авто

Переключатель языков

22.11.2019 ж. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың «Бақытыма сенемін» атты көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Қазақстанның мүгедектері күніне орай, «KS – production» продюсерлік орталығы және «Қайырымды Істер Өлкесі» Қазақстан мүгедектері қайырымдылық ҚҚ-мен бірлесіп 2019 жылдың 22 қараша күні сағат 14.00-де мүмкіндіктері шектеулі балалардың «Бақытыма сенемін» атты көрмесін ашады. 

Жыл сайын Қазақстан Республикасында Мүгедектер күні атап өтіледі, бұл күні мүмкіндіктері шектеулі адамдардың келелі мәселелері көпшілік назарынан тыс қалып қалмауы үшін арнайы шаралар ұйымдастырылады.

Шара мақсаты – мұқтаж жандардың қордаланған мәселелеріне халық назарын аударту, оларға әлеуметтік, психологиялық және медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру, сондай-ақ қоғамда жалпы қабылданған стереотиптерді бұзу және бұл басқа балалар сияқты қажеттіліктер мен мүмкіндіктері бар қарапайым балалар екенін көрсету. Физикалық даму ерекшеліктеріне қарамастан, олар талантты және креативті, спортта және шығармашылықта өздерін толық көрсете алады, тіпті кейде өз қатарластарын басып озады да. Балалар кесте тігеді, сурет салады, тоқыма тоқиды, мүсіндер жасайды және т.б. Бұл өз кезегінде өзін-өзі жетілдірудің ешбір шегінің жоқтығын дәлелдейді: «Мүмкіндіктер – шектеулі, қабілет - шексіз».

Акция осы балаларға аяушылық білдіру мақсатында емес, керісінше олардың да қоғамның бір мүшелері екенін еске салу мақсатында өткізіледі.

Аталмыш шара мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты өмірге бейімдеуге бағытталған. Алматы қаласының 60 баласы аурудың әр түрлі түрімен басты топ болып табылады.

Осы іс – шара аясында балалар суреттерінің көрмесі; «KS-production» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен Жанна Орынбасарова, Айжан Нұрмағамбетова, Жәмилә Серкебаева, Венера Нигматулина, Антон Митнев, Нина Жмеренецкая, Парвиз Назаров пен Аида Аюпованың қатысуымен концерт, музейге экскурсия, музейдің демеушілері мен серіктестерінен балаларға сыйлықтар табыс ету ұйымдастырылады.

Көрмеде 10-16 жас аралығындағы балалардың әртүрлі техникада орындалған: ағашты ою, мүсіндеу, кесте тігу, бисермен және ілмек бізбен тоқу, дәндерден аппликация және т.б. таңғажайып жұмыстары ұсынылмақ. Әр баланың көрмеге атсалыса қатысуы оның мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі.

Іс шараға қолдау көрсеткендер: «ZUGO HOME TEXTILE», «Бостан» ЖШС, «AMIRAN» ЖШС, «Maxi чай» АҚ, «Ақсайнан» ЖШС, «Нестле Фуд Казахстан» ЖШС, Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай Қоғамы, «Мейірім» қайырымдылық қоры.

Көрме 2019 жылдың 28 қарашасына дейін жалғасады

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source