авто

Переключатель языков

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

17.05.2019 ж. «МУЗЕЙ ТҮНІ 2019» іс-шарасы

Қазақсан Республикасы Мемлекетік орталық музейі 2006 жылдан бастап Республика бойынша алғашқы болып «Халықаралық музейлер күні» кәсіби мерекесіне орай «Музей түні» акциясын өткізуді дәстүрге айналдырды. Бұл бүгінгі таңда әлемдегі басты музейлердің ортасында танымалдыққа ие болып отырған ұтымды халықаралық мәдени-білім беру жобасы. Музей жыл сайын түрлі, қызықты, танымдық мәдени-білім бағдарламаларын ұсынып келеді.

«Музей түні» - 2019Жобаның негізгі мақсаты-өткеннің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және көпшілікке тарату мәселелерін өзектендіру, музейдің әлеуетін таныту және келушілерді, әсіресе, жастар үшін өзіндік даму мен өзін-өзі көрсетудің жаңа мәдени-зияткерлік мүмкіндіктерін ашуға ынталандыру дер едік. Жоба музейдің маңыздылығын арттыруға, тарихи және отбасылық құндылықтарды танымал ету, өскелең ұрпаққа патриоттық, адамгершілік тәрбие беру, сондай-ақ музейге келушілер санының артуына ықпал етуге бағытталған.

Келушілердің арасында балаларын музейге өз елінің тарихы және дәстүрімен жете таныстыру үшін, яғни, мақсатты түрде келетін отбасылар да бар. Биылғы Музейдегі түн акциясы Жастар жылына арналған. ҚР Орталық музейі өткізіп отырған музей түнінің ұраны – «Жастар: бастама, жетістік». Іс-шара ең алдымен оқу орындары оқушыларының жаңашыл идеялары мен қазіргі жастар бастамаларын қолдауға бағытталған. Іс-шара аясында «Біз – Қазақстанның болашағы» атты көрме ашылды. Көрме жоғары оқу орындары студенттерінің түрлі салаларда жеткен жетістіктері мен бастамаларын көрсетуге бағытталған. Бұл шығармашылық, ғылыми, авторлық жұмыстар, тарих, экология, музыка, өнер, дизайн, сәулет, ақпараттық технологиялар және т.б. салалар мен бағыттарды қамтыған жобалар.

«Музей түні» шарасына Алматы қаласының төмендегідей ЖОО мен колледждері: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, «Тұран» университеті, «Халықаралық ақпараттық технологиялар» университеті, Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі, Қазақ спорт және туризм академиясы, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі, «Сымбат» сән бизнес академиясы; Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі, Жас суретшілер Одағы қатысты.

«Музей түні» жастардың шығармашылық, интеллектуалдық дамуына ғана емес, сонымен қатар суретші – кескіндемеші, мүсінші, дизайнер-модельердің, сәулетшілер, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің шығармашылықтың түрлі саласында өз дарынын сынау-бағамдау үшін жаңа серпін мен ынталандыру болып табылады. Бұл мереке күні Қазақстан суретшілері Фатима Тарази, Жанар Нөкетаева, сондай-ақ, О. Таңсықбаев атындағы өнер колледжінің педагогтары өнер көрсетті.

Жыл сайын ҚР Орталық музейі қор көрмелерінің тақырыбын толықтырып тұрады. Бұл жолы келушілердің назарына ҚР Мемлекеттік Орталық музей қорынан, ҚР Президенті мұрағатынан, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік орталық мұрағатынан алынған деректерден құрылған «Қазақ жазуының тарихы» атты көрме келушілерді латын және кириллицада жазылған фотоматериалдар, мұрағаттық құжаттар, сирек қолжазбалар және қазақ тілінде арабтың өрме жазуында жазылған басылымдармен таныстырды.

Музейлік білім беруде қолданылатын интерактивті әдістемелерге сай ҚР Орталық музейінің қызметкерлері келушілерге арналған жаңа интерактивті бағдарламалар әзірледі: «Музейдегі түн» білім беру бағыты музей залдары экспозициясы негізінде Қазақстан тарихы бойынша көне заманнан қазіргі күнге дейінгі кезеңді қамтитын тапсырма, ойлан-тап-сұрақ-жауап квест форматында ұйымдастырылды, «Археологтың қазба барысындағы бір күн»» бұрышы келушілерді ғажайып археология әлеміне тарту және археологиялық далалық зерттеулермен, қазба жұмыстарын атқару әдіс-тәсілімен және ҚР МОМ археологиялық экспедициялары жұмысының көрінісмен таныстырса, «Сал-серілердің мұрасы» экспозициясы қазақ фольклорының бай мұрасы, Ұлы ақын-жыраулардың шығармашылығы сынды тағлымдық қойылымды ұсынды.

Музей түнінің құрметті қонақтары – түркиялық шеберлер тобы түрік мозаикасы, ал индонезиялық музыканттар мен шеберлер батик сурет салу өнері бойынша шеберлік-сабақтарын өткізді.

Осылайша, ҚР Орталық музейі өз жұмысында келушілермен тығыз қарым-қатынасты дамыту және өз коллекцияларын интерпретациялаудың жаңа нысандары мен әдістерін қолданып, болашақ ұрпақ үшін маңызы зор жаңа дәстүрлерді жандандыруда. «Музейдегі түн» Мәдениеттер мен ұрпақтар, түрлі қауымдастықтар өкілдерінің арасында диалог қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар тарихи-мәдени мұраны жинақтау, зерттеу, сақтау және дәріптеу сынды өзінің дәстүрлі қызметін атқара отырып, музей жұмысының табиғатын ашуға ықпал етеді.

 

Ночь в музее - 2019 Ночь в музее - 2019
Ночь в музее - 2019 Ночь в музее - 2019
Ночь в музее - 2019 Ночь в музее - 2019
Ночь в музее - 2019 Ночь в музее - 2019

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source