авто

Переключатель языков

04.05.2018 ж. «Халық жүрегіндегі жауынгерлер» атты қайырымдылдық іс-шарасы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2018 жылдың 4 мамыр күні сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына арналған «Халық жүрегіндегі жауынгерлер» атты қайырымдылдық іс-шарасын өткізеді.

veteran-9maya

Жеңіс күні – жан аямай елін қорғаған ержүрек батырларымызды еске алу мерекесі. Асау уақыт тізгінін ауыздықтай алмайсың – жылдан-жылға адамзаттың басына алапат қасірет түсірген зұлмат соғыс жайлы баяндайтын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары сиреп барады. Ардагерлермен жүздесу өскелең ұрпақтың еліміздің өткен тарихын тереңірек зерделеуіне ықпал етіп, олардың бойында азаматтық сана-сезім, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, Отансүйгіштікке, қашанда ҚР мүдделеріне қызмет етуге лайық болуға тәрбиелеп, ардагерлерге құрмет көрсетіп, алғыс сезімін білдіруге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі серіктестерімен бірлесе отырып Жеңіс Күні мейрамы қарсаңы – 2018 жылдың 4 мамырында

Алматы қ. Медеу ауданында тұратын Ұлы Отан соғысы және еңбек майданы ардагерлеріне арнап мерекелік бағдарлама дайындады:

- ардагерлерге құрмет көрсетіледі;

-«Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» экспозициясымен танысу;

- ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара Қызметі Академиясы, Корей мәдени орталығы, «Аяжан» Медецина колледжі өнерпаздарының, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы артистерінің орындауында концерт;

Сондай-ақ, осы акцияны қолдаған: «Сұлтан-Маркетинг» ЖШС, ZUGO Home Textile, Гавая Аквапаркі, Қазақстан Жылыжайлары Қауымдастығы, «Бостан» компаниясы, «Ақмарал Сауда», «AMIRAN», «WELLDIS», «Lemonadoff Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері сынды демеушілеріміздің ардагерлерге ұсынбақ тарту-таралғылары бар.

«Сұлтан-Маркетинг» ЖШС

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source