авто

Переключатель языков

Н.Г.Хлудов залы

Н.Г. ХЛУДОВ ЗАЛЫ 2010 жылы ҚР Мемлекеттік орталық музейінде ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. бас кезеңіндегі қазақ халқының дәстүрлі тіршілігін бейнелеген орыстың көрнекті суретші-кескіндемешісі, этнограф, өлкетанушы, Түркістан археология үйірмесінің мүшесі, Орыс географиялық қоғамының Жетісу бөлімінің оқытушысы Николай Гаврилович Хлудовтың шығармашылығына арналған «Н.Г. Хлудов» залы атты жаңа экспозицияның ашылуы болды. 1879 жылы қазақ өлкесіне келген Н.Г. Хлудов бар өмірін Жетісу өңірінде өткізді. Өзінің еңбек жолын алдымен сызбашы және межелеуші қызметінен бастаған ол қазақ халқының тыныс-тіршілігін, тұрмысын, мәдениетін бейнелеген суретшіге айналды. Оның картиналары көркемдік құндылығымен қатар қазақ халқының дәстүрлі тіршілікқамы бейнеленген этнографиялық құндылық болып табылады.

Н.Г. ХЛУДОВ ЗАЛЫ Залда шебердің 46 жұмысы мен суретшінің жеке   заттары   қойылған. Онда   көрнекті орыс суретшісінің XIX ғ. соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ халқының дәстүрлі тіршілікқамын көрсететін шығармалары ұсынылған. Қазіргі уақытта музей қорында   суретшінің 211 туындысы сақталған, олардың 117-сі кескіндеме, 39-ы қарандашпен салынған сурет кескіндері, 55-і акварельдік жұмыс пен түрлі этюдтар, сонымен қатар мұнда сурет кескіндерден тұратын үш альбомның материалдары бар. Н.Г. Хлудов шығармаларының тақырып аясы әртүрлі. Көркем мұрасының басым бөлігі көшпелілердің мәдениеті, шаруашылығы мен тұрмысы тақырыбында салынған, бұл – суретшінің қазақ халқының дәстүрлі өмір салтының этнографиялық ұлттық айшығы мен ешкімге ұқсамайтын үрдісіне деген қызығушылығымен түсіндіріледі. Суретшінің XIX ғ.  80-ші жж. ортасында салынған «Салтанатты көш», «Қаралы көш», «Түнгі барымта», «Дауылдағы көш» атты дара картиналары тұтастай алғанда қазақтың этникалық болмысын дәл бейнелейді.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source