авто

Переключатель языков

ҚР Мемлекеттік орталық музейі гуманитарлық ғылымдар зерттеушілерін Музей еңбектерінің кезекті басылымына қатысуға шақырады

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі өзінің кезекті Еңбектерінің басылымын жариялауға дайындық жүргізуде. Осы мақсатта тарихшы, этнограф, музейтанушы, мәдениеттанушы, өнертанушы ғалымдарды ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырады.

Мақаланы техникалық ресімдеу талаптары:

  1. Көлемі – екі баспа бетке дейін.
  2. Мақалаға аңдатпа (0,5 беттен артық емес) және кілт сөздер (7 сөзге дейін) беріледі.
  3. Мақала соңында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде резюме беріледі (мақала қай тілде жазылғанына байланысты)
  4. Формат: А4. Жиектері: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см, оң жақ – 1,5 см, сол жақ – 3 см.
  5. Мәтін шрифті: Times New Roman, KZ Times New Roman, 12 кегль. Мәтінаралық қашықтық – 1,0 пт.
  6. Қызыл жол: 1,0; автоматты түрде қойылады.
  7. Бірінші жолда – автордың аты-жөні, тегі (кіші әріптермен, қалың шрифтпен, оң жағынан түзетіледі).
  8. Бір жол төмен орта тұстан, бас әріптермен баяндаманың атауы (қалың шрифтпен) жазылады.
  9. Одан төмен автордың атқаратын қызметі мен ол қызмет ететін мекеме атауы толық берілуі тиіс.
  10. Бір жол жіберілген соң қызыл жолдан мақала мәтіні беріледі (жан-жағынан түзетіледі)
  11. Мәтінде кездесетін ғасырлар рим цифрымен, жылдар араб цифрымен, тырнақша – «» белгімен көрсетілуі керек.
  12. Әдебиеттер (және дереккөздер) тізімі мақалада көрсетілу ретіне қарай мақала соңында орналастырылады. Жарияланымның библиографиялық сипаттамасында әдебиет жайлы барлық мәлімет берілуі тиіс. Мәтіндегі сілтеме әдебиеттер тізіміндегі нөмірімен сәйкес бетін қоса (қажет тұсында қанатты сөздер және т.б.) көрсете отырып, тік бұрышты жақшамен ұсынылады. Мысалы: [6, 2 б.].    
  13. Кестелер, сызбалар, суреттердің атаулары болуы және Windows-та терілуі керек. Барлық суреттер мен фотосуреттер сапалы және аясы 300 dpi-дан кем болмауы тиіс. Олар мақалаға jpeg форматында салынады.
  14. Беттер нөмірленбейді.

Мақалалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады. Мерзімі – 2018 жылдың 1 қазанына дейін.

Мақалаларды жинақтың редакция ұжымы іріктейді.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source