авто

Переключатель языков

23.11.2018 ж. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың «Бақытыма сенемін» атты көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Қазақстанның мүгедектері күніне орай, «KS – production»  продюсерлік орталығы және «Қайырымды Істер Өлкесі» Қазақстан мүгедектері қайырымдылық ҚҚ-мен бірлесіп 2018 жылдың 23 қараша күні сағат 11.00-де мүмкіндіктері шектеулі балалардың «Бақытыма сенемін» атты көрмесін ашады.  

Қазақстан Республикасында әр жылдың 9 қазанында мүгедектер күні аталып өтіледі. Бұл күні мүмкіндіктері шектеулі адамдардың келелі мәселелері көпшілік назарынан тыс қалып қалмауы үшін арнайы шаралар ұйымдастырылады.

Шара мақсаты – мұқтаж жандардың қордаланған мәселелеріне халық назарын аударту, оларға әлеуметтік, психологиялық және медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру және қоғамда жалпы қабылданған стереотиптерді бұзу, мүмкіндігі шектеулі балалар да өз талабы мен мүмкіндіктері бар балалар екенін көрсету. Физикалық даму ерекшеліктеріне қарамастан, олар талантты және креативті, спортта және шығармашылықта өздерін толық көрсете алады, тіпті кейде өз қатарластарын басып озады да. Балалар кесте тігеді, сурет салады, тоқыма тоқиды, мүсіндер жасайды және т.б. Бұл өз кезегінде өзін-өзі жетілдірудің ешбір шегінің жоқтығын дәлелдейді: «Мүмкіндіктер – шектеулі, қабілет - шексіз».

Акция осы балаларға аяушылық білдіру мақсатында емес, керісінше олардың да қоғамның бір мүшелері екенін еске салу мақсатында өткізіледі. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі адамдарға әлеуметтік қорғау мен көмек қолы қажет екендігін де ұмытпаған жөн.

Аталмыш шара мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты өмірге бейімдеуге бағытталған. Негізгі топ ретінде Алматы қаласындағы түрлі сырқатты 80 мүгедек бала шақырылды.

Осы іс-шара аясында концерттік бағдарламада: Жанна Орынбасарова, Айжан Нұрмағамбетова, Джамиля Серкебаева, Венера Нигматулина, Антон Митнев, Нина Жмеренецкая, Парвиз Назаров, Аида Аюпова, музей бойынша экскурсия, сыйлықтар тапсыру, сондай-ақ акция қатысушылары мен шақырылған балалардың қолдан жасалған бұйымдары көрмесі өткізіледі.

Көрмеде 10-16 жас аралығындағы балалардың әртүрлі техникада орындалған: ағашты ою, мүсіндеу, кесте тігу, бисермен және ілмек бізбен тоқу, дәндерден аппликация және т.б. таңғажайып жұмыстары ұсынылмақ. Әр баланың көрмеге атсалыса қатысуы оның мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі.

Іс шараға қолдау көрсеткендер: «ZUGO HOME TEXTILE», «Бостан» ЖШС, «AMIRAN» ЖШС, ТОО «Lemonadoff Food», «Ақсайнан» ЖШС.

Көрме 2018 жылдың 30 қарашасына дейін жалғасады

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source