авто

Переключатель языков

Іс-шаралар

Музей түрлі сипаттағы іс-шаралар өткізіп тұрады, олардың ішінде фестивальдар, тұсаукесерлер, шығармашылық кездесулер, шеберлік-кластар, кино көрсетілімдер, әдеби-музыкалық кештер, шығармашылық кездесулер, концерттер, қайырымдылық іс-шаралар, жәрмеңкелер, ашық есік күндері, музейлік мерекелер, PR-акциялар және т.б. кеңінен таралған.

ШЕБЕРЛІК КЛАСТАРЫ

master-class1

Шеберлік кластары соңғы уақытта көпшілік аудиторияның үлкен сұранысына ие болып келеді және музейдің

мәдени-білім қызметі түрлерінің біріне айналды. Шеберлік кластары өнердегі жаңа әдістемеге, жаңа жанрға, тәсілге үйренуге, авторлық бағдарламаны меңгеруге, сондай-ақ тікелей маман-педагогпен сұқбат жасасуға мүмкіндік береді. Бұл музей жұмысының артықшылығы, ол - теориялық бөлімді, жеке жұмысты үйлестіру және тәжірибелік дағдыларды меңгеру болып табылатын интерактивті оқыту түрлерінің бірі.

2014 жылы музей шығармашылық қызметтің – кескіндеме (живопись) және қолөнердің әр алуан түріне үйрететін

мынадай әр түрлі бағыттар бойынша: кесте, батик, киіз, қыш, зергерлік өнер, ағаштан, теріден, металдан және басқалардан бұйымдар жасау түрлерінен 40 шеберлік класын ұйымдастырып өткізді. Қазақстан-Жапония адам дамуы орталығымен бірлесіп, кимононы кию, оригами жапон көркем жазуы бойынша шеберлік кластары өткізілді. Қатысушылар – журналистика, халықаралық қатынастар және шет тілдері жоғары оқу орындары, факультеттерінің студенттері болды.

Араб каллиграфиясы бойынша ұйымдастырылған шеберлік класы келушілердің арасында үлкен қызығушылық тудырды.

2012 жылы «Иран шеберлерінің туындыларындағы Ислам мәдениеті мен өнері» атты көрме шеңберінде музейге келушілер иран шеберлерінің шығармашылығымен танысып, «мошаббак-е фелез» (металл бетіндегі ою) және каллиграфия өнері бойынша («насталик» жазбасы) жүргізілген шеберлік кластарына қатысты, оны Ираннан келген шеберлер - Парвиз Назари мен Ахмад Мохаммадпур жүргізді.

Танымал қазақстандық суретшілер, сәндік-қолданбалы өнердің шеберлері дәстүрлі қолөнер түрлері бойынша жүргізген шеберлік кластары.

МУЗЕЙ КОНЦЕРТТЕРІ

Ансамбль корейского танца. 2014г.Мемлекеттік және ұлттық мерекелер, көрмелер мен акциялардың, іс-шаралар мен жобалардың ашылу рәсімінде ұйымдастырылып, өткізіледі. Музейде өткізілетін концерттерге мәдениет қайраткерлері, Қазақстан халықтары Ассамблеясының этно-мәдени орталықтары, шығармашылық ұжымдар, театр және кино әртістері, балалар этнографиялық ансамблі, консерватория студенттері және т.б. қатысады.





МӘДЕНИ АКЦИЯЛАР

- 2014 жылы ҚР Мемлекеттік орталық музейі қазақтардың дәстүрлі мәдениеті, мифологиясы мен тарихына, халық ауыз әдебиеті шығармашылығына арналған әдеби-мәдени акция өткізді. Іс-шара аясында музейдің аумағында құрылған киіз үй ішінде– мифолог – авторлар Зира Наурызбаева мен жазушы Лилей Калаустың «В поисках Золотой чаши: Лиля Калаус читает школьникам главы из своей книгиПриключение Бату и его друзей» атты кітабының тұсаукесері жасалды. Акцияға қатысушылар киіз үйді құру және жинау жұмыстарына қатысты. Іс-шараның мақсаты – балаларды отандық тарих пен мәдениетке қызығушылығын арттыру, мәдени-тарихи мұраны игеру және дәріптеу, сонымен қатар қазіргі мектеп оқушыларының бастарынан өткізген оқиғалар желісін көрсететін балалардың сюжеттік кітабымен таныстыру.  

- Қазақстан Республикасының қаржы институттарының бірі – «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-ның 90 жылдығына арналған «Халық мәдениеті және өнері» атты акция (2013 ж.). Аталған іс-шараның мақсаты - музейге келушілерді қазақ халқының бай тарихымен, мол мәдени мұрасымен және ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру. Банктің қаржылық демеу көрсетуінің нәтижесінде бұл күндері музейге келушілер тегін кіру мүмкіндігіне ие болды, сондай-ақ музейдің 4 экспозициялық залы бойынша сағат сайын экскурсиялар жүргізілді. Музейге 1500-ден астам адам келді, 90-нан астам экскурсия ұйымдастырылып, жүргізілді.  

- Халықаралық Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Сізге қамқор қолымды созамын» атты акция (2011 жыл, қазан).

Акция музей мен еліміздің тарихи-мәдени мұраларын қарттар арасында насихаттауға бағытталған. Бұл күні музейге 1500-ден астам зейнеткер келді, олар үшін музейдің 4 экспозициялық залдары бойынша 36 экскурсия жүргізілді.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР

Музейдің мәдени-білім жұмысының дәстүрлі қызметінің бірі - әлеуметтік қорғалмаған (жетім балалар мен мүгедек балаларды және т.б.) қорғауға арналған қайырымдылық акциялар өткізу. ҚР МОМ 10 жыл бойы «Алтын Көл» балаларды қамқорлыққа алу мен аналарды қорғау қайырымдылық қоры, «Кеңес» мүгедектер қоғамдық бірлестігі, М.Оспанов атындағы қоғамдық қоры, интернаттар, балалар үйі мен балабақшалармен бірігіп жұмыс жүргізуде.

Қайырымдылық іс-шаралар музейде 2002 жылдан бастап өткізілуде. Дәл осы жылдан бастап алғаш рет Қоғамдық Орталықтарда және «САТР», «КЕҢЕС», «АРДИ», «Алтын Көл» Қорларында есепте тұрған (ДЦП, Дауна ауруы, онкологиялық және жүрек-қан тамырларының ауруы, қант диабеті) ауруларымен ауратын 320 балаға Жаңа жылдық шырша өткізілді. Музей үшін дәстүрлі емес жұмыс түрі – қайырымдылық іс-шаралар өткізу, ол - ҚР МОМ-нің қоғамның әлеуметтік қорғалмаған бөлігімен үнемі жұмыс жүргізудің бір түрі. Жыл сайын музей жетім балалар мен мүгедек балаларды қорғауға арналған қайырымдылық акциялар мен іс-шараларын өткізіп тұрады. Мұндай жұмыстар келушілермен жаңа бағытта қарым-қатынас орнатуға әрі осы саладағы балаларды шығармашылық ынталандыруға мүмкіндік береді.

Қайырымдылық іс-шараларды бизнес құрылымдар, қаланың ірі кәсіпорындары, жеке меншік коммерциялық компаниялар және т.б. қолдап көмек көрсетеді.

2010 жылдан 2014 жыл аралығында музей 25 қайырымдылық іс-шара (аукциондар, музей экспозициясының тақырыбымен және мемлекеттік мейрамдармен байланысты берілген тақырып бойынша өткізілген балалар шығармашылық көрмесі, викториналар, концерттер, XX ғ. II жарты жылдығындағы ретро мультипликациялық фильмдер және т.б) өткізді.

Солардың ішіндегі ең қызықты шаралар:

- Жетім-балаларға арналған ҚР Жарты Қызыл ай Қоғамының Алматыдағы қалалық комитеті-филиалымен бірлесіп өткізілген Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Музейдегі таңертеңгілік» шарасы (1 маусым 2010 ж.);

- «Алтын Көл» балаларды қамқорлыққа алу мен аналарды қорғау қайырымдылық қорының есебінде тұратын балаларға арналған «Жаңа жылдық шырша» мерекесі (2002-2014жж.);

Урок изобразительного искусства- Балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» (1 маусым, 2013 ж.), «Музейдегі кездесу» (мамыр, 2014ж.) мерекелік іс-шаралары.

- Мемлекеттік мерекеміз «ҚР Тұңғыш Президенті күні» аясында «Аяла» ЖҚҚ бірлескен №9 интернат тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық іс-шара өткізілді (2012 ж.). №9 интернат тәрбиеленушілермен бірге іс-шара аясында концерт ұйымдастырылып, бейнелеу өнері сабағы өткізілді.

- М.Оспанов атындағы қоғамдық қорымен бірлескен «БІЗ БІРГЕМІЗ» атты қайырымдылық іс-шара өткізілді (сәуір, 2014 ж.). Алматы қаласының 15 интернаты мен балалар үйінің оқушыларының көрмесі ұйымдастырылды. Қатысқан балалар саны - 300 адам. Музей қызметкерлері балалардың үздік жұмысын таңдауға қатысты.

2014 жылдың 3 қарашасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «Ашық Әлем» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Сорос Қазақстан» қорының қолдауымен аутизмге шалдыққан балаларға арналған қайырымдылық іс-шара өткізді. Іс-шарада «ҚҰҚЫМ БАР» атты фотокөрме ашылды, онда Қазақстандағы аутизм мәселесін көрсететін қазақстандық жас фотосуретші Қанат Бейсекеевтің жұмыстары қойылды.

Екінші жыл қатарынан ҚР Мемлекеттік орталық музейінде онкологиялық аурулармен ауыратын балаларға көмек ретінде қаржылай қолдау мақсатында «ӨМІР СҮРГІМ КЕЛЕДІ!» атты қайырымдылық аукционы өтті (2013, 2014жж.). Іс-шара үшін 20-ға жуық картина қойылды. Олардың бір ерекшелігі, бұл картиналарды Қазақстан суретшілері мен онкологиялық аурумен ауыратын балалар дуэті салған. Бізді қолдағандар: апалы-сіңлілер ГаБо, Шеге, Т. Волкова, Ж.Жұбанова, Н.Литвинова, А. Нода, Э.Казарян, М.Бекеев, С.Буксиков, Люй-Ко, С.Сүлейменова, Г. Баянов және басқалар.

auktsion-kartin2 auktsion-kartin
«ӨМІР СҮРГІМ КЕЛЕДІ» аукционы

 Мерейтойлық кездесулер мен шығармашылық кештер

 Музей жыл сайын белгілі мәдениет, ғылым және өнер қайраткерлерінің қызметіне арналған, ҰОС ардагерлерімен, ҚР естелік күндеріне орай мерейтойлық кездесулер мен шығармашылық кештер өткізіп тұрады.

 Суретшілермен кездесулер

 Музейде көрмелер аясында суретшілер және сәндік қолданбалы өнер шеберлерімен кездесулер өткізіліп тұрады.  

А.Абдалиеваның «Жетінші сезім» көрмесі аясында Оқушылар сарайының бейнелеу өнері оқушыларымен (20 оқушы) суретші Ақжан Абдалиеваның шығармашылық кездесуі ұйымдастырылып өкізілді. Суретші өз жұмыстарының кәсіби сырларымен бөлісіп, өзінің жас әріптестерінің қойған көптеген сұрақтарына жауап берді.

 Ұрпақтар кездесуі

 Музейдің Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне деген қарым-қатынасы ерекше. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығына арналған «Музейдің Даңқ аллеясы» атты көрме аясында (мамыр, 2010ж.) Алматы қаласы Медеу ауданының ардагерлер Кеңесінің қатарынан 25 ардагермен оқушылардың кездесуі, концерт және қол күрес шеберліктерін көрсету өнерінен сайыс ұйымдастырылды.

Іс-шараның өткізілуіне «КСЕLL» компаниясы көмек көрсетіп, ардагерлерге – ұялы телефондар, азық-түлік салынған себеттер мен шоқ гүлдерін тарту етті. Сол күні Медеу ауданының 220 ардагері Жеңіс күніне арналған құттықтау ашық хатын алды.

 - ҚР МОМ бірінші директоры, ғалым этнограф Ә. Жиреншиннің 100 жылдық мерейтойына арналған «ҒАЛЫМ ҰСТАЗ» атты мерейтойлық кеш (2014 ж.).

 - «Невада-Семей» Халықаралық ядролық жарылысқа қарсы қозғалысы қатысушыларымен, көрнекті қазақстандық қоғам қайраткері, ақын, Қазақстанның халық жазушысы, «Невада-Семей» ХЯҚ Президенті О.О. Сүлейменовпен, қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, ХЯҚ вице-президенті М.М.Әуезовпен және басқа қатысушылармен өткізілген кездесу. Кездесу «Невада-Семей» ядролық жарылысқа қарсы қоғамдық қозғалысының құрылғанына 25 жыл толуына арналды (қыркүйек).

 ДЕФИЛЕ

 Дефиле мәдени-білім қызметінің инновациялық түрлерінің бірі болып табылады. Онда қазақтардың ұлттық киімдерін, сондай-ақ Қазақстанда тұратын халықтардың ұлттық киім үлгілерін көрсетеді. Дефиле іс-шара, көрме мен фестивальдар шеңберінде өтеді.

2011 жылы Алматыда 7-ші Қысқы Азиялық ойындардың өтуіне орай өткізілген «Қазақстан спортының даму тарихы» атты көрме аясында Zibro компаниясы өздерінің спорт киімдерінің үлгісін көрсетті.

2011 жылы “Reconstruction – мәдени мұра және сәннің қазіргі тенценциялары» атты әйгілі британдық дизайнерлердің сән көрмесі аясында музейде British Council ҚР Ұлыбритания Елшілігі бірлескен дефиле ұйымдастырылды. Аталған сән көрмесін ашу мақсатында арнайы Ұлыбританиядан британдық дизайнер Джерард Вилсон Алматыға келді. Көрмеде: Питер Дженсонның бизнес-серіктесі, Вивьен Вествуд, Пол Смит, Хуссейн Чалаян, София Кокосалаки, Мариос Шваб және Осман Юсефзада сынды әйгілі британдық дизайнерлердің туындылары қойылды. Іс-шараны 15000 адам тамашалады.

БАЛАЛАР АЛАҢЫ

Музейде мектеп оқушыларына қысқы және жазғы демалыстарында балалар шығармашылық алаңдары мен көрмелері ұйымдастырылады. Оның мақсаты – балаларды музеймен таныстыру және балалардың ата-аналарымен бірге бос уақыттарын бірге өткізіп, мұнда өз шығармашылық қабілеттерін таныту, музей заттары мен экспозицияларын (мәселен, «Қызықты музейлік зат», «Бұл зат менің үйімде бар», «Бұл зат туралы маған музей экскурсия жүргізушісі айтып берді» және т.с.с. ) оқып, үйрене отырып, музей тақырыбына сурет салу.

Детская площадка "Мой независимый Казахстан"2011 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты іс-шара аясында музейде балалар алаңы ұйымдастырылды (2011 ж.). Балалар музеймен, біздің еліміздің мәдени-тарихи мұраларымен танысып, викториналарға белсенді қатысты. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы бойынша көптеген сұрақтарға жауаптар берді. Қатысушыларға «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбы бойынша ҚР символдарының суретін салу ұсынылып, өздеріне өлең немесе әңгіме жазу ұсынылды. Қортындысында балалардың 80-ге жуық жұмысынан құралған балалар көрмесі ұйымдастырылды.

- «Менің жазғы демалысым ҚР Мемлекеттік орталық музейінде» (2013 ж.). Мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерлерде демалушы балалардың осындай тақырыптағы жұмыстарынан балалар шығармашылық алаңы безендірілді.

- «Мен музейдемін» (2014 ж.) шарасына балалар алаңында Алматы қаласының 25 мектебінен 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар қатысты. Балалар музейге 150-ге тарта сурет салып қалдырды. «Дружные ребята» балалар газеті ақпараттық демеуші болды. №5 (5843) 4 ақпан 2014 ж.  

МУЗЕЙДЕГІ КИНОКӨРСЕТІЛІМДЕР

 Жыл сайын музей отандық тарихи мерейтойлық күндерге, балалар мерекелеріне және т.б. күндерге байланысты іс-шаралар және жобалар аясында кинокөрсетілімдер көрсетеді. Музейдің тұрақты демеушілерінің бірі - «Ш.Айманов атындағы Қазақфильм» АҚ.

 2014 жылы музей киностудиямен бірлесіп мынадай бірнеше кинокөрсетілімдер сериясын көрсетті:

 - аса көрнекті актер, кинорежиссер, Қаз КСР-ның халық әртісі Шәкен Аймановтың 100 жылдық  мерейтойына арнап көрсетілген оның фильмдері;

 - 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған балалар мерекесі аясында көрсетілген анимациялық фильмдер;

 - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске түсіру күніне арналған «Алаш Орда» кино көрсетілімі (деректі фильм, реж. Х. Омаров);

 - Алматы күніне арналған «Алматы: тарихы мен қазіргі бейнесі» деректі фильмінің көрсетілімі (21 қыркүйек).

АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ

ҚР МОМ-де «Ашық есік күндерін» өткізу игі дәстүрге айналған. Экскурсия жүргізушілер жоспарланған іс-шара туралы алдын-ала балалар үйін, интернаттар, қарттар үйін және қаланың аудан әкімдіктерін (мәдениет орталықтарын) ақпараттандырады.

Музейде таяуда өткізілген іс-шаралар:

 


2016 жылы өткізілген іс-шаралар

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source