авто

Переключатель языков

Құрметті музей қонақтары! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі 2019 жылдың 22 шілдесінде басталатын ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 3- экспозициялық залдың («Диаспоралар мәдениеті» және «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан») және 1- зал ("Археология және палеонтология") уақытша жабылуы жайлы хабардар етеді.

Құрметті музей қонақтары! Мерекелік күндердегі музейдің жұмыс істеу тәртібі: 6, 7 шілде -қалыпты кесте, 8, 9 шілде – демалыс.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

«КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ӨТКІЗІЛЕТІН «МУЗЕЙЛЕР ШЕРУІ-2019» ІС-ШАРАСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

ӨТКІЗІЛЕТІН КҮНІ МЕН УАҚЫТЫ: 2019 ж.30 тамыз, 21.00-ден 03.00-ге дейін

 

Музейдің экспозициялық залдары бойынша қазақ және орыс тілдерінде экскурсиялар:

  • "Тарихи этнография" (II зал),  
  • "Қазіргі Қазақстан" (IV зал)

 

КӨРМЕЛЕР:

  • Академик Қ. И. Сәтпаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған "Ұлтын ұлықтаған ұлы ғалым".
  • Отырар қаласы қорғанысының 800 жылдығына арналған "Қамалы бекем халқы қайсар - Отырар" (Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы қорынан)
  • "Оюлар сөйлейді" (ҚР МОМ қорынан)
  • "Қазақстан суретшілерінің шығармашылығындағы XIX-XX ғғ. Қазақстанның ғылым және мәдениет қайраткерлері" (ҚР МОМ қорынан)
  • «ХХ ғ. Қазақстанның бейнелеу өнері» (ҚРМОМ коллекциясынан )

 

           «МӘДЕНИ-БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ:

  1. 1."Әжемнің сыр сандығы" интерактивті бағыты 2 экспозициялық залдан басталады, квест форматында, қазақ этнографиясы мен тұрмысымен таныстырады.
  2. 2."Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер" музей сабағы - музей қызметкерлері қазақтардың сәндік-қолданбалы және ою-өрнек өнері, сондай-ақ онымен байланысты әдет-ғұрпы жайлы әңгімелейді. Сабаққа қатысушылар өз қалауымен ши тоқу, жүн өңдеу және қуыршақ тігу ісіне қатыса алады.
  3. 3."Мен Қазақстан Республикасының азаматымын" музей сабағы
  4. 4.Жаңа қазақ мультфильмдерін тамашалау

 

 

Кіру – тегін.

Мекен-жайы: Самал-1.,44 үй, байланыс тел: 2644650, 2645577


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 29.08.2019-ғы № 09-03-16/2593-И шығыс хаты бойынша


Министрлікке бағынысты

ұйымдарға

(тізім бойынша)


 

2019 жылғы 28 тамыздағы

№09-03-16/6617//19-32-03.12 (п.1.3.6)- шығыс хатқа қосымша

     «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес музей заттары мен музей коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілікке көрсету үшін құрылған мәдени, білім беру, ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын кеңінен танытуды қамтамасыз етуге арналған мәдениет ұйымдары музейлер болып табылады. Сонымен қатар атап өтерлігі Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес мемлекеттік музейлерге жыл сайын жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабу үшін мемлекеттік бюджеттен субсидиялар қарастырылған.

Сондай-ақ жоғарыда аталған Заңның 4-бабына сәйкес мемлекеттің мәдениет саласындағы негізгі міндеттері:

- Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;

- ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;

- мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;

- халыққа мәдени қызмет етудің мемлекеттік ең төменгі стандарттарын белгілеу;

- Қазақстан халқының ұлттық мәдени игілігі мен мәдени мұрасын қорғауға және дамытуға, Қазақстан Республикасының бірыңғай мәдени кеңістігін нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ іс-шараларды қолдау болып табылады.

«Музейлер шеруі» акциясы «Рухани Жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық құжаттарының аясында жоғарыда аталған міндеттерді іске асыруға бағытталған.

Акция ағымдағы жылы 30 тамызда бастау алып, әр айдың 3-ші жұма күні сағат 21.00-ден 3.00-ге дейін жылжымалы кесте бойынша өткізіледі.

Акция әр түрлі жас санатындағы келушілердің аудиториясына арналған мәдени-білім беру және танымдық-тақырыптық бағдарламалар кешенінен тұрады.

Өз кезегінде акцияға қатысушы әрбір музейдің бағдарламасы музей экспозициялары мен оның қорының негізінде әзірленуі тиіс.

Акцияны өткізуге республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық мемлекеттік музейлер тартылады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде азаматтардың музейлерге тегін негізде және бос уақытында баруы үшін қолайлы жағдай жасау, олардың тарихи-мәдени мұраға қызығушылығын арттыру, музейлер жұмысын жандандыру және музей қорларын таныстыру арқылы оған келушілер санын арттыру мақсатында аталмыш акцияға Министрлікке ведомстволық бағынысты барлық республикалық музейлердің қатысуы тиіс.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 5 қыркүйегіне дейін 2019 жылдың соңына дейін өтетін акцияға қатысу кестесін және а.ж. 1 қазанға дейін 2020 жылға қатысу кестесін ұсыну қажет.

Сонымен қатар, музей басшылары қолданыстағы заңнамаға сәйкес акция өткізуге қатысатын қызметкерлерге еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдағаны жөн.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 76-бабына сәйкес 22 сағаттан таңғы 6 сағатқа дейінгі аралық түнгі уақыт болып саналады.

Атап өтерлігі, аталған бапқа сәйкес он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерді түнгі уақытта жұмыс істеуге тартуға тыйым салынады, сондай-ақ жұмыс беруші жүктілігі туралы анықтама ұсынған әйелдерді түнгі уақытта жұмысқа тартуға құқығы жоқ, сонымен қатар мүгедек-қызметкерлерді тарту олардың жазбаша келісімімен ғана рұқсат етілетінін хабарлаймыз.

Сондай-ақ, жұмыс беруші түнгі уақытта жұмысқа жеті жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді және жеті жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа да адамдарды, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлерді жазбаша келісімінсіз түнгі уақыттағы жұмысқа тартуға құқылы емес.

Осы ретте, түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағатына еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төленуі тиіс.

Мәселен, егер акция өткізілетін күні жұмыс уақытының ұзақтығы 21.00-ден 03.00-ге дейін болса, онда қызметкердің 21.00-ден 22.00-ге дейінгі жұмыс уақыты күндізгі (сағаттық) ставкасына сәйкес төленеді, ал жұмыстың 22.00-ден 03.00-ге дейінгі әрбір сағаты үшін қызметкердің күндізгі (сағаттық) ставкасына қарай кемінде бір жарым есе мөлшерде ақы төленуі тиіс (акция өткізуге қатысатын қызметкерлер үшін акция өткізілетін күні жұмыс кестесін 00-ден 03.00-ге дейін. сағат жалпы ұзақтығы 6 сағат етіп белгілеуді қарастыруға болады. Мұндай нұсқаны қолданған жағдайда акцияға қатысқан бір қызметкердің еңбекақысының айырмасы түнгі уақыттың бес сағаты төлемінің жоғары мөлшерін ескере отырып,

жұмыс уақытының қосымша жарты сағатының ақысын құрайды. Өз кезегінде, бұдан басқа нұсқаларды қолдануға болады.

Ескеретін жайт, жоғарыда көрсетілген кодекстің 68-бабына сәйкес қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс.

Осыған орай жобаны іске асырумен байланысты еңбек шарттарын өзгертуді қызметкерлердің еңбек келісімшарттарына өзгерістер енгізу арқылы және тиісті жұмыс кестесін ұсына отырып қамтамасыз ету қажет.

Бұдан басқа, «Музейлер шеруі» акциясын өткізуден туындайтын шығындарды, музейге республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатты үнемдеу есебінен, соның ішінде еңбекке ақы төлеу қорының аясында, ұйымның жеке қаражаты есебінен және қолданыстағы заңнамамен тыйым салынбаған өзге де көздер арқылы ұйымдастыру ұсынылады.


                    Вице-министр                                                                         Е. Рамазанов



Г.Пазылова

74-04-61






Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source