Шет елдік қонақтарман жұмыс

авто

Переключатель языков

Шет елдік қонақтармен жұмыс

ҚР МОМ-мен танысу – тек Алматы қаласының ғана емес, бүкіл еліміздің тарихын таныстыру бағдарламаларының бірі болып табылады. Жыл сайын ҚР МОМ-не жақын және алыс шет мемлекеттерден жүзден астам арнайы делегация келеді. ҚР МОМ-нің бай және бірегей экспозициясы, көрмелері мен іс-шаралары көптеген шетелдік қонақтардың қызығушылығын тудырады, олар үшін музей қызметкерлері Қазақстан халқының тарихы мен бай мәдениетімен таныстыратын шолу және тақырыптық экскурсиялар жүргізіледі.

Шет елдік қонақтарды келесідегідей топтарға бөлуге болады:

- Ресми делегация;

- Халықаралық мәдени, экономикалық, спорт және басқа да форумдарға қатысушылар;

- Туристік компаниялармен ұйымдастырылатын топтар, әсіресе, көктем-жаз мезгілдерінде көп келеді (бүгінде  музей «Марс Тур», «Тур Азия», сондай ақ Қырғызстан, Ресей, Өзбекстанның туристік компанияларымен ынтымақтастық жасасып келеді);

- Шет мемлекеттерде тұратын отандастарымыз;

Лауазымды адамдарға экскурсия жүргізу үшін ерекше көңіл бөлінеді, ұйымдастырушылармен алдын-ала экскурсия бағыттары, күні мен уақыты, қай тілде өткізілетіні келісіледі.

Словак Республикасынан келген делегация. Президент И. Гашпарович, 2010 ж. Шетелдік қонақтар, әсіресе, «Тарихи этнография» деп аталатын ІІ залдағы Қазақ хандығының құрылуы, қазақ халқының экономикасы мен мәдениеті, Қазақстанның Ресей құрамына кіруі атты және басқа да тарихи мәні бар оқиғаларды ашатын экспозицияны тамашалағанды ұнатады. Қазақтардың дәстүрлі тұрағы – киіз үй, бай зергерлік коллекциялар да келушілер назарынан тыс қалмайды.   Мұндай қонақтар үшін V зал - «Ашық қор», ІV зал – «Тәуелсіз Қазақстан», «Антропология музейі» залдары да қызық.

Музейде сондай-ақ кәдесыйлар дүкендері, дәмхана жұмыс істейді. Шетелдік қонақтарға арналған музейдің барлық экспозициялық залдары бойынша бағдаркітапшалар мен буклеттер дайындалған.

Сонымен, жиынтықтай алғанда, ағымдағы жылы музейге алыс-жақын шетелден 200-ден астам ресми делегация келді. Құрметті қонақтардың ортасында танымал дүниежүзілік ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлері, қоғамдық-саяси Оңтүстік Африка Республикасының Президенті  Зума Джейкоб қайраткерлер, лауазымды адамдар бар, олар: Ресей Федерациясының еңбегі сіңген ғылым қайраткері, тарих ғылымының докторы, профессор Д.Н. Мартьянов (2010 ж.), Тоқтар Әубәкіров, Ресей Федерациясының Федералдық жиналысының Мемлекеттік дума төрағасы Сергей Нарышкин (2012 ж.), жазушы Мұхтар Мағауин (2014 ж.), Олжас Сүлейменов (2014 ж.), Словак Республикасының президенті И.Гашпарович, Үндістан Вице-Президенті Хамит Ансари (2008 ж.), Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Зума Джейкоб, Біріккен Ұлттар ұйымының делегациясы (2010 ж.), Ханзада Кентский Майкл (2009 ж.), Халықаралық Олимпиада Комитетінің Президенті Рогге Жак (2011 ж.), ҚХР Мәдениет министірі У Цай (2011 ж.) және т.б.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source