авто

Переключатель языков

Құрметті музей қонақтары! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі 2019 жылдың 22 шілдесінде басталатын ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 3- экспозициялық залдың («Диаспоралар мәдениеті» және «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан») және 1- зал ("Археология және палеонтология") уақытша жабылуы жайлы хабардар етеді.

Құрметті музей қонақтары! Мерекелік күндердегі музейдің жұмыс істеу тәртібі: 6, 7 шілде -қалыпты кесте, 8, 9 шілде – демалыс.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

03.06.2019 ж. Мажарстанда ашылған халықаралық жылжымалы көрме

2019 жылдың 3 маусым күні Мажарстанның Сазхаломбатта қаласындағы Матрика музейінде ҚР Мемлекеттік орталық музейінің қор коллекциялар негізінде «Ұлы даланың тарихи-мәдени келбеті» атты халықаралық жылжымалы көрме ашылды. Көрмеге келушілер музей қорындағы ерте көшпелілер кезеңінің мәдениетін көрсететін екі жүзден астам археологиялық артефактілер, Есік қорғанынан табылған «Алтын Адамның» ғылыми реконструкциясы сондай-ақ, дәстүрлі қазақ мәдениетіне қатысты этнографиялық құндылықтармен танысты. Көрменің салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігінің өкілі Ермек Жылқайдаров мырза, сонымен қатар зиялы қауым өкілдері, музей қызметкерлері мен жергілікті баспасөз қызметкерлері қатысты.

Мажарстан тұрғындары және қонақтарын, барша қандастарымызды көрмемен танысуға шақырамыз. Көрме 2019 жылдың 15 шілдесіне дейін жалғасады.

Мекен-жайы: Мажарстан, Сазхаломбатта қаласы, Матрика музейі.

Выставка «Историко-культурный облик Великой Степи» в музее Матрика Выставка «Историко-культурный облик Великой Степи» в музее Матрика

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source