2-3.06.2018 ж. Дәстүрлі Орталық-Азиялық «Жібек жолы» көрме-жәрмеңкесі
ҚР Мемлекеттік орталық музейі «Бахыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесе отырып, 2018 жылдың 2-3 маусым күндері дәстүрлі Орталық-Азиялық «Жібек жолы» көрме-жәрмеңкесін өткізеді. Жәрмеңкеге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Ресей, Моңғолия және Грузия елдерінің қолөнер шеберлері қатысады.
Көрменің ашылуы 2018 жылдың 2 маусымында сағат 10.00-де болады.
Осы жолы жәрмеңкеге қатысушылар қала тұрғындары мен қала қонақтарының назарына үйге және тұрмысқа қажетті түрлі естелік сыйлықтарын: киімдер, зергерлік бұйымдар, музыка аспаптары, шығыс миниатюрасын, кілемдер, киіз және жібек бұйымдарын, тоқыма, мата заттары мен кестелер, тұмарлар, тері бұйымдарын ұсынбақ.
Көрме аясында өткізілетін іс-шаралар:
2018 ж. 2 маусымы сағат 11.30-дан 14.00-ге дейін – «Бахыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығының қолдауымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Алтын-Көл» ана мен бала, балалық шақ пен асырап алуды қолдайтын қайырымдылық қор акциясы;
15.00-ден 16.00-ге дейін – О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің оқытушылары мен студенттері ұсынатын этникалық коллекциялар, қолөнер бұйымдарының лоторея ойындары;
2 және 3 маусым сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін – батик және киіз бұйымдарының шеберлік сабағы. қолдан жасалған барлық заттар қашанда адам жүрегіне шаттық пен әсемдік ұялатады.
Ұлттық қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі – қала тұрғындарының жыл сайын асыға күтетін іс-шараларының бірі.
Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 2-3 маусым 2018 жыл сағат 09.00-18.00
Көрмеге кіру – ақылы