авто

Переключатель языков

17.03.2019 ж. М.Әуезов театрында өткен Наурыз мейрамы

Қазіргі заманда қайта жанданған Наурыз мерекесі бүгінгі өмір тынысымен де біте қайнасып, қоғамдағы тұрақтылық пен келісім, өзара сыйластықты нығайтуда маңызды рөл атқаруда. Бұл көктемгі мереке ізгілік пен сүйіспеншілік салтанат құратын, табиғатқа жан бітетін, барша жақсылық бастамасы, мейірімділік, махаббат пен құнарлылықтың жарқын күштерінің салтанатын бейнелейді.

2019 жылдың 17 наурыз күні Алматы қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлы Дала елінің ұлы мейрамы Ұлыстың ұлы күні «Наурыз мейрамы» өткізілді. Аталмыш іс-шараға ҚР Мемлекеттік орталық музейі өз үлесін қосты. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының орталық алаңына қазақ мәдениетінің бірегей символы саналатын – киіз үйдің бір бөлігі орналастырылды. Киіз үйдің ішіне қазақтардың өзіндік мәдени дәстүрлерін айшықты түрде түсінуге мүмкіндік беретін бірегей экспонаттар қойылды. Қала тұрғындары мен қонақтарды, өскелең ұрпақты мұндай мәдени құндылықтармен таныстыру, салт-дәстүрімізді дәріптеу біздің басты міндетіміз деп білеміз.

М.Әуезов театрында өткен Наурыз мейрамы М.Әуезов театрында өткен Наурыз мейрамы
М.Әуезов театрында өткен Наурыз мейрамы М.Әуезов театрында өткен Наурыз мейрамы

 

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source