авто

Переключатель языков

29.09.2018 ж. «Отбасымен музейге!» фестивалі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «АБДИ» Компаниясымен бірлесе отырып «Отбасы күніне» орай «Отбасымен музейге!» фестивалін өткізді.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Отбасымен музейге!» фестивалінің негізгі мақсаты – отбасындағы рухани, мәдени құндылықтарды сақтау, жас ұрпақ тәрбиесін қалыптастыру және отбасы институтын нығайту.

Аталмыш мерекелік шара бағдарламасында: викториналық сұрақтар, байқаулар, шеберлік-сағаттар, музей мамандарының ел тарихы, мәдениеті туралы тақырыптық сабақтары мен экскурсиялары жүргізіледі. «Отбасымен музейге!» фестиваліне балалар клубы, шығармашылық академиялар, білім беру орталықтары, бейнелеу студиялары, суретшілер, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері, музыкалық ұжымдар және т.б. белсенді атсалысты.

Фестивальдің концерттік бағдарламасын ҚР Халық әртісі, КСРО Композиторлар Одағының мүшесі Мұрат Серкебаевтың басшылығымен, Қазақстанға ғана емес сондай-ақ, көрші елдерге танымал «Алматы қаласы Әкімінің концерттік оркестрі» ашты. Концертте қазақтың ұлы композиторлары – Құрманғазы, Жаяу Мұсаның атақты классикалық туындылары, опера және балет театры әуендерінің үзінділері орындалды. Концертке Дәрібаевтар отбасы ансамблі, «TRIBAL PRO» этноұжымы (көркемдік жетекші Елена Ким), «Айбын» балалар би ұжымы (көркемдік жетекші А. Құмарова), Гук отбасылық ұжымы шақырылды.

Выступает «Концертный оркестр Акима г. Алматы» под управлением М. Серкебаева Выступает ансамбль семьи Дарибаевых

Бұл күні Музейде: «Қазақстанның флора және фаунасы» (музейдің қор коллекциясынан); «Жанданған мұра» (музей қорындағы қайта қалпына келтірілген экспонаттар); «Орталық Азия келбеті» (суретші Гюзель Закированың туындылары) атты көрмелер болды. Отбасылық сәттер мен балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында музейде 29 қыркүйек пен 10 қазан аралығында «Менің отбасым, менің Алматым» атты көрме жұмыс істейді. Көрмеге қаламыздың 24 балалар бейнелеу студиялары, шеберханалар, бейнелеу мектептері мен өнер мектептерінің жұмыстары қойылды. Атап айтсақ, М. Гречкина («Жаухар-Шедевр» бейнелеу мектебі); Е. Попова, О. Коломыцева, Н. Резникова, А. Миргородская, А. Сербенко, Н. Трофимова, Е. Подлубная («Ұмай» балалар көркемөнер мектебі); Д. Гаитова, А. Сатыбалдина («In ART» шығармашылық бейнелеу және кескіндеме студиясы); А. Тюлеубаева («By ART» шеберханасы); Л. Саванькина («Подснежник» және «Вдохновение» Туран мектеп-лицейі студиясы); Л. Дроздова, И. Гущин («АРТ-Мастерская» Лидия Дроздованың шеберханасы); Г. Кабижанова («Palitra-izo» шығармашылық студиясы); Л. Логвинова («Веселая ромашка»); Д. Мертенова, И. Соколова, С. Ибраева («Творим вместе» жобасы, «Ты – художник» шеберханасы); М. Гришина, М. Абдуллаев (№83 мектеп-гимназиясы); Н. Приходченко (Алматы қ. Халықаралық мектебі, Н. Назарбаев білім беру қоры); А. Кобрина («МАРТ» Арт-студиясы, №5 мектеп-гимназиясы); Е. Исакова, К. Корнюшина («Да Винчи»); Ю. Яковлева «Божья коровка»; А. Астахова («INDIGO»); Н. Нарынлва «Present group», «Simpli art studio»; И. Киянова «БЭСТ» көркемөнер мектебі; Н. Кухаренко («Самоцветы», «ГУОШ №55»), мектеп-интернаты, Т. Жүргенов ат. Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжі.

На выставке "Флора и фауна Казахстана"  Выставка работ руководителей и педагогов детских изостудий

Фестиваль аясында барлық келушілер арасында ел, қала тарихы туралы викториналық ойындар мен байқаулар ойнатылады: «Бұл не, ол қайда?» слайд-викторинасы, «Алтын ұям – отбасым» атты жеке тапсырмалары бар байқаулар: «Музей гүлі құлпырғанда», «Шығыс аруы», «Біз – музейсүйер отбасымыз», «Біздің отбасымыздың ерекшеліктері», «Мейрамдардың түрі көп. Мен бастауындамын...», «Мені түсін». Бұл ойындарға қаламыздың жалпы білім беру мектептерінен келген оқушылар белсенді атсалысты. Медеу, Алмалы, Алатау аудандарына қарасты №4, №175, №96, №11, №58, №17 мектеп-гимназиялары барлық тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындап тарихқа, ұлттық құндылықтарға деген құрметтерінің жоғары екендігін көрсете алды.

Музей педагогтарының дайындаған сұрақтары қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне, салт-дәстүріне, әдебиет пен өнерге арналды. Мұндай бағдарлама арқылы жас ұрпақтың санасында ұлтқа деген сүйіспеншілік қасиеттерін ояту мақсат етілді.

Музейге келушілерге тегін экскурсиялар жүргізілді. «Неге ол қызықты?», «Е. Сидоркин шығармашылығының тарихы мен кереметтілігі» («Арт-группа Апрель» өнер мектеп-студиясынан лектор, Наталья Ковтун); аса қызығушылық танытатын тематикалық тапсырмалар: «Қазақстанның Қызыл Кітап беттерінен», «Ортағасырлық керамиканың бейнелік декорына жаңа көзқарас», «Бүгінгі күн – ертеңгі тарих» және тарихи квестер: «Археология және полеонтологияға саяхат», археология, палеонтология және этнография бойынша белгілі бір тапсырмалар орындалатын «Апамның сандығындағы тарихи заттар» жобасы. Экскурсия жүргізушілері № 175 және № 72 мектеп оқушыларына “Киіз үй - қазақтардың дәстүрлі баспанасы және “Қазақтың зергерлік бұйымдары” атты тақырыптарда музейлік сабақтар жүргізді. Сабақ барысында олар қазақтардың дәстүрлі мәдениеті және зергерлік өнерімен танысып қана қоймай, сонымен қатар, әшекей бұйымдардың өз дизайндарының суретін салды.

pic-family-museum3 "По страницам "Красной книги"
Музейный урок  «Казахские ювелирные украшения» Экскурсия «Изобразительный декор средневековой керамики глазами современников»

Саяхатты жақсы көретін отбасылар паспорт алып, музейдің экспозициялық залдарын аралап, арнайы ұйымдастырылған «Қазақстан тарихы лабиринті» ойынын ойнап, музейдің естелік сыйлықтарын алды.

Фестивальда «By ART» (жет. А. Төлеубаева) «Матаға жазу салу» перфомансын өткізді. Оған «Менің отбасым, менің қалам – Алматы» көрмесінің авторлары: суретші-ұстаздар қатысты.

Мастер-класс по гончарному искусствуБұл іс-шараға келген барлық келушілер үшін, қөлөнер түрлері бойынша Қазақстанның белгілі қолөнер шеберлерінен шеберлік сабақтары өтті. Сондай-ақ, О. Таңсықбаев атындағы Алматы қалалық сәндік-қолданбалы өнер колледжі студенттері мен оқытушылары: шығармашылық академия және балалар клубы; Мария Кураждан декупаж; Ирина Виноградовадан зергерлік бұйымдар; Яна Коваленкодан ағаш өңдеу; Алматы қ. Жапондық Ичиков Үйінен жапон тілінің ерекшеліктері, каллиграфиясы, тэмари техникасы туралы; Ирина Ибадильдинадан әйнек өңдеу техникасы «фьюзинг»; Azhar_Jewelry сауда белгісінен тоқыма әдістері, киізден «Лукоморья», қыш өнері бойынша «Яблока»; И. Голотовская мен Л. Дузеновадан әшекей бұйымдары мен тоқыма өнері, Б. Фатина және О. Кокасенкодан авторлық қыш бұйымдары және т.б.          

Музей қонақтарын шеберлік сабақтарымен кішкентай шеберлер таңқалдырады: шебер Есалы Айбибі (6 жас), авторлық 45 қуыршаққа арналған киім ұсынған дизайнер Миргородский Артем (11 жас) - қыштан сувенирлер жасау тәсілін ұсынатын шеберлік сабағы.

Арнайы фестиваль үшін, «Aрт-группа Апрель» (көркемдік жетекші Н. Ковтун) «Жасырын сурет» атты интерактивті бағдарламасын әзірледі, «Аll in dance» (көркемдік жетекші А. Әлібек) студиясы балалар мен ата-аналарға билеу өнерін үйретті, «Qazaq animators» аниматорлары және «Мако-Чипполина» орталығы музейдің кішкентай бүлдіршіндерін ойнатты.

Доктор медицинских и педагогических наук С. Габбасов передает в дар музею личные вещиБұл күні музей қонақтарына түрлі кеңестер берілді: психолог Алия Четин, психолог астролог Елена Ежкова; сондай-ақ, білім беру орындары, балаларға арналған интеллектуалдық, шығармашылық орталықтар: «Арт-группа Апрель» өнер мектеп студиясы, «Advance» интеллектуалды дамыту орталығы, «Прогресс-С» ЖШС, «Радость» дамыту орталығы.

Музейде фестиваль аясында екі түрлі акция болды – «Отбасылық жәдігерді музейге сыйла» және «Отбасыма және үйіме!». Бұл акцияда әртүрлі компаниялардың өнімдері ұсынылды.  

Іс-шараның өтуіне қолдау көрсеткен серіктестер: «Бақыт» Сәндік-қолданбалы өнер орталығы, «Welldis» ЖШС, «Lemonadoff Food» ЖШС, «Аllo Pizza» ЖШС, «Гаваий» Аквапаркі.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source