авто

Переключатель языков

Музей сабақтары

Білім беруге және ағартушылыққа бағытталған музей іс-шараларының арасында қазіргі кезде музей сабақтары ерекше сұранысқа ие. Музей сабақтары оқушылардың белгілі бір тақырыптар бойынша алған білімдерін бекітуге және тереңдетуге бағытталған. Бұл музей сабақтары мектептің оқу бағдарламалары бойынша оқушылардың білімдерін тереңдету мақсатында музей экспозициясы жанында өтеді. Оның ерекшелігі мектеп тапсырмаларын   музейдің көрнекі білім беру ортасында жүзеге асыру болып табылады.  

Бүгінгі күні музей педагогтары археология, қазақтардың дәстүрлі мәдениеті және Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы бойынша 12 музей сабағын дайындады. Музей сабақтары көрнекі материалдар, электронды таныстырылымдар, бейнефильмдерді пайдалану арқылы жүргізіледі.

Біздің қызметкерлеріміз өткізетін музей сабақтары:

№ р/с

Тақырыптың атауы

Өткізу орны

1.

Өзіндік жұмысқа арналған «Палеонтология және археология әлеміне саяхат» ойыны

Интерактивті лифлеттер 1 зал

2.

5-8 сынып оқушыларына арналған «Әжемнің сандығындағы заттардың тарихы» атты ойын-саяхат

2 зал

3.

Қазақтардың дәстүрлі киімдері

2 зал

4.

Киіз үй – көшпелілердің дәстүрлі баспанасы

2 зал

5.

Қазақтардың зергерлік бұйымдары

2 зал

6.

«Отан үшін отқа түс» - Б. Момышұлы

3 зал

7.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік   рәміздері

4 зал

8.

Тәуелсіз Қазақстанға саяхат

4 зал

9.

Біздің кішкентай бауырларымыз

Астыңғы қабат

10.

Қазақстанда тұратын диаспоралардың тарихы

3 зал

11.

Қазақ халқының қолданбалы өнері

2 зал

12.

Теңге тарихы

4 зал

«Киіз үй – көшпелілердің дәстүрлі тұрғын үйі».

Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті туралы. «Киіз үй – көшпелілердің дәстүрлі баспанасы» атты сабақ барысында оқушылар қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті мен қолданбалы өнері туралы көптеген қызықты мәліметтер алып, «Қазақ этнографиясы» залында ХІХ ғ. басы мен ХХ ғ. соңындағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі және үй тұрмысында қолданған әртүрлі заттарымен танысады. Музей сабағы түрлі көрнекілік құралдарды: үй тіршілігінде қолданған заттар, тапсырмалар берілген конверттер, киіз үйдің кішірейтілген көшірмесі және т.б. пайдаланып, ойын түрінде жүргізіледі. Киіз үй бөліктерін жинау арқылы балалар олардың атауын, сондай-ақ киіз үй ішіне қойылатын заттардың аттарымен, олардың қойылатын жерлерінің атын жаттауға мүмкіндік алады. 4-7 сынып оқушыларына арналған.

 "Юрта - традиционное жилище казахов"

 

«Біздің кішкентай бауырларымыз»

Сабақта балалар Қазақстанның бай жануарлар әлемімен танысып, жануарлардың өмірі туралы - оларда қайда өмір сүреді, немен қоректенеді, өз балаларын тіршілікке қалай баулу және т.б. түрлі қызықты мәліметтер алады. Сабақ ойын түрінде түрлі көрнекіліктерді пайдаланылып өткізіледі. Балаларға карточкалармен ойын ойнау, жануарлар туралы жұмбақтар жасыру, викторина-ойындар және т.б. ұсынылады. Сабақты жүргізу үшін интерактивті оқу құралы – пазлдар, бояулар және т.б. пайдаланылады. Бұл бағдарлама 1-3 сынып оқушыларына арналған.  

«Тәуелсіз Қазақстан еліне саяхат»

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы туралы. Сабақ барысында ҚР Тұңғыш Президентінің мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі туралы айтылады. «Тәуелсіз Қазақстан» залына жүргізілген қызықты экскурсиядан кейін балалар топтарға бөлініп, «Даталар не туралы айтады» атты викторина-ойынға қатысады, сонымен қатар «Қазақстан: кеше, бүгін, ертең» атты шығармашылық тапсырмалар орындайды. Бұл бағдарлама 7-11 сынып оқушыларына арналған.

 

Путешествие по Независимому Казахстану

«Ер есімі - ел есінде»

 

7-11 сынып оқушыларына арналған. Сабақ барысында балалар аңызға айналған қазақ батыры, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігі туралы мол мағлұмат алады.

 

Нет героя без народа

 

«ҚР Мемлекеттік рәміздері»

 

Сабақ барысында балалар ойын түрінде ҚР мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба, Әнұранның шығу тарихымен танысып, көптеген қызықты мәліметтер алады. Сондай-ақ сабақта оқушылар мемлекетіміздің жаңа тарихының қалыптасуына үлес қосқан тұлғалармен, танымал ғылым және мәдениет қайраткерлерімен танысады. Сабақ барысында 4-6 сынып оқушыларына өз отбасының, елінің, сыныбының Елтаңбасын жасау сияқты тапсырмалар беріледі. 7-11 сынып оқушыларына арналған.   

Государственные символы Казахстана

«Теңге тарихы»

 Сабақ барысында балалар ақшаның шығу тарихымен және ұлттық валюта – теңгенің шығу тарихымен танысады.

 

"История тенге"«Тәуелсіз Қазақстан» 4-залында өткізілген «Теңге тарихы» атты  музейлік сабақ

«Қазақтардың дәстүрлі киім-кешегі»

Музей сабағының бірінші бөлімі экспонаттардың арасында өткізіледі, онда экскурсия жүргізушілер балаларды қазақтардың дәстүрлі киім-кешегінің түрлерімен таныстырады. Сабақтың екінші бөлімінде оқушылар қуыршақтарға қазақтардың дәстүрлі ұлттық киімдерін кигізеді. Ол 4-7 сынып оқушыларына арналған.

Традиционная одежда казахов

 

Бүгінде музейде қазақ халқының танымал тұлғаларының мерейтойларына арналған ашық музейлік сабақтар өткізу жақсы дәстүрге айналып отыр. Ашық музейлік сабақтар қаладағы оқу орындарының оқушыларымен тығыз байланыста өткізіледі. Аталған сабақтардың өткізу түрлері - музейлік әдеби-музыкалық сабақ, қойылым-сабақ, концерт-сабақ т.б. Сабақтардың негізгі мақсаты мен міндеті – балаларды қазақ ұлттық мәдениетімен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрі, мерекелері жайында білімдерін кеңейту. Мерекелер мен дәстүрлер – төл ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бір бөлігі екені анық.

Музейлік сабақтар жүргізу барысында балалар жазушылары және ақындарымен, музыкалық ұжымдармен және халық әндерінің орындаушыларымен кездеседі. Сондай-ақ музей қорынан алынған қызықты музейлік жәдігерлермен, соның қатарында танымал тұлғалардың жеке заттарымен танысуға мүмкіндік алады. Осының бәрі балаларды еліміздің тарихы мен мәдениетіне баулуда маңызды орын алып, жас ұландарды ерекше зор әсерге бөлейді.

Ашық музей сабақтары балалардың бойларында патриоттық рух сезімін оятып, оларды өткенге құрмет, келешекке нық сенім сезіміне жетелейді. Өткеннің музыкалық дәстүрін сезіну арқылы балаларға тарих кеңістігіне ерекше шабыт көңіл-күйімен енуге мүмкіндік береді. Сабақтың қатысушылары қазақ халқының танымал тұлғаларының, ақын, жазушыларының қызықты өмірбаянымен, сондай-ақ әдебиет пен өнердің түрлері және әртүрлі жанрлардың қалыптасуымен даму тарихымен танысады. Сонымен қатар балалар тек тыңдарман болып қана қалмайды, сабаққа тікелей өзінің қатысуы арқылы: ән айтып, театрландырылған қойылымда өнер көрсетіп, бір сәтке өткен тарихты «сезінеді».

Қазіргі уақытқа дейін музейде төмендегідей ашық музейлік сабақтар өткізілді:

 

open-muz-urok1 open-muz-urok5
Қазақ ақыны, композиторы Біржан сал Қожағұлұлының мерейтойына орай өткізілген музейлік сабақ Әйгілі қазақ әншісі, әртісі Әміре Қашаубаевқа арналған «Ән атасы - Әміре» атты музейлік сабақ

 

Қазақтың халық әншісі, композиторы, атақты балуаны Нұрмағанбет Баймырзаұлының мерейтойына орай «Әнімен нәзік, күшімен алып Балуан Шолақ» атты музейлік сабағы өткізілді. Музейлік сабақ аясында Спорт және туризм Академиясының ұлттық спорт түрлері кафедрасының профессоры Ерғали Мұхитдинов және белгілі халықаралық деңгейдегі самбо күресі бойынша спорт шебері Асылбек Әлкеймен кездесу ұйымдастырылды. Олар балаларға ұлттық спорттың түрлері және атағы шыққан қазақ балуандары туралы ғана емес, сондай-ақ қазіргі заманғы спорт ойындарының жағдайы жайлы, спортшылары мен айтулы жеңістің қандай еңбекпен келетіні жайында көптеген қызықты әңгімелер айтып берді.

Белгілі қазақ ғалымы-тарихшысы Ермұхан Бекмахановтың 100 жылдық мерейтойына орай «Қапасқа қамалған рух» атты сабақ дайындалып өткізілді. Сабақ барысында оқушылар талантты ғалымның өмірі жайлы көптеген қызықты мағлұматтар алды. Сабақ арнайы жабдықталған витриналарда Е.Бекмахановқа қатысты көптеген суреттер, еңбектер мен құжаттар қойылған 4-экспозициялық залдың төрінде өткізілді.

open-muz-urok6 open-muz-urok7
«Әнімен нәзік, күшіме алып Балуан Шолақ» атты музейлік сабақ

 Белгілі қазақ ғалымы-тарихшысы Е.Бекмахановтың 100 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Қапасқа қамалған рух» атты музейлік сабақ.

«Бесік - көшпелілердің өнертапқыштық даналығы» атты музейлік сабағы қазақтардың «бесікке салу» дәстүрімен таныстырады. Сабақ барысында оқушылар қазақтардың баланың тууымен байланысты шілдехана, бесикке салу секілді көптеген ұлттық дәстүрлерінен мол мағлұмат танысып, біледі, сондай-ақ бала тәрбиелеудегі бесік жырларының алатын маңызы жайлы көптеген қызықты мәліметтер ала алады.

Белгілі өнер майталмандары Сүйінбай Аронұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Нұрпейіс Байғанин, Нартай Бекежанов, Иса Байзақовтардың мерейтойларына орай «Өмірі өнермен өрілген майталмандар» атты музейлік сабақ өткізілді. Сабақ 2 – Қазақтардың этнографиясы залында өткізілді. Оған Абай атындағы № 2 қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушылары белсене атсалысты. Оқушылар өздерінің білімдерін белгілі талантты авторлар мен орындаушылардың шығармаларын орындап, ақындардың өлеңдерін нақышына келтіре оқып берді.

open-muz-urok2 open-muz-urok3
«Бесік - көшпелілердің өнертапқыштық даналығы » атты музейлік сабақ «Өмірі өнермен өрілген майталмандар» атты музейлік интерактивті сабақ

 Қазақстан жеріндегі Байқоңыр - ірі ғарыш айлағының 60 жылдығына орай «Байқоныр ғарыш айлағына – 60 жыл» атты музейлік интерактивті сабағы өткізілді. Сабақ барысында балалар Байқоңыр ғарыш айлағының тарихы мен қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтар туралы, ғарышты игерудегі Байқоңырдың алатын рөлі жайлы қызықты мәліметтер алды.

Таяуда ғарышқа ұшқан қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов туралы алдағы өткізілетін музейлік сабақта арнайы әңгімеленетін болады.

«Байқоңыр ғарыш айлағына – 60 жыл» музейлік сабағы

Көктем мерекесі – «Наурыз мейрамы» қарсаңында ҚР Мемлекеттік Орталық музейі балаларға «АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» атты музейлік сабақ ұсынады.

 

Сабақта қазақтың қиял ғажайып ертегілерінің кейіпкері – Қыдыр-ата этнография залы бойынша экскурсия жүргізеді. Мұнда балалар осы көне мейрамның пайда болу тарихы мен тойлану дәстүрі туралы мағлұмат алады. Танымдық әрі қызықты экскурсиядан кейін балалар дайындалған сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақ және жұмбақтар шешу арқылы алған білімдерін бекітеді.

 

Сабақтар театрландырылған үлгіде өткізіледі.

muz-urok-nauryz

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source