авто

Переключатель языков

29.11.2019 ж. «Шығыс базары» дәстүрлі Орталық Азия қолөнер көрме-жәрмеңкесі.

«Шығыс базары» дәстүрлі Орталық Азия қолөнер көрме-жәрмеңкесі2019 жылдың 29-30 қараша – 1 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу аясында ҚР Мемлекеттік орталық музейі «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп «Шығыс базары» дәстүрлі Орталық Азия қолөнер көрме-жәрмеңкесін өткізеді. Жәрмеңкеге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Ресейден келген шеберлердің сыйлық және кәдесый өнімдерінің кең спектрі ұсынылады.

Қолданбалы өнер бұйымдары-бұл материалмен жұмыс істеудің жаңа тәсілдері, формалардың, идеялардың, олжалардың, стильдердің алуан түрлілігі. Бүгінде әрбір үйде халық шеберлерінің шығармалары бар. Олар біздің өмірімізге эстетикалық сезімге жауап беретін көркем туындылар ретінде кіреді, ауылдық және қалалық тұрғын үйлердің әшекейіне айналады.

Жаңа жылдық мереке қарсаңында келушілердің назарына киім, зергерлік бұйымдар, музыкалық аспаптар, шығыс миниатюрасы, киіз және жібек бұйымдары, тоқыма және тоқылған заттар, кілемдер мен шамдар, амулет және былғары бұйымдар ұсынылады.

«Шығыс базары» көрме-жәрмеңке шеңберінде ҚР Тұңғыш Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының аясында көркем мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындары арасында «Ұлттық тақырыпқа натюрморт» атты халықаралық көркем шығармалар байқауы өтеді, сондай-ақ музейге келушілер үшін көркем сурет салу бойынша шеберлік-сабақтар ұйымдастырылады.

Көрме-жәрмеңкенің ресми ашылуы-2019 жылдың 29 қарашасы күні сағат 12.00.-де

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 29-30 қараша- 1 желтоқсан, 9.00-ден 18.00-ге дейін

Көрме-жәрмеңкеге кіру - ақылы.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source