авто

Переключатель языков

Көшпелі дәрістер

Дәрістер музейде (кинозал), сондай-ақ өтінімдер бойынша музейден тыс жерлерде, Алматы қаласының оқу орындары мен әскери бөлімдерінде ұйымдастырылып, өткізіледі. Бүгінде музей қызметкерлері палеонтология, археология, этнография, Қазақстан тарихы бойынша 40-тан астам дәрістер (қазақ және орыс тілдерінде) дайындап, өткізіп келеді. Дәрістерде электронды таныстырылымдарды көрсету үшін мультимедиялық проектор мен компьютер, сондай-ақ аудиожазбалар, қысқа тақырыптық бейнефильмдер пайдаланылады.

Экскурсиялық қызмет көрсету тобының қызметкерлері төмендегі тақырыптар бойынша көшпелі дәрістер дайындап, өткізіп тұрады:

  • Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы
  • Берел – сақтар мәдениетінің ескерткіші
  • Қазақстанның археологиялық алтыны
  • Қазақстандағы жартас бетіндегі суреттер
  • VIII-XIV ғғ. Оңтүстік Қазақстанның қалалық мәдениеті
  • ҚР МОМ қорындағы көне түркілер ескерткіштері – балбал тастар
  • Қ.А.Яссауи кесенесі
  • Ерте темір дәуірі
  • Сақ мәдениеті
  • Орталық Қазақстандағы археологиялық ескерткіштер
  • Теңге тарихы
  • ҚР МОМ Нумизматика қоры
  • Қазақ тілінің тарихы
  • ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы дәстүрлі қазақ шаруашылығы мен тұрмысы
  • Батырлық институты
  • Қазақтардың дәстүрлі киімдері мен зергерлік әшекей бұйымдары
  • Қазақтардың дәстүрлі баспаналары
  • Наурыз - көктем мерекесі
  • ҚР МОМ қорындағы музыкалық аспаптар коллекциясы
  • Т.Рысқұлов пен М.Тынышбаев және олардың Түрксібтің құрылысына қосқан үлесі
  • Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезеңінде
  • Жер аударылған халықтардың тарихи өмірі
  • «ХХ ғасырдың он саңлағы»: А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханов, Б.Момышұлы, Д.Қонаев, Д.Нұрпейісова,  Қ.Сәтбаев , М.Әуезов, О.Сүлейменов, Н.Назарбаев Т.Әубәкіров                                     
  • Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
  • Тәуелсіздік монументі
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
  • Алматы: тарихы мен бүгіні
  • Астана – әлем таныған қала
  • Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы.
  • «Невада-Семей» ядролық жарылысқа қарсы Халықаралық қозғалыс

 

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source