авто

Переключатель языков

21.09.2018 ж. «Тарих–тамыр, тіл–тұғыр» атты іс-шарасы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне арналған «Тарих – тамыр, тіл – тұғыр» атты іс-шарасын өткізді.

Қазақстандықтар жыл сайын Қазақстан халықтарының тілдер мерекесін атап өтіп келеді. Тіл қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар қоғамның рухани өзегі, халықтардың тарихы мен мәдениетінің негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Елбасы Қазақстан халықтары Ассамблеясының сессиясында атап өткеніндей, мемлекеттік тіл қазақстандықтарды біріктіретін фактор болып табылады. Мемлекет еліміздің барлық ұлттары мен ұлыстары үшін қолайлы тіл кеңістігін құруға үлкен назар аударуда. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз.  Бұл - өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет» деп атап өтті.

Қазақстанда мемлекеттік тілді жылдам үйренудің көптеген жаңа әдістемелері дайындалуда. Қазақ тілін өзге ұлт өкілдері де белсенді түрде үйреніп, меңгеруде. Бірақ көптеген мектеп оқушылары, студенттер, кәсіпкерлер мен қызметкерлер қазақ тілін үйренудің тиімді курстарын іздеуде.  

Аталмыш іс-шарасының мақсаты – Қазақстан аумағында тұратын өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттау, ұлттық құндылықтарға, мәдениет пен тарихқа деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

Іс-шарада Алматы қалалық әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы – Бақыт Әбиірұлы, Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры – Райхан Сахыбекқызы, ҚР МОМ Антропология және этнография орталығының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор – Нұргелді Уәлиге және Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы, филол.ғ., докторы, профессор – Серік Асылбекұлы алғысөзбен мінбеге шықты.

«Тарих – тамыр, тіл – тұғыр» атты іс-шара шеңберінде LC SKADA тіл орталығы өкілдерінің презентациялары тыңдалды. Шара соңында барлық келуші қауымға арналған тегін экскурсиялар жүргізілді.  

Мероприятие ко Дню Языков Казахстана Мероприятие ко Дню Языков Казахстана
Мероприятие ко Дню Языков Казахстана акция «Тарих – тамыр, тіл – ғұмыр».
акция «Тарих – тамыр, тіл – ғұмыр». акция «Тарих – тамыр, тіл – ғұмыр».
акция «Тарих – тамыр, тіл – ғұмыр». акция «Тарих – тамыр, тіл – ғұмыр».

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source