авто

Переключатель языков

20.02.2019 ж. «Қазақстанның табиғат әлемі» атты іс-шарасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі Алматы қаласының оқу орындарымен бірлесе отырып, Елбасы Жолдауы мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында – еліміздің тарихи-мәдени мұрасын насихаттау мақсатында түрлі оқу бағдарламалар өткізуде.

«Қазақстанның табиғат әлемі» атты іс-шарасыСоған орай, музей 2019 жылдың 20 ақпан күні сағат 14.00-де Тамос Эдьюкейшн физика-математика мектебімен бірлесіп «Қазақстанның табиғат әлемі» атты іс-шара өткізеді. Балалар шығармашылығына арналған көрме бағдарламасында:

-  Мектеп оқушыларының «Қазақстанның жануарлар әлемі» тақырыбына салған суреттері қойылады;

-  Жер бетіндегі тіршіліктің даму эволюциясы мен Қазақстан аумағын паналаған жануарлар, тас, қола және темір дәуірінде өмір сүрген ежелгі адамдар туралы сыр шертетін палеонтология және археология бөлімдері бойынша тақырыптық сабақтар өткізіледі.

«Қазақстанның табиғат әлемі» атты іс-шара бойынша, музей педагогтары арнайы квест ойындарын әзірледі. Бұл ойында балалар берілген суреттер бойынша экспозициядан аңдар мен құстардың дұрыс атауларын жылдам табуы тиіс.

Іс-шара соңында жеңімпаз балалар музейдің атынан Дипломдармен марапатталады.

Балалар көрмесі 2019 жылдың 28 ақпанына дейін жалғасады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source