авто

Переключатель языков

02.10.2020 ж. "Акварельді фреш" көрмесі

 2020 жылдың 2 қазанынан 16 қазанына дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағымен бірлесіп "Акварельді фреш" көрмесі өтеді.

"Акварельді фреш" көрмесіАталмыш көрмеде Қазақстандық үздік акварельшілері Елена Иоктон, Абай Чунчалинов, Анна Петракова, Лидия Дроз­дова, Светлана Кравч­енко, Оксана Шольц, Елена Попова, Олена Коломыцева, Наталья Дубовая, Перизат Есназарова, Дина Гаитов­а, Максим Ведерников, Игорь Баграмов, Ру­слан Абрафиков, Ольга Салькова, Кулбаты­ров Рашид, Канағат Кодеков, Камила Лаптева-Тулешова, Дәурен Қастеев, Рауан Сүлейменов, Мұ­хтар Сыздықов, Мақсат Қантарбаев, Майса Ықыласова, Төлеуғазы Байғалиев, Оразалы Жәнібек, Марлан Нысанба­евтың 100-ден астам картиналары музей кеңістігінде ұсынылады.

Акварель бояуы – кескіндемедегі күрделі әдістердің бірі. Акварель минималды құралдар мен максималды мәнерлікті қолдана отырып, әлемді барлық түстерде нәзік түрде көрсете алады. Бұл жеңіл, қозғалмалы кескіндеме, ол ерекше шеберлік пен шыдамдылықты қажет етеді.

Акварель техникасы суретшілер мен осы өнерді бағалаушылар үшін де әрқашанда ең тартымды болып қала береді. Тапқырлық пен батылдықтың арқасында қағаздағы кескіндеме пайда болады.

Көрмеде пейзаж, портреттер, натюрморттар, сюжеттік және дерексіз композициялар ерекше орын алады. Архитектуралық сюжеттер, этникалық мотивтер және адам өмірі - мұның бәрі акварель суретшілерінің жұмысында көрініс табады.

"Акварельді фреш" көрмесіне Қазақстанның түрлі қалаларынан келген дарынды суретшілердің акварель өнері туындыларының кең палитрасы ұсынылады.

Әр шығармада жоғары сапа белгісі бар, ал күрделі стиль әр суретшіні акварельдің бейнелеу өнерінде бөлек орынға қояды.

 

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source