕГЕН КӨЗҚАРАСЫ» атты көрмесіҚазақстанда тұратын этностардың достығы мен өзара татулығын көрсететін, қазақстандық белгілі жазушы Герольд Бельгердің «Қасқыр, Чапа және басқалар» атты туындысына негізделген иллюстрациялық бірінші Республикалық байқау, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай 2019 жылы бастау алды. Байқауға жалпы білім беретін мектептердің 4-11 сынып оқушылары мен Қазақстан колледждерінің (1-2 курс) студенттері қатысты.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері – авторлық иллюстрациялар жасау, Бельгердің балаларға арналған туындыларын көпшілікке тарату, балалардың оқуға деген ынтасын арттыру, қағазға түсіру арқылы қиялды дамыту.

Байқау қорытындысын Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері, бейнелеу өнерінің оқытушылары, дизайнер-сәндеушілер, журналистер, Орталық музей өкілдерінен құрылған қазылар алқасы шығарды. Жұмыстарды іріктеу кезінде автордың шығармашылық көзқарасы, ойдың бірегейлігі, орындау техникасы, композицияның болуы, түс гаммасы, орындалу сапасы, сюжеттің ойластырылуы ескерілді. Жеңімпаздардың жұмыстары үш тілде жазылған Г.К. Бельгердің «Қасқыр, Чапа және басқалар» әңгімелер жинағына енеді.

«Almaty tutoring» балаларды дамыту орталығының «By ArT» көркемсурет студиясы тәрбиеленушілерінің әртүрлі техникаларда орындалған 300 жұмыстан тұратын картиналары «БАЛАЛАРДЫҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМГЕ ДЕГЕН КӨЗҚАРАСЫ» атты көрмесінің экспозициясында ұсынылған.

Келушілер іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының көмегімен жазушы, аудармашы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының  лауреаты, түрлі тілдерден аударылған 1800 астам аудармалардың, сондай-ақ 50-ден астам кітаптың авторы, қазақ, неміс және орыс тілдерін жетік меңгерген, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Герольд Карлович Бельгер (1934-2015 жж.) туралы деректермен таныса алады.

Іс-шараның ашылуына педагог Бельгердің жары Раиса Закировна Хисматуллина қатысады.    

Көрме 2020 жылдың 16 наурызына дейін жалғасады.

12.02.2020 ж. Нұразхан Еркін Ибрагимұлының «Шарайна» атты жеке көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 2020 жылдың 12 ақпан күні, сағат 15.00-де елімізге танымал карикатурашы-суретші, ҚР мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер, Журналистер, Жазушылар одақтарының мүшесі Нұразхан  Еркін  Ибрагимұлының «Шарайна» атты жеке көрмесін ашады.

Нұразхан  Еркін  Ибрагимұлының «Шарайна» атты жеке көрмесіЕркін Нұразхан – қазақ бейнелеу өнерінде карикатура, шарж (достық әзілді портрет) жанрының қалыптасып, дамуына өзіндік қолтаңбасын қосқан, бүгінде осы бағыттың көшбасшысы саналатын танымал суретші.

Суретші-карикатурашы 1982 жылдан бастап әдебиет, өнер және қоғам қайраткерлерінің әзіл портреттер галереясын жасап келеді. Ол еліміз тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси өміріміздегі келеңсіз құбылыстарды сынға алған сатиралық суреттер топтамасын дүниеге әкелді. Сондай-ақ, оқырмандарға өзекті мәселелерді көтерген мақалалары және деректі дүниелерімен танылған қаламгер.

Суретшінің тақырыптары әр алуан, бейнелеген кейіпкерлері сан қырлы мінез-құлықты болса, сурет салудағы техникасы тым қарапайым. Негізінен қағаз, қаламұш, тушь, акварель бояуы, гельді қалам, түсті қарындаштарды қолданады.

Карикатурашыны шығармашылыққа жетелеген – өмірдің өзі. Ол қоғам мен адам, саясат пен заман кеңістігінде қайшыласқан мүдделер майданы мен керағар көзқарастарды жіті бақылап, ақ-қарасын анықтап, ішке жиған-түйгенін ел назарына ұсынады. Көрерменін бей-жай қалдырмай қоғам мен заманның кілтипанын табуға үндеп, сол процестерге қатысуға, ой түюге, әркімді өз ұстанымын анықтап алуға шақырады. Осыдан келе  суретшінің азаматтық позициясы анықтала түседі. Ол әділдік пен адалдық, шындық пен ақиқат жағында болып, халықтың мұң-мұқтажын жеткізіп, өмірдегі өзгерістерге солардың тұрғысынан қарап, бағасын бере алса - нағыз халықшыл суретші, өз елінің патриоты болғаны. «Шарайна» көрмесі соның дәлелі. Көрмеге келушілер суретші-карикатурашының шыншыл да айқын сырларға толы дүниетанымымен табысады. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің дамуына кедергі келтірер керітартпа күштерді келекелеп көз алдымызға әкеледі. Өз көрерменін бейғам да немқұрайлы жүрмей, ел мен жер үшін белсенді күрескер болуға шақырады.

Карикатура – ащы айтылған сын. Дегенмен, Еркін Ибрагимұлы ащы шындықты астарлап, туындыларында образдар арқылы ой тудырып, болмысымыздың күнгейі мен көлеңкесін көрсете білген. Суретші «Күлкінің ар жағында мазақ емес – мазасыздану, жазғыру емес – жан ашу жатқанын жұрт түсінсе дейді. «Құлағанды тұрғызу, қирағанды бүтіндеу, жылағанды жұбату, керенауды ояту, мұңайғанды езу тартқызу – сатиралық суреттердің абзал борышы болып қала бермек»,- дейді суретші.

Көрмеге автордың 200-ден астам жұмыстары қойылады. Сонымен қатар суретші Орталық музей қорына 300-ден астам туындысын сыйға тартпақшы.

Көрме 2020 жылдың 2 наурызына дейін жалғасады.

11.12.2019 ж. «Алтын Орда – қазақ мемлекеттілігінің бесігі» атты көрмесі

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1269 жылы Талас құрылтайында дербестігі толық мойындалған Алтын Орда империясының 750 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы мәлімдемесіне орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 2019 жылдың 11 желтоқсанында сағат 15.00 өмірді сақтандыру бойынша ең ірі компаниясы «Nоmаd Life» АҚ қолдауымен музей қорынан «Алтын Орда – қазақ мемлекеттілігінің бесігі» көрмесін ашады. Президент өз мәлімдемесінде біздің еліміздің бай мәдени мұрасын дәріптеудің маңыздылығына тоқталып, киелі нысандардың қазақстандықтар мен шетелдік туристерді тарту орталығына айналуына басымдылық берді.

 «Алтын Орда – қазақ мемлекеттілігінің бесігі»Көрменің мақсаты: Орталық музейдің қорындағы XIII-XIV ғғ. тән 300 жуық артефакті – бірегей коллекция негізінде музейге келушілерді Алтын Орда кезеңінің мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен таныстыру. Көрменің ерекшелігі Алматы облысы, Шеңгелді ауылы маңындағы қабірден табылған артефактілер – XIII-XIVғғ. Шағатай әулеті шенділерінің бірі – сарбаздың жібектен тігілген сәнді киімінің фрагменттері алғаш рет келушілерге көрсетіледі.

Экспозиция материалы бес ақпараттық кешенге жіктелген:

«XIII-XIVғғ. сарбаздың киімі, қару-жарағы» бөлімінде белдік әшекейлері, қару-жарақ, жебе ұштықтары, семсер, қылшан және т.б. артефактілер ұсынылды. Алматы облысы, Шеңгелді ауылы маңындағы қабірден табылған, кезінде археолог Ә.К. Ақышев зерттеген құндылық – XIII-XIVғғ. жібектен тігілген сәнді киімінің фрагменттері осы бөлімдегі аса мәнді дерек.

«XIII-XIVғғ. Қазақстан аумағындағы алтынордалық қалалар» бөлімінде XIII-XIV ғғ. Сарайшық, Отырар, Құйрықтөбе және т.б. қала, қалашықтардан табылған археологиялық артефактілер ұсынылды.

«Ұлы Жібек жолы. Сауда. Импорт бұйымдары. Монеталар» бөлімінде Қазақстанның алтынордалық қалаларынан табылған импорт бұйымдары, сонымен қатар Сарайшық қалашығынан табылған Жошы ұлысының және XIII-XIV ғғ. өзге мемлекеттердің 25 монета сарайының өнімі – күміс, мыс монеталар көз тартады.

«Діндер: тәңірлік, ислам, несториандық, зороастризм, буддизм» бөлімінде  несториандық құлпытастар, икона т.б. деректермен танысуға болады.

«XIII-XIVғғ. Мінәжатттық діни ғимараттар сәулеті» экспозициялық бөлімінде Сарайшық, т. б. қалашықтар ғимараттарының фрагменттері, Жошы хан, Алаша хан, Болған ана мазары, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сынды сәулет өнері ескерткіштерінің макеттері қойылды.

Көрме ғалымдар, археологтар, тарихшылар, оқу орындарының ұстаздары, студенттер, оқушылар көңілінен шығады деген сенім білдіреміз. Көрме ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады.

19.12.2019 ж. Күляш пен Жанна Тюребаевалардың «Біздің балалық шағымыздағы түс» атты отбасылық көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2019 жылдың 19 желтоқсан күні сағат 15.00-де Күляш пен Жанна Тюребаевалардың «Біздің балалық шағымыздағы түс» атты отбасылық көрмесі ашылады.

«Біздің балалық шағымыздағы түс»Күляш - суретші-график, иллюстратор, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Сәулет және Дизайн» кафедрасының оқытушысы. Күляш Ресей, Оренбург облысы, Орск қаласында туылған. Бала кезінен бастап Алматыда тұрады. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркем-графикалық өнер факультетін, С.Г. Строганов атындағы Мәскеу мемлекеттік көркем-өнеркәсіп академиясын (Строганов атындағы МГХПУ) бітірген. Бейнелеу өнерінің классиктерінде, оның ішінде Республиканың ең ірі кестесі В.И. Антощенко-Оленев сияқты шеберлерде оқыды.

Көрмеге әртүрлі стильдер мен жанрларда орындалған суретшінің жұмыстары қойылды. Күляш шығармашылығында этнографиялық сипаттағы «Әже айтты», «Үлкен әже», «Наурыз. Қонақта» суреттер сериясы ерекше орын алады. Оның жұмыстары «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған конкурстық шығармалар» (ҚР Суретшілер Одағы) және «Мерейтой палитрасы» каталогына енгізілген (Алматы, 2019 ж.). Күляш шығармашылығы әртүрлі: ол қабырғаларды суреттеу және витраждар жасау бойынша тапсырыстарды орындайды, ұлттық кәдесыйларды әзірлеумен және шығарумен айналысады, авторлық куәлігі бар. Күляш сондай-ақ қазіргі заманғы және өте танымал сурет түрі бойынша шеберлік-сабақтар өткізеді (маркерлер, акварель, пастель).

Көрме Тюребаева Күляштың қызы Жаннаның шығармашылығымен де таныстырады. Балалық шағынан ол шығармашылық ортада өсті. Жанна Төребаеваның тамаша және нәзік көркем талғамын көру қабілеті анасы Күляштан берілді. Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Графикалық дизайн» факультетінде білім алған, өзінің еңбек жолын ҚазБСҚА-да «сәулет өнері» факультетінде ассистент-профессор ретінде бастады кейін ҚазҰТУ-дд «Сәулет және дизайн» факультетінде оқытушы болып жұмыс істеді, сондай-ақ «Арапованың Дизайн-студиясында» жеке сабақтар жүргізді. Қазіргі уақытта Түркияда тұрады, кескіндеме, графикада өзін көрсетеді, сондай-ақ витраж және қабырғаға сурет салумен айналысады.

Жанна қалалық, республикалық және халықаралық көрмелердің қатысушысы болып табылады («Қала мен дала», «Жігер» сондай-ақ «Dort mevsimler» Түркия (Мармарис) және т.б.). Суретшілер Күляш пен Жанна Тюребаевалардың жұмыстары Қазақстан, Ресей, Түркия, Израиль және АҚШ-тың жеке коллекцияларында орналасқан. Көрмеге қойылған туындылар суретшілердің шығармашылық әлемін көрсетеді.

Көрме 2020 жылдың 8 қаңтарына дейін жалғасады.

09.12.2019 ж. Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойына орай «Құрбан болған тұлғалар» атты көрмеcі

«Құрбан болған тұлғалар» атты көрме2019 жылдың 9 желтоқсанында сағат 15.00 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қазақ халқының Үш бәйтерегі, сталиндік зобалаңның құрбандары, артына өшпес рухани мұра қалдырған қазақтың ақиық ақыны, қоғам қайраткері – Ілияс Жансүгіров, жалынды ақын, жазушы, дарынды драматург Сәкен Сейфуллин мен ауызша әңгіменің хас шебері, сатрик-жазушы Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойына орай «Құрбан болған тұлғалар» атты көрме ашады.

Тарихи деректерге сүйенсек, 1930-1953 жылдар аралығында 40 миллионнан астам Кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Осы кезеңде қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар зиялы қауым өкілдері ұшыраған. Бар өмірін қазақ халқының руханиятына арнаған тұлғалардың 125 жылдығына арналған іс-шаралар ел көлемінде кешенді қолға алынуда. Осыған орай Орталық музейде ұйымдастырылып отырған көрменің негізгі мақсаты – 30-40 жылдары құрбан болған зиялы қауымның азаматтық тұлғасымен таныстыру, өзге де дара тұстарын өскелең ұрпаққа насихаттау.

Көрмеге Орталық музей қорындағы І.Жансүгіровтың, С.Сейфуллин, Б.Майлиннің жеке кешендеріндері, сонымен қатар замандастары – Т.Рысқұлов, С.Қожановтың мұрағаттан алынған материалдары қойылады. Сондай-ақ келушілер назарына сол жылдардағы зиялы қауымның жұмыс кабинетінің көрінісі мен С.Сейфуллиннің жеке мөрі, алтын сағаты, портсигары, сакваяжы және т.б. заттары ұсынылады.  

Көрме ҚР Президентінің архиві, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты және «Ғылым Ордасы» Орталық ғылыми кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Көрме 2020 жылдың 9 қаңтарына дейін жалғасады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source