авто

Переключатель языков

25.12.2018 ҚР Орталық мемлекеттік музейінде профессор Ожал Оғыздың қатысуымен «Фольклордың этникалық функциясы» семинары өтті

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейінде 2018 жылдың 25 желтоқсанында сағат 16.00-де белгілі ғалым-этнолог, Түрік Республикасы ЮНЕСКО Ұлттық Комиссиясының Төрағасы, «Milli Folklor» атты Томсон Рейтер базасы ғылыми журналының бас редакторы, профессор Ожал Оғыздың қатысуымен «Фольклордың этникалық функциясы»  семинары өткізілді.

press-r1

Семинардың ашылуында Орталық мемлекеттік музей директоры Нұрсан Әлімбай фольклорды зерттеу мәселелеріне және халық санасында шаруашылық, рухани, мәдени қызмет тәжірибесінің ауызша түрде сақталып қалған оны зерттеу маңыздылығына назар аударды.

Тарих және мәдениет теориясы, халық мәдениетінің генезисі мен даму, мәдени құндылықтардың қалыптасу үдерісі мәселелерін зерттеуде маңызды және қажетті жолдардың бірі ретіндегі халық білімін зерттеудің көкейтестілігі мен қажеттілігі айқындалды.

Семинардың негізгі баяндамашысы профессор Ожал Оғыз өз сөзінде халық мәдениеті – фольклордың түрлі бағыттарын қолдау, жаңғырту мен дамыту мәселелеріне көңіл бөлді. Нәтижелері халық білімін зерттеу мен насихаттауға дерекнамалық негіз бола алатын және болуы тиіс дала жұмыстарының түрлеріне – фольклорлық экспедицияларға, сонымен қатар халық ісмерлерін, шеберлерін, фольклордың ауызша түрлерін (өлеңдерді, эпостарды және басқаларын) орындаушыларды қолдауға ерекше назар аударды. Профессор Ожал Оғыз меңгерушісі болып табылатын Хажы Байрам (Анкара қ.) университеті халық білімі кафедрасының  жұмыс тәжірибесі семинарға қатысушылардың зор қызығушылығын туғызды. Профессор кафедра қызметкерлерінің ғылыми-практикалық қызметі туралы айтып берді. Олар халық шеберлері мен орындаушыларын қамти отырып, жастармен, балалармен жүйелі түрде дәрістер өткізіп тұрады және осылайша өскелең ұрпаққа халық білімін береді. Мұндай сабақтастық жастардың бойында мәдениет пен тарихқа деген құрмет сезімін тәрбиелейді, сондай-ақ халық өнеріне үйрену мен меңгеру ниетін оятады.

Семинар жұмысына белгілі түрік және қазақстандық ғалымдар – Қазақ-түрік Еуразиялық институтының директоры, доцент Вакур Сумер, п.ғ.д., профессор С.М. Борбасов, ф.ғ.д., профессорлар Н. Уәли және Р.Шойбеков,  т.ғ.д., профессорлар М.С. Ноғайбаева, А. Қалыш, Т. Қартаева және басқалары қатысты.

Семинарға музейдің ғылыми қызметкерлері, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультетінің оқытушылары, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қызметкерлері және жас ғалымдар қатысты.

«Фольклордың этникалық функциясы» ғылыми семинарына қатысушылар халық мәдениеті құндылықтарының әмбебап иеленушісі ретіндегі фольклордың генезисі мен  қалыптасу, даму және сабақтастық мәселелері бүгінгі таңда аса көкейтесті және олардың шешілуі халықтың тарихи-мәдени мұрасын жаңғырту мен сақтаудың міндетті талабы болып табылады деген пікірге бірауыздан келді .

press-r2

press-r3

press-r4

press-r5

Ғалия Теміртон, ҚР Мемлекеттік Орталық музейі директорының ғылыми жұмыстары жөніндего орынбасары, философия докторы

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source