авто

Переключатель языков

Білім бағдарламалары

ҚР МОМ музейлік-педагогика қызметінің басты бағыттарының бірі - Қазақстан тарихы мен мәдениеті бойынша мәдени-білім жобалары мен бағдарламаларын дайындау және жүзеге асыру. Мәдени-білім жұмысы орталығының музейлік педагогтары Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы бойынша музейдің қор көрмелерінің шеңберінде оқу орындарының оқушыларына арналған білім бағдарламаларын дайындап, ұсынады. Білім бағдарламаларын дайындаған кезде музей қызметкерлері балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытатын түрлі әдістер мен тәсілдері қолданады. Интерактивті бағыт (диалогтық оқыту арқылы музейдің аудиториямен тікелей қарым-қатынасы) - музейдің қазіргі заманғы мәдени-білім қызметінің кең тараған түрлерінің бірі болып табылады. Оқушылармен жұмыс жүргізген кезде ойын, рөлдік, сұрақ-жауап сияқты интерактивті әдістер қолданылады.

 - «Армысың, музей» атты музейлік-педагогикалық бағдарлама

2003 жылы музей қызметкерлері циклдық интерактивтік сабақтардан тұратын «Армысың, музей» атты музейлік-педагогикалық бағдарлама әзірледі. «Армысың, музей» атты көп деңгейлі музейлік-педагогикалық бағдарлама музейдің түрлі деңгейлердегі білім беру жүйелерімен нәтижелі қарым-қатынас жасау мақсатында дайындалды.        

Образовательная программа «Здравствуй,  музей» с использованием интерактивной технологии Образовательная программа «Здравствуй,  музей» с использованием интерактивной технологии

Интерактивті технологияны қолдану арқылы өткізілетін «Армысың, музей» атты білім беру бағдарламасы

 

Бағдарламаның мақсаты – оқушыларды музеймен таныстыру және Қазақстанның көне және орта ғасырлық тарихы бойынша алған білімдерін жетілдіру.

Музей аталған бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде бастауыш сынып оқушыларының музейге келуін қамтамсыз ететін жыл сайынға ортақ жоспар жасайды, ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетіліп, кеңестер береді.

«Армысың, Музей!» бағдарламасы бойынша циклдық сабақтар музейдің экспозициялық залдарында өткізіледі

р/с

Тақырыптың атауы

 

Өткізілетін орны

1.

Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы

1 зал

2.

Қазақстан аумағындағы тас дәуірі

1 зал

3.

Қазақстан аумағындағы қола дәуірі

1 зал

4.

Қазақстан аумағындағы темір дәуірі

1 зал

5.

Түркілер дәуірі

1 зал

Образовательная программа -  игра-путешествие  «История предметов из бабушкиного сундука» во 2-ом экспозиционном зале музея.2013-2014 жылдары музей педагогтары 5-8 сынып оқушылары музейдің 1-2 экспозициялық залдарын өз беттерімен таныстыруға мүмкіндік беретін, қазақ және орыс тілдерінде «Палеонтология және археология әлеміне саяхат» және «Әжемнің сандығындағы заттардың тарихы» интерактивті ойын-саяхат бағдарламаларын әзірледі. Бағдарламада «палеонтология», «археология», «этнография және қазақтардың тіршілігі: киіз үй», үй керек-жарақтары, ыдыс-аяқ, ер-тоқымдар, қару-жарақ, кілем-киіз бұйымдары, зергерлік әшекейлер, қазақтардың дәстүрлі киім-кешегі атты бөлімдер бойынша тақырыптық сұрақтар мен шығармашылық тапсырмалар берілген.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source