авто

Переключатель языков

03.03.2018 ж. Орталық Азия қолөнер шеберлерінің «ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ГҮЛДЕГЕНДЕ» атты дәстүрлі көрме-жәрмеңкесі

2018 жылдың 3-4 наурыз күндері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Орталық Азия қолөнер шеберлерінің «ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ГҮЛДЕГЕНДЕ» атты дәстүрлі көрме-жәрмеңкесін өткізеді.

Көктем - алғашқы гүлдер бәйшешек пен қызғалдақтардың уақыты, керемет көктемнің мерекесі - 8 наурыз. Осы мереке арқылы көктемнің жылуы мен жаз шырайының хабарының оянуын сезіне аламыз. Халықаралық әйелдер мерекесінің символы, көктемнің гүлі – бәйшешектер мен сыйлықтар беретін мезгіл.

Көркем өнер мен қолөнер туындыларының алуан түрлері көрме-жәрмеңкеге келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Мұнда тамаша әрі ғажайып сыйлықтар, авторлық үлгідегі әсем заттар мен қолөнер туындыларын сатып алуға болады.

Бұл ауқымды көрме-жәрмеңкеге Қазақстанның барлық аймағынан, сондай-ақ Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей, Грузия және Монғолияның 100-ден астам халық шеберлерінің бірғана данадан тұратын бірегей туындылары – сыйлық және сувенирлік өнімдер, киізден және жібектен жасалған бұйымдар, кілемдер, зергерлік әшекейлер, қыш ыдыстар, бейнелеу өнері шығармалары көпшілік назарына ұсынылады.

Жәрмеңке – тек қолөнер бұйымдарын сатып алу орны ғана емес, сонымен қатар ол халықтың қолөнер кәсібі арқылы өз тарихын таныту шарасы. Онда шебер әсем бұйымдардың қалай жасалатындығы және қолөнер әдістерінің құпияларымен бөліседі. Көрме аясында суретші Өмірбекова Гүльнар батик бетін әрлеу бойынша шеберлік сабағын өткізеді.      

Халық шеберлерінің біртума бұйымдары өнер сүюшіні бейтарап қалдырмайды. Бұл көрме-жәрмеңке - Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін әрдайым нағыз мереке, жарқын мәдени оқиға.

Құрметті музей қонақтары! Баршаңызды ертедегідей шығыс базарының ғажайып думанын сезінуге шақырамыз!

Жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 2018 жылдың 3-4 наурыз күндері сағат 9.00-18.00-ге дейін.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source