Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ҚР Мемлекеттік орталық музейі мен Варшаваның Ұлттық этнографиялық музейі ынтымақтастық Меморандумына қол қойды
ҚР Мемлекеттік орталық музейі халықарылық ынтымақтастық шеңберінде, Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы мәдени байланыстарды нығайту мақсатында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей директорының орынбасары Бибігүл Дандығараева және Варшаваның Ұлттық этнографиялық музейінің директоры Адам Чижевский музей ісі, тәжірибе алмасу, ғылыми және мәдени-біліми жобаларды жүзеге асыру мақсатында ынтымақтастық Меморандумына қол қойды.
Ынтымақтастықтың және бекітілген Меморандум нәтижесінде 2021 жылы Варшава қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей қор коллекциясының «Ұлы даланың тарихи-мәдени келбеті» атты көрме өтеді. Көрме Польша Республикасы жұртшылығын Қазақстанның тарихы және ерте көшпелілердің дәстүрі, сондай-ақ қазақтардың тарихы және мәдениетінің бай этнографиялық коллекциясымен таныстырады.
Көрме Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылады.