авто

Переключатель языков

04.10.2019 ж. «ArtBazar – АЛТЫН АЛМА» Орталық Азия қолөнер көрме-жәрмеңкесі

2019 жылдың 4 - 6 қазанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп дәстүрге айналған күзгі «ArtBazar – АЛТЫН АЛМА» Орталық Азия қолөнер көрме-жәрмеңкесін өткізеді.

Күз мезгілі суретшілер, мүсіншілер, қолданбалы өнер шеберлерінің шабытын оятып, шығармашылық серпіліс береді.      «Алтын Алма» көрмесі сәндік-қолданбалы өнер суретшілерінің көптеген шығармашылығын ұсынады. Алма тек Алматы қаласының символы ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның көптеген суретшілерінің сүйікті шығармашылық тақырыбы болып табылады. Үйреншікті бір затты әр шебер өз қиялы, ойы арқылы сан алуан түрде жеткізген. Көрмеге қойылатын жұмыстардың негізгі тақырыбтары: натюрморттар мен пейзаждар, акварель, май, графика сияқты техниканың әр түрлерінде орындалған портреттер мен жанрлық көріністер. Шеберлер бұл символды өздері жасаған зергерлік әшекейлерге, панно, гобелендер, киізден жасалған бұйымдар мен тері, батик бұйымдарында көрсеткен.

«Алтын Алма» жәрмеңкесіне Қазақстан мен Орталық Азияның (Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркмения және Ресей) шеберлері қатысады. Көрме-жәрмеңге койылатын заттар әртүрлі. Алматылықтардың назарына авторлық әшекейлер, киім, сәнді сөмкелер мен косметикалық сөмкелер, бижутерия, дизайнерлік ойыншықтар, қыштан жасалған заттар, сабын және интерьер заттары, кәдесый өнімдері, жібек, киіз, былғары бұйымдары, музыкалық аспаптар, шығыс миниатюрасы, керамика, тоқыма заттар мен т. б. ұсынылады.

Мұндай қолөнер көрме-жәрмеңкелері Қазақстан мен Орталық Азия халықтары арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуда үлкен маңызға ие.

Көрме-жәрмеңке шеңберінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына сүйене отырып, жарияланған Жастар жылы аясында мектеп оқушылары, көркем колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Дәстүрлі ұлттық өнерге заманауи көзқарас» атты республикалық байқау өтеді.

«ArtBazar – АЛТЫН АЛМА» атты Орта-Азиялық қолөнер көрме-жәрмеңкесі қайталанбас бірегей заттарды сатып алуға ғана емес, сонымен қатар өзін қолөнер шебері ретінде сынап көруге, сондай-ақ өзіне жаңа хобби табуға мүмкіндік береді. Жәрмеңкеге келушілер шеберлік-сабақтарға қатысып, өз шеберліктерін ортаға салуға мүмкіндіктері бар.

Көрме-жәрмеңкенің ашылуы – 2019 жылдың 4 қазан сағат 12.00-де

Көрме жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 2019 жыл 4-6 қазан, сағат 9.00-18.00

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source