авто

Переключатель языков

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі COVID-19 коронавирустық жұқпасының таралуына байланысты келушілер үшін музейдің экспозициялық залдары жабық екендігін хабарлайды. Музейдің жұмыс тәртібі туралы  қосымша ақпарат музейдің ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Құрметті музей қонақтары! Мерекелік күндердегі музейдің жұмыс істеу тәртібі: 6, 7 шілде -қалыпты кесте, 8, 9 шілде – демалыс.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Как правильно варикоз лечить

11.12.2019 ж. «Алтын Орда – қазақ мемлекеттілігінің бесігі» атты көрмесі

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1269 жылы Талас құрылтайында дербестігі толық мойындалған Алтын Орда империясының 750 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы мәлімдемесіне орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 2019 жылдың 11 желтоқсанында сағат 15.00 өмірді сақтандыру бойынша ең ірі компаниясы «Nоmаd Life» АҚ қолдауымен музей қорынан «Алтын Орда – қазақ мемлекеттілігінің бесігі» көрмесін ашады. Президент өз мәлімдемесінде біздің еліміздің бай мәдени мұрасын дәріптеудің маңыздылығына тоқталып, киелі нысандардың қазақстандықтар мен шетелдік туристерді тарту орталығына айналуына басымдылық берді.

 «Алтын Орда – қазақ мемлекеттілігінің бесігі»Көрменің мақсаты: Орталық музейдің қорындағы XIII-XIV ғғ. тән 300 жуық артефакті – бірегей коллекция негізінде музейге келушілерді Алтын Орда кезеңінің мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен таныстыру. Көрменің ерекшелігі Алматы облысы, Шеңгелді ауылы маңындағы қабірден табылған артефактілер – XIII-XIVғғ. Шағатай әулеті шенділерінің бірі – сарбаздың жібектен тігілген сәнді киімінің фрагменттері алғаш рет келушілерге көрсетіледі.

Экспозиция материалы бес ақпараттық кешенге жіктелген:

«XIII-XIVғғ. сарбаздың киімі, қару-жарағы» бөлімінде белдік әшекейлері, қару-жарақ, жебе ұштықтары, семсер, қылшан және т.б. артефактілер ұсынылды. Алматы облысы, Шеңгелді ауылы маңындағы қабірден табылған, кезінде археолог Ә.К. Ақышев зерттеген құндылық – XIII-XIVғғ. жібектен тігілген сәнді киімінің фрагменттері осы бөлімдегі аса мәнді дерек.

«XIII-XIVғғ. Қазақстан аумағындағы алтынордалық қалалар» бөлімінде XIII-XIV ғғ. Сарайшық, Отырар, Құйрықтөбе және т.б. қала, қалашықтардан табылған археологиялық артефактілер ұсынылды.

«Ұлы Жібек жолы. Сауда. Импорт бұйымдары. Монеталар» бөлімінде Қазақстанның алтынордалық қалаларынан табылған импорт бұйымдары, сонымен қатар Сарайшық қалашығынан табылған Жошы ұлысының және XIII-XIV ғғ. өзге мемлекеттердің 25 монета сарайының өнімі – күміс, мыс монеталар көз тартады.

«Діндер: тәңірлік, ислам, несториандық, зороастризм, буддизм» бөлімінде  несториандық құлпытастар, икона т.б. деректермен танысуға болады.

«XIII-XIVғғ. Мінәжатттық діни ғимараттар сәулеті» экспозициялық бөлімінде Сарайшық, т. б. қалашықтар ғимараттарының фрагменттері, Жошы хан, Алаша хан, Болған ана мазары, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сынды сәулет өнері ескерткіштерінің макеттері қойылды.

Көрме ғалымдар, археологтар, тарихшылар, оқу орындарының ұстаздары, студенттер, оқушылар көңілінен шығады деген сенім білдіреміз. Көрме ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source