авто

Переключатель языков

«Музей өздеріңмен бірге» қайырымдылық акциясы

«Музей өздеріңмен бірге» қайырымдылық акциясы ҚР Мемлекеттік орталық музейі 20 жыл бойы жыл сайын түрлі дамуында ақауы бар және мүмкіндігі шектеулі тұрақты медициналық емделуде, түрлі аурулары және мүгедектігі бар балаларға, сондай-ақ жетім балалар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған қайырымдылық акцияларын жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп келеді.

Бұл акция музей үшін балаларға қуаныш сыйлайтын жақсы дәстүрге айналды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, мүмкіндігі шектеулі балаларды назардан тыс қалдырмады және Жаңа 2021 жыл қарсаңында осы санаттағы балалар мен әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға материалдық және моральдық қолдау көрсету және сол арқылы олар үшін мереке ұйымдастыру мақсатында «Музей өздеріңмен бірге» қайырымдылық акциясын өткізеді.

Акция аясында музей қызметкерлері балаларға арналған сыйлықтарын үйлеріне барып табыс етеді. Бұл қайырымдылық акциясы интернеттің әлеуметтік желілерінде орналастырылады.

ҚР Орталық музейі және серіктестер мен демеушілердің қолдауымен ұйымдастырылған «Музей өздеріңмен бірге» қайырымдылық акциясы биыл мүмкіндігі шектеулі балалар үшін тосын сый болады. Бұл акция бақыт пен қуаныш әкеледі деп үміттенеміз, өйткені Жаңа жыл - бұл нағыз ертегі, жақын достарымен және туыстарымен кездесу уақыты.

 2020 жылы қайырымдылық акцияға қолдау көсеткендер: Алматы қаласындағы ҚХР Бас Консулдығы, «Бостан» ЖШС, «Алатау-Құс» ЖШС, «ZUGO HOME TEXTILE», «Lemonadoff Food» ЖШС, «ByArT» көркемсурет студиясының жетекшісі Тюлеубаева Ажар, ЖШС «Скиф трейд» «Мейірім» ҚҚҚ, «AMIRAN» ЖШС, «Бисквит» кондитерлік үйі.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source