авто

Переключатель языков

25.04.2024 ж. «Ынтымақ -достық кепілі» мәдени іс шарасы өтеді

afisha 25.04.2024Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейінде 2024 жылдың 25 сәуір күні сағат 15:00 де, Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 мамыр мерекесі күніне орай  «Ынтымақ -достық кепілі» мәдени іс шарасы өтеді.

1 - мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурыз айында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномены - Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызды құрылым. Ассамблея 365 мүшесі,  471- ден астам республикалық, өңірлік,облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500- ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.

Қазақстан Республикасы жылдар бойы көптеген ұлт өкілдерінің Отаны болып келеді. Бүгінде түрлі ұлт өкілдері Қазақстанды өз жерім деп біліп, қазақ халқын туғанындай көреді.

Атаулы шараның мақсаты - әр түрлі ұлт өкілдерінің дәстүрі, тұрмыс салтымен тереңірек танысу , Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдері арқылы қазақ ұлтының тіліне, мәдениеті мен өнеріне деген құрметті арттыру, сондай-ақ, халықтар достығын, ел бірлігін, отаншылдықты дәріптеу, өлкеміздегі басқа ұлт өкілдерінің шығармашылығын халыққа кеңінен таныстыру арқылы өнерімізді дамыту.

Іс-шараға корей,неміс,татар,ұйғыр этно-мәдени орталықтары қатысады

19.03.2024 САЯ ІЗДЕСЕҢ АҒАШ ЕК

САЯ ІЗДЕСЕҢ АҒАШ ЕК
Наурызнама тұжырымдамасының онкүндігіне сәйкес, 19-наурыз Жаңару күні болып бекітілген болатын. Бұл күні еліміздің барлық аймақтарында дәстүрлі ағаш егу науқаны өтеді.
Осыған орай, ҚР Мемлекеттік орталық музейі Медеу ауданы әкімшілігі және Медеу аудандық «Белсенді ұзақ өмір» орталығының ардагерлерімен бірлесе отырып, музей алаңына ағаш отырғызу акциясын өткізді.

tal00tal01
tal02tal03
tal03-1tal04


Шара ағаш егу мәдениетін қалыптастыру арқылы қаланың экологиясын жақсартуды көздейді. Табиғатты аялауды үлгі-өнеге етуге бағытталған шарада ұрпақтар сабақтастығын сақтау ұстанымы негізінде ардагерлер ағаш отырғызуды музей жастарымен жұмыла атқарды.

29.02.2024 Алғыс айту күні

Көктемнің алғашқы күні Қазақстанда Алғыс айту күні атап өтіледі.

Алғыс айтуАлғыс айту күні - ең алдымен елімізде тыныштық, өзара сенімділік пен барлық Қазақ еліне деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл-тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымының белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2024 жылдың 29-ақпан күні, сағат 15.00-де «Бір шаңырақ астында» мәдени іс-шарасы өтеді.

Аталған іс-шараға Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйіне қарасты «Ватандаш» қырым татарларының мәдени орталығы, Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы, «Ренессанс» Алматы мәдени-этникалық қоғамы, «Вензь» поляк мәдениетінің орталығы», Алматы облысының «Вайнах» шешен-ингуш бірлестігі, «Вошал» ингуш этно-мәдени орталығы» т.б этно-мәдени орталықтар қатысады. Шара аясында халықтық-қолданбалы өнері көрмесі және концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

01-03.03.2024 ж. Орта-Азия қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі «ҚЫЗҒАЛДАҚТАР УАҚЫТЫ»

Табиғат көгеріп, күн шуағын шашып, жаңа өмірге бастайтын көктемнің алғашқы айы – ол Наурыз.

afisha-tulpan2024 8 Наурыз әйелдердің ең сүйікті мерекелерінің бірі. Бұл мерекенің символы - қызғалдақтар. Сондықтан біздің жәрмеңке «ҚЫЗҒАЛДАҚТАР УАҚЫТЫ» деп аталады.

Әйелдер мерекесі қарсаңында 2024 жыл, 1-3 наурызда ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде Орта-Азия қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді. Көрме-жәрмеңкеге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркменістан елдерінің әр аймағынан келген қолөнер шеберлер қатысады. Жәрмеңкеде Сіздер әр шебердің өз қолымен жасаған бұйымдарымен: дизайнерлік киімдер, бисерден жасалған бижутериялар, авторлық теріден, киізден, күмістен, тастардан жасалған әшекей бұйымдармен танысып, сатып ала аласыздар. Тағы да көптеген кәдесыйлар болады.

Сіздерді көрме-жәрмеңкені тамашалауға келген қонақтар арасынан көруге асықпыз!

Өздеріңізді және жақындарыңызды, туған-туыстарыңызды ерекше сыйлықтармен қуантып, көңілін көтеріңіз!

Сонымен қатар жәрмеңке аясында үш күн бойы сағат 11.00 – 16.00 дейін шеберлік сабақтар өтеді:

  • керамикалық саз балшықтан зергерлік бұйымдар мен әр түрлі фигураларды және періштелерді мүсіндеу;
  • табиғи балауыздан шамдар жасау.

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 1-3 наурыз 2024 жыл, сағат – 9.00 - 18.00

Өтетін орны: Самал-1, 44 үй

15.02.2024 «Қазақ киносының жарық жұлдызы» мәдени-танымдық іс-шарасы өтеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесе отырып, кинорежиссер, Қазақстан мен КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың 110 жылдығына арналған «Қазақ киносының жарық жұлдызы» мәдени-танымдық іс-шарасын ұйымдастырды.

Алғашқы сөз  ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ғалия Теміртонқызы мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалдыға берілді. Сондай-ақ Ш. Аймановтың шәкірттері, қазақ киносының шоқтығы биік тұлғалары Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық әртісі Нұржұман Ықтымбаев сынды өнер қайраткерлері ұлттық театр өнері мен кино саласының қалыптасуына бүкіл ғұмырын арнаған Шәкен аймановтың өмір жолынан сыр шертіп, естеліктерімен бөлісті. 

Шара аясында ҚР Мемлекеттік орталық музейі қорындағы Шәкен Аймановтың фотоматериалдары, марапаттары, жеке заттарынан құрылған шағын көрме ұйымдастырылды. Көрмеден орын алған көрнекті экспонаттардың қатарында Ш. Аймановтың «Алдар көсе» фильміне түскенде қолына ұстаған асатаяғы, өзі шерткен домбырасы, шахмат тақтайшасы, түсірілім алаңында пайдаланған рупр, сондай-ақ 1970 жылы «Атаманның ақыры» фильмі түсірілген камера, киімдері, қаламсаптары мен үстел сағаты секілді  т.б ерекше жәдігерлер бар.

Шараға белгілі қоғам қайраткерлері, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.  

aimanov2024 aimanov2024-01
aimanov2024 aimanov2024
aimanov2024 aimanov2024

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source