авто

Переключатель языков

14.12.2018 ж. «Christmas Art Fair-2018» атты бейнелеу өнері көрме-жәрмеңкесі

2018 жылдың 14-18 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде Алматы қаласындағы «Творческие сезоны» компаниясының ұйымдастыруымен Орталық және Орта Азиядағы ең ірі Халықаралық «Christmas Art Fair-2018» атты бейнелеу өнері көрме-жәрмеңкесі өтеді.

christmas-fair201814 желтоқсан күні сағат 13:00-де салтанатты ашылу рәсімі өтеді, көрме-жәрмеңке аясында Қазақстанның бисер өнерінің шеберлері қоғамдастығынан премиум-класты авторлық әшекейлер көрсетіледі.

Жаңа жыл — үлкендер мен балалар күтетін сиқырлы мереке. Ол ертегі әлеміне сиқырлы, жылтыр және жарқын оттармен дем алады. Жаңа жылдық мерекелердің уақыты — әр жылдың соңында әрбір үйге келетін ең ізгі, әдемі ертегі уақыты.

Бейнелеу өнері көрме-жәрмеңкесін өткізу Қазақстан мен басқа шет мемлекеттің суретшілері, шеберлері мен өнерді бағалаушылар үшін игі дәстүрге айналды. Көрме-жәрмеңкеде жұртшылық Қазақстан, Ресей, Украина және Орталық Азиядан келген дизайнер, суретші, шығармашылыққа құштар өзге де өкілдердің тартымды бұйымдарымен таныса алады. Көрме-жәрмеңкеге қатысушылар өздері жасаған дизайнерлік бұйымдарымен келушілерді таңқалдыру үшін бірнеше ай бұрын дайындық жасайды. Сонымен көрме-жәрмеңкеге әшекей бұйымдар, киім-кешек пен керек-жарақтар, интерьерлік заттар, авторлық карамельдер, тоқаштар, шоколад пен пісірілген түрлі тәттілер, шырша ойыншықтары, қуыршақтар, нәзік жібектер, жылы авторлық киізден жасалған заттар, фарфор, әйел сөмкелері, түрлі керамикалық заттар, эко-косметика және т.б. қойылады.

Рождестволық көрме жаңа жылдық өнімдердің бай ассортиментімен танысып қана қоймай, сонымен қатар барлығына қуаныш сыйлап, алдағы жылға жағымды әсер етеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен «Творческие сезоны» компаниясы Сіздерді Халықаралық «Christmas Art Fair-2018» көрме-жәрмеңкесін тамашалауға шақырады.

Көрме-жәрмеңкенің ресми ашылуы: 2018 ж. 14 желтоқсан, сағат 13-00-де

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 14 - 18 желтоқсан, сағат 9.00-19.00-ге дейін

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source