авто

Переключатель языков

Құрметті музей қонақтары! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі 2019 жылдың 22 шілдесінде басталатын ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 3-ші экспозициялық залдың («Диаспоралар мәдениеті» және «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан») уақытша жабылуы жайлы хабардар етеді.

Құрметті музей қонақтары! Мерекелік күндердегі музейдің жұмыс істеу тәртібі: 6, 7 шілде -қалыпты кесте, 8, 9 шілде – демалыс.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Бос орындар

ҚР Мемлекеттік Орталық музейі келесі бос орындарға конкурс жариялайды:

1. Ғалым - хатшы;

Біліктілікке қойылатын талаптар: Ғылым докторы немесе ғылым кандидатының ғылыми дәрежесі. Ғылыми еңбегінің болуы. Ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыстардағы тәжірибесі 5 жылдан кем емес. Ғылыми хатшының лауазымына ғылыми дәрежесі жоқ, білімнің тиісті саласындағы біліктілігі жоғары, аталған жұмыс тәжірибесіне ие мамандар 3 жылға дейінгі мерзімге тағайындалуы мүмкін.

2. Аға ғылыми қызметкер (Қазақстан тарихын зерттеу бөліміне, археология бөліміне);

Біліктілікке қойылатын талаптар: - Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және тиісті мамандығы бойынша кемінде мамандығына сәйкес 10 жыл жұмыс тәжірибесі, өнертабыстағы ғылыми еңбектерінің немесе жаңалық ашуға авторлық авторлық куәлік қағаздарының бар болуы. Ғылыми дәрежесі болған жағдайда - стажына талап қойылмайды.

3. Ғылыми қызметкер (Қазақстан тарихын зерттеу бөліміне, антропология және этнология бөліміне, музейлік деректану және қолжазба бөліміне);

Біліктілікке қойылатын талаптар: - тиісті мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім және мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде мамандығына сәйкес 5 жыл еңбек өтілі, өнер табыс пен ғылыми еңбектерге авторлық куәлік қағаздарының бар болуы. Ғылыми дәрежесі болған жағдайда - стажына талап қойылмайды.

4. Қор сақтаушы маман (Қор сақтау бөліміне);

- Жоғары деңгейдегі қор сақтаушы маманының біліктілігіне қойылатын талаптар: -

“өнер” немесе “гуманитарлық ғылымдар” мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі I санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

- II деңгейдегі қор сақтаушы маманының біліктілігіне қойылатын талаптар: - “өнер” немесе “гуманитарлық ғылымдар” мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

5. Суретші-дизайнер маман (көрме және экспозицияларды ұйымдастыру бөліміне);

Деңгейсіз суретші дизайнер маманының біліктілігіне қойылатын талаптар -

“өнер” мамандықтар тобы   бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;  

6. Кітапханашы маман (ғылыми кітапханаға);

Біліктілікке қойылатын талаптар: - тиісті мамандық бойынша жоғары арнайы білімі немесе педагогикалық білімі, мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде мамандығына сәйкес 3 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.

7. Суретші-фотограф маман; (ақпарат бөліміне);

Біліктілікке қойылатын талаптар (жоғары санаттағы): - “өнер және мәдениет” мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және біліктілігі орта деңгейлі I санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

8. Экскурсия-жүргізуші маман (экскурсия ұйымдастыру және экскурсиялық қызмет қөрсету бөліміне);

Біліктілікке қойылатын талаптар (санаты жоқ): - , “өнер”, “гуманитарлық ғылымдар”, “әлеуметтік ғылымдар ”, “шетел-тілдері” мамандықтары   бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

9. Әдістемеші маман; (мәдени-білім жұмысы бөліміне);

Біліктілікке қойылатын талаптар: - “мәдени және өнер”, “гуманитарлық ғылымдар”, “әлеуметтік ғылымдар ”, мамандықтары   бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

10. Инженер маман (пневмо-насостық қондырғылар және сантехникалық қызмет бөліміне);

Біліктілікке қойылатын талаптар(орта санатты): - тиісті мамандық бойынша жоғары білімі және кемінде жұмыс стажы 1 жыл болуы тиіс немесе тиісті мамандық бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және кемінде жұмыс стажы 3 жыл болуы тиіс.

Конкурсқа қатысушы азаматтардың құжаттары 2019 жылдың 01-16 тамыз аралығында қабылданады.

байланыс телефондары: (727) 264-56-72

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source