авто

Переключатель языков

Студенттердің музейлік практикасы

 

Музейдің қазіргі заманғы коммуникациялық моделі түрлі аудиториямен жұмыс жүргізуге бағытталған. Студенттер мектеп оқушыларымен қатар, музей аудиториясының негізін құрайды. ЖОО-ның студенттеріне арналған музейлік практика өту бүгінде өз сұранысын жоғалтқан жоқ. Практика бағдарламасы студенттерді музей ісінің негізімен таныстыруға және оларды музейдің мәдени-біліми қызметіне қатыстыруға бағытталған. Музей экспозициялары мен көрмелері базасында muz-practikaтүрлі жоғары оқу орындарының студенттері үшін «Музейтану», «Қазақстан тарихы», «Менеджмент және маркетинг», «Мәдениеттану», «Педагогика және психология» бағытында мамандану бойынша экскурсиялар, кеңес берулер, тәжірибелік сабақтар өткізіледі, музейдің жетекші ғылыми қызметкерлері дәрістер оқиды. Кәсіби музейлік практиканың басты мақсаты - маңызды ғылыми-білім беру және мәдени орталық саналатын музей туралы білімді кеңейту, музей тарихын, құрылымын, музей қызметінің негізгі бағыттарын дәріптеу арқылы еліміздің тарихи-мәдени мұраларына қастерлі түрде қарым-қатынас жасауды қалыптастыру болып табылады. Жоғары оқу орындарының оқытушыларымен музеймен ынтымақтастық және музейлік практика ұйымдастыру туралы тұрақты кеңес беру жұмыстары жүргізіледі. Тәжірибе бағдарламасында: мәдени-білім жұмысы музейлік іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу ЖОО және музей арасында жасалған келісімшартқа және бағдарламаға сәйкес жүргізіледі, бағдарламада музейдің экспозициялық залдарымен таныстыру, практикалық сабақтар мен дәрістер қарастырылған.

 

Музей іс-тәжірибесінің негізгі бағыттары:

  • Музейдің функциялары. Музейлердің жіктелуі.Тарихи музейлердің ерекшеліктері. Музейдің құрылымдық бөлімдерімен таныстыру.
  • Қор жұмыстарының негізгі бағыттары: іріктеу, есепке алу,сақтау және т.б.Ғылыми қор мекемесі. Музей қорын Мемлекеттік есепке алу. Музей заттарын сақтау және қорғау. Қор коллекцияларымен таныстыру.
  • Музей заттарын қалпына келтіру және консервациялау.
  • Экспозиция құрудың негізгі бағыттары мен әдістері, экспозициялық материалдарды пайдалану. Экспозициялық кешендер. Концепция. Құрылым. ТЭЖ. Көркемдік шешім. Этикетаж.
  • ҚР МОМ ғылыми-зерттеу және жоба жұмысы.
  • Мәдени-білім қызметі. Музейлік педагогика.
  • Менеджмент және маркетинг.
  • Музейдегі қаржылық- экономикалық қызмет.

Музейлік іс-тәжірибе аясында музей қызметкерлері оқитын дәрістер:

  • ҚР Мемлекеттік орталық музейіндегі электронды катологтау жүйесі («Музеолог» бағдарламасын енгізу тәжірибесінен)
  • ҚР МОМ қор коллекцияларының құрылымы мен құрамы
  • Қорларды Мемлекеттік есепке алу және олардың қозғалысы
  • Суретшілердің акварель жұмыстарын қайта қалпына келтіру әдістері (сурет салу, этюдтар)
  • Суретшілердің жалпы қалпына келтіру жұмысы (пастель, көмір, граф. қарындаш)
  • Құжаттарды қалпына келтіру (анықтамалар,құрмет грамоталары)
  • Майлы кескіндемені қалпына келтіру технологиясы
  • Жыртылған жерлерін жамау, тесіктерді бітеу
  • Бояу қабатын бекіту
  • Кілем-киізден жасалған бұйымдарды қалпына келтіру (сырмақ, текемет)
  • Бұзылған және сынған керамикалық бұйымдарды қалпына келтіру әдісі
  • Металдан жасалған экспонатты қалпына келтіру (күмістен және алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар)
  • Музейдің жарнама және PR- қызметі
  • Әлеуметтік серіктестік, музейдің саяси коммуникативтік негізі
  • Музей ісіндегі менеджмент және маркетинг
  • Музейдің менеджмент және маркетингтегі жаңа технологиялары
  • Музейдің мәдени-білім қызметіндегі жобалық технологиялары
  • «Музей түні» жобасы
  • Қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
  • Музейлік педагогика: интерактивті оқу бағдарламалары
  • ҚР МОМ ғылыми кітапханасы
  • Музей заттарын фотоқұжаттар қорында сақтау принциптері мен әдістері
  • Музей заттарын коллекциялар бойынша жаратылыстану қорында сақтау принциптері мен әдістері:
  • Палеонтология, геология, зоология, ботаника, Қазақстанның табиғаты жөніндегі фотоқұжаттар
  • Музей заттарын киім-кешек қорында сақтау принциптері мен әдістері
  • Музей заттарын негативтер, аудио және бейнематериалдар қорында сақтау принциптері мен әдістері
  • Музей заттарын бағалы металл қорында сақтау принциптері мен әдістері.
  • Дәрістерді, экскурсияларды және кеңестерді музейдің жоғары білікті мамандары өткізеді.

ҚР МОМ-мен бірге қызмет істейтін ЖОО мен колледждер:

  • Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті,
  • Шет тілдер және іскерлік карьера университеті,
  • Санкт-Петербор Гуманитарлық Кәсіподақтар Университетінің Алматыдағы филиалы,
  • Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті,
  • КИМЭП
  • Экономика және статистика академиясы,
  • «Сымбат» дизайн және технология академиясы,
  • «Қайнар» және «Тұран» университеттері,
  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
  • Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі,
  • О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі,
  • Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжі.

 

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source