авто

Переключатель языков

Құрметті музей қонақтары! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі 2019 жылдың 22 шілдесінде басталатын ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 3- экспозициялық залдың («Диаспоралар мәдениеті» және «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан») және 1- зал ("Археология және палеонтология") уақытша жабылуы жайлы хабардар етеді.

Құрметті музей қонақтары! Мерекелік күндердегі музейдің жұмыс істеу тәртібі: 6, 7 шілде -қалыпты кесте, 8, 9 шілде – демалыс.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

17.09.2019 ж. Чехияның Ұлттық музейінде ашылған «Ұлы даланың тарихи-мәдени келбеті» атты халықаралық көрме

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей (ҚР МОМ) жұмысының негізгі бағыттарының бірі шет мемлекеттерде қазақтардың тарихы мен мәдениетін таныстыратын музей қорындағы коллекциялар негізінде көрмелер ұйымдастыру болып табылады. Орталық музей әлемдегі жетекші музейлер және ғылыми мекемелермен бірлесе отырып көптеген ортақ жобаларды жүзеге асыруда сондай-ақ, АҚШ, Италия, Германия, Жапония, Корея, Франция елдерінде көрмелер ұйымдастырды. 2018-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік орталық музейі Қытай (Сиань қ.) және Түркия (Стамбул қ.), Мажарстан (Сазхаломатта қ.) және Чехия (Прага қ.) елдерінде көрмелер өткізді. Музей жұмысының аталмыш бағыттары шетелге Қазақстанның тарихы мен мәдениетін дәріптеудің жолы болып табылады.  

Халықарылық ынтымақтастық шеңберінде, Қазақстан Республикасы мен Чехия Республикасы арасындағы мәдени байланыстарды нығайту мақсатында, 2019 жылдың 17 қыркүйек күні Чехияның Ұлттық музейінде (Прага қ.) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей қор коллекциясының «Ұлы даланың тарихи-мәдени келбеті» атты көрме ашылды.

Көрмені ҚР Мемлекеттік орталық музей директоры Нұрсан Әлімбай, Чехия Ұлттық музейінің директоры Михал Лукеш, Чехия Республикасының Мәдениет министрінің орынбасары Иржи Взиентек, Қазақстанның Чехиядағы және Словакиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов ашты.

Көрме аясынды Орталық музей директоры, профессор Нұрсан Әлімбайдың бастамасымен «Орталық Азия көшпелілерінің мәдени кеңістігіндегі адам, социум, жер» атты ғылыми конференция өтті. Конференцияға Лондон университеті (Ұлыбритания) Шығыс және Африка елдерін зерттеу Мектебінің профессоры Николас Симс-Уильямс, де Франце Колледжінің профессоры Франц Гренэ (Франция), Алтай Мемлекеттік университетінің профессоры Алексей Алексеевич Тишкин (Ресей), Пиза қ. Университетінің профессоры, доктор Пьер Джорджио Борбоне (Италия), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Александр Николаевич Подушкин сынды көптеген елдердің бірқатар ғалымдары, сонымен қатар музейдің ғылыми қызметкерлері қатысты.

Ұсынылған көрменің құрылымы «Ежелгі көшпелілер мәдениеті» және «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» атты өзара себеп-салдарлық байланыстағы екі бөлімнен тұрды. 

Бірінші бөлімде көшпелі өркениетті қалыптастырған сақ, үйсін және қаңлылардың жоғары даму деңгейіне жеткен бай мәдениетін көрсететін мәдени құндылықтар қойылып, таныстырылды. Олардың барлығы қола немесе алтыннан жасалған. Аталмыш бөлімде жазбалары («күлтөбе жазбасы» немесе «соғды жазбасы») сақталған қыш тақтайшалар ерекше орын алды.

«Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» атты екінші бөлімге қазақ мәдениетінің бірегей символы болып саналатын - киіз үй орын алды. Бірегей архитектуралық үйлесім, ішкі жабдықтарының эстетикасы, пайдаланылатын заттардың қарапайымдылығы мен қолжетімділігі (киіз, ағаш, былғары және т.б.), жыл мезгіліне қарай қолайлығы, тез құрылып, қайта жиналуы киіз үйдің өмір сүруге өте қолайлы екендігін көрсетеді. Сонымен қатар дәстүрлі ортадағы киім-кешек үлгілері, зергерлік әшекей бұйымдар, кесте үлгілері мен тұрмыстық бұйымдар көрменің мазмұнын айшықтап, дәстүрлі қазақ мәдениетің өзіндік ерекшелігін көрсетіп, сан алуан тарихи-этнографиялық артефактілер арқылы қазақтың көшпелі тіршілік салтының интерактивті музейлік образын берді.

Көрменің басты мақсаты Қазақстанның ежелгі көшпелілерінің мәдениетінің сан қилы және бай екендігін көрсету, ғылым мен мәдениет саласында байланысты нығайту, музейдің насихаттаушылық ролін және географиялық қызмет аясын кеңейту. Аталмыш көрме экспозициясына 440 с.б. археологиялық артефакт қойылды.

«Историко-культурный облик Великой степи». Выставка в Праге. «Историко-культурный облик Великой степи».
«Историко-культурный облик Великой степи». «Историко-культурный облик Великой степи».
«Историко-культурный облик Великой степи». Конфренция. «Историко-культурный облик Великой степи». Конфренция.

Көрме Чехияның Ұлттық музейінде 2019 жылдың 19 қарашасына дейін жалғасады.

18.09.2019 ж. "Египет қазынасы" атты көрме

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі Мысыр Араб Республикасының Елшілігі, Мысырдың Алматыдағы мәдениет және білім жөніндегі орталығымен көпжылдық ынтымақтастық аясында 2019 жылдың 18 қыркүйегінде сағат 15.00-де "Египет қазынасы" атты көрме ашылады.  

"Египет қазынасы" атты көрмеҚазақстан Республикасы (ҚР) мен Египет Араб Республикасы (АРЕ) арасында 1992 жылдан басталған өзара түсіністік пен құрметке негізделген жемісті дипломатиялық қатынас саяси, экономикалық, мәдени және т.б. барлық деңгейлерде қолдау тауып отыр. Екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты жандандыру шеңберінде 1996 жылы Қазақстан Республикасындағы Мысыр Елшілігінің негізгі бөлімшелерінің бірі ретінде Мысыр мәдени орталығы ашылды. 2015 жылы Мысырдың жоғары білім және мәдениет министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасындағы Араб Республикасының Мысыр Елшілігі жанындағы Мысырдың мәдениет және білім істері жөніндегі орталығы болып өзгертілді. Орталықтың міндеттерінің бірі – көрмелер ұйымдастыру және өткізу арқылы Мысыр тарихы мен мәдениетін насихаттау болып табылады.

Мысыр өркениеті - ежелгі әлемдік өркениет, оның басты жетістіктері иероглифтерді ойлап табуы, математика ғылымының пайда болуы, өнеркәсіпті игеру, зәулім ғимараттар (пирамидалар) құрылысы, суландыру жүйесі технологиясын ойлап табу, ауыл шаруашылығын жүргізудің тиімді әдістері және т. б. деуге болады. Мысыр тарихы мен мәдениетінің көптеген ескерткіштері бүгінге дейін сақталған.

Қазіргі таңда Мысыр мәдениеті қоғамның сипаты мен өмірін, сондай-ақ тіл, әдебиет, дін, тарих, әдет-ғұрып және т. б. мәдени элементтерді айқындай отырып мемлекеттің сыртқы саясатында маңызды рөл атқарады.     .

Көрмеге Фараондар әулетінің тарихын айқындайтын төмендегідей музей құндылықтары: тұрмыстық заттар, папирус, былғары, металл, ағаштан жасалған бұйымдар, сондай-ақ сәндік-қолданбалы және каллиграфиялық өнердің заманауи туындылары, құдайлардың мүсіндері, ежелгі шам, құмған, құмыра, көркем безендірілген гүлсауыт, құмыра, металл мен ағаштан жасалған тарелкалар, седеп және сүйекпен безендірілген қобдишалар, ежелгі қорымдар мен Құдайлар бейнеленген картиналар және т.б. қойылады.

Көрмені Қазақстан Республикасындағы Мысыр Араб Республикасы Елшілігінің Мәдениет және білім істері жөніндегі орталығының директоры, профессор Ранда Махмуд Ризк ханым ашады.

Көрме 2019 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Чехиядағы «Ұлы Даланың тарихи-мәдени келбеті» атты көрме

Чехия Ұлттық музейінде (Прага қ.) «Ұлы Даланың тарихи-мәдени келбеті» атты көрме ашылады. Көрмеге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі коллекциясынан алынған қазақтың тарихи этнографиясын және ежелгі көшпелілердің (сақтар мен ғұндар) археологиялық мәдениетін бейнелейтін 400-ден аса артефакт қойылады.

Чехиядағы «Ұлы Даланың тарихи-мәдени келбеті» атты көрме

14.09.2019 ж. «Алматым – алтын ұям » атты іс-шара

 

Соған орай, музейде 14 қыркүйек күні сағат 12.00-де Алматы қаласы күніне орай «Алматым – алтын ұям » атты іс-шара өтеді.

Алматы – қазақстандықтардың мақтанышы – жайлы, көшелері кең, әдемі ғимараттары, саябақтары, гүл алаңдары мен фонтандары көп жасыл желекке малынған, сәулелі қала. Сонымен қатар, Алматы – ғылыми, мәдени, тарихи, өндіріс және еліміздің қаржы орталығы.

«Алматым – алтын ұям » атты іс-шара«Алматым – алтын ұям» атты іс-шараға Алматы қаласының бейнелеу өнері мектептері қатысады, сондай-ақ аталмыш мерекеге орай балалар шығармашылығының көрмесін ұйымдастырады. Олардың қатарында: бейнелеу өнерінің креативті мектебі «ArtLab» (жет. Наталья Ли), «Да Винчи» (жет. Е.Н. Исакова) және «Art Mix studio» (жет. Чернышева А.А), «Божья коровка» (жет. Ю.Е. Яковлева), «Шедевр» (жет. М.П.Гречкина) студиялары болады.

Жас талантты суретшілер сүйікті қаласының көрнекі жерлерін, мәдени және тарихи ескерткіштерді, түрлі архитектуралық шеберлікпен салынған ғимараттар мен саябақтарды, сонымен қатар қаланың символдарын өздерінің жаңа туындылары арқылы келушілерге ұсынады.

Фестиваль аясында: Оқушылар сарайы (көркемдік жетекшісі Б.Ж. Бектаев) және Алматы обл. Қарасай ауд. Абай ауылының «Шырқа» өнерге баулу орталығы (жетекшісі Гүлзира Шарбатхан) балаларға арналған концерттік бағдарлама ұсынады, біліми бағдарламалар – «Менің тұратын қалам» слайд-викторинасы, «Алматы қаласының тарихы» музей келушілеріне арналған викторина, «Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары» атты байқау, сондай-ақ   шараға қатысушылар үшін қаланың бейнелеу өнері студияларының жетекшілері шеберлік сабақ өткізеді.

Іс –шараның соңында көрмеге қатысушыларды марапаттау рәсімі өтеді.

Орталық музей балалар мен олардың ата-аналарын Қала күніне арналған «Алматым-алтын ұям» іс-шарасына қатысуға шақырады.

«Алматым – алтын ұям» «Алматым – алтын ұям»
«Алматым – алтын ұям» «Алматым – алтын ұям»
«Алматым – алтын ұям» «Алматым – алтын ұям»

Көрме 2019 жылдың 2 қазан айына дейін жалғасад

 

05.08.2019 ж. Отырар қорғанысының 800 жылдығына арналған «ҚАМАЛЫ БЕКЕМ, ХАЛҚЫ ҚАЙСАР-ОТЫРАР» көрмесі

2019 жылы 5 тамыз күні сағат 15.00-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Отырар қорғанысының 800 жылдығына орай «ҚАМАЛЫ БЕКЕМ, ХАЛҚЫ ҚАЙСАР-ОТЫРАР» (Отырар қорғанысына 800 жыл) тақырыбында «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» РМҚК қор материалдары негізінде ұйымдастырылған көрме ашылады.

«ҚАМАЛЫ БЕКЕМ, ХАЛҚЫ ҚАЙСАР-ОТЫРАР» (Отырар қорғанысына 800 жыл)Отырар-әлемдік өркениетте өзіндік үлесі бар, тарихы терең, табиғаты көркем, төсінде сұлу Сыр мен ерке Арыс қатар аққан, Ұлы Жібек жолы бойындағы құтты мекен. Ежелгі заманнан-ақ бүкіл шығысқа кеңінен танымал Үнді, Қытай, Византия, т.б. мемлекеттермен үнемі ғылыми, мәдени, экономикалық, дипломатиялық байланыстарда болып, қалаларында ғылым мен мәдениет, сауда, өндіріс, далаларында егін, мал шаруашылығы қатар дамыған аймақ.

Ғұлама ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің туылған өлкесі Отырар – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан ортағасырлық қалалардың ең белгілісі. ҮІ-ҮІІІ ғасырларда Отырар-Фараб Сырдарияның орта шеніндегі ірі феодал иелігінің астанасы, ІХ-ХІІ ғасырларда аймақтың бас қаласы, ХІІІ-ХҮ ғасырларда Қазақстанның оңтүстігіндегі аса ірі қалалардың бірі, ал ХҮІ-ХҮІІІ ғасырларда Қазақ хандығының саяси және экономикалық орталығы болған.

ХІХ ғасырдың аяғында Отырар қирандылары мен оның төңірегінде орналасқан басқа да ескерткіштер зерттеуші ғалымдардың назарынан тыс қалған жоқ. Отырар ескерткіштері жайлы В.В.Бартольд, Е.Г.Смирнов, Н.С.Лыкошин, А.О.Руднев, Д.Н.Люшин, И.А.Кастанье, А.К.Кларе, А.Черкасов, И.Т.Постлавский, А.Н.Бернштам, Е.И.Агеева, А.Г.Максимова К.А.Ақышев, К.М.Байпақов, М.Б.Қожа және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде кеңінен жазылған. Тарихи деректерге сүйенсек, Отырардың алғашқы топографиялық сұлбасы 1903 жылы түсірілді. Отырарды зерттеу 1904 жылдары А.Кларенің басшылығымен жүргізілген алғашқы ғылыми негіздегі қазба жұмыстарынан басталады.

1947 жылы Оңтүстік Қазақстанда орналасқан ескерткіштерді зерттеу қолға алынып, сол кездегі Тарих, археология және этнография институты мен материалдық мәдениет институтының Ленинградтық бөлімі бірлесе отырып Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясын (ОҚАЭ) құрды, экспедиция басшысы А.Н.Бернштам болды. ОҚАЭ өңірдегі Пышақашытөбе, Алтынтөбе, Құйрықтөбе, Марданкүйік, Көкмардан сонымен қатар Сырдарияның солтүстік жағасындағы Бұзық, Оқсыз, Артық ата, Қауған ата, және Сумағар сияқты тарихи ескерткіштерге зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1969-1971 жылдары Кемел Ақышевтің бастамасымен ҚазКСР Ғылым Академиясының Ш.Уалиханов атындағы тарих, археология және этнография институты Отырар экспедициясымен жұмысты қайта бастады. Нәтижесінде Отырар Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы барынша терең зерттелген ортағасырлық қала болып саналады.

Тарихтың, халықтың өсу жолымен ұштасып, жалғасып жатқан Отырардағы археологиялық қазба, зерттеулер нәтижесінде табылған, тарихи мұраларымыз осындағы ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту және археологиялық ескерткіштерді қорғау мекемесі «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» РМҚК қорында жинақталған.

Төрт бөлімнен тұратын көрменің алғашқы бөлімін музей қорындағы археологиялық материалдардың ерте ортағасырлық үлгілері ІІІ-VIII ғғ. тән түпнұсқа жәдігерлер мен деректік материалдар құрайды. ІІ-бөлімде Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігіндегі қала мәдениетінің дәуірлеген кезіндегі Отырар, яғни ІХ-ХІІ ғғ. Отырардың тыныс-тіршілігін баяндайтын еңбектер қорытындылары мен сол кезеңдерден жеткен археологиялық материалдар. ІІІ-бөлімде ХІІІ ғасырдағы Отырардағы дүрбелең, моңғол шапқыншылығы кезіндегі Отырардың тіршілігі және осы кезеңдерге тән жәдігерлер, ІV-бөлімде Отырардың қайта бой көтеруі. Билеуші Әмір Темір дәуірінен бастап Қазақ хандығы тұсындағы Отырардың даму кезеңдерінен хабар беретін бірегей, түпнұсқа заттар мен деректер қамтылады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source