авто

Переключатель языков

Назар аударыңыз !!! 2019 ж. 19-сәуірінен бастап музейге кіру билеттерінің бағасы өзгерді. Билеттердің бағасы туралы "Музей туралы" - "Қызметтері мен олардың төлемақылары" атты тараудан білуге болады.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

17.05.2019 ж. «МУЗЕЙ ТҮНІ 2019» іс-шарасы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2006 жылдан бастап Республика бойынша алғашқы болып «Халықаралық музейлер күні» кәсіби мерекесіне орай «Музей түні» акциясын өткізеді. Бүгінгі таңда әлемдегі танымал музейлердің арасында танымалдыққа ие болып отырған ірі халықаралық мәдени-білім беру жобасы. Дәл осы түні музей әр түрлі жастағы адамдарды бір арнаға тоғыстырып, түрлі кәсіп пен конфессия иегерлерінің ерекше кездесетін орнына айналады, аталмыш іс-шарада келушілер еліміздің тарихы мен мәдениетінің жаңа қырларымен танысып, жаңа көкжиектерді ашуға мүмкіндік береді.

2019 жыл Қазақстан жастарының жылы деп жарияланды, бұл өз елінің игілігіне бағытталған жас қазақстандықтар үшін шығармашылық, зияткерлік дамуға және бастамаларға жаңа серпін мен ынталандыру болып табылады.

«МУЗЕЙ ТҮНІ 2019» іс-шарасы

ҚР Орталық музейі 17 мамыр күні сағат 18.00-ден 24.00-ге дейін Қазақстанның жастар жылына арналған «МУЗЕЙ ТҮНІ 2019» іс-шарасын өткізеді. Музей түнінің ұраны – «Жастар: бастама, жетістік», қазіргі жастардың бастамалары мен жаңашыл идеяларын қолдауға бағытталған. Іс-шара аясында «Біз — Қазақстанның болашағы» атты көрме ашылады. Көрме жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің түрлі салаларда (экология, дизайн, өнер, сәулет, ақпараттық технологиялар, кино және театр өнері және т. б.) жеткен жетістіктері мен белестерін көрсетуге бағытталып отыр. Біздің мақсатымыз көрмеге қойылған үздік жұмыстар арқылы өскелең ұрпақты ынталандыру, соларға шабыт беру болып табылады.

Осы жылдың Музей түнінің қатысушылары Алматы қаласының ЖОО мен колледждері — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, «Тұран» университеті, «ХАТУ» АҚ, Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі, Қазақ спорт және туризм академиясы, ҚазБСҚА, Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі, «Сымбат» сән бизнес академиясы; Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі, Жас суретшілер Одағы.

Даңқ Аллеясына оқу озаттары, Алматы қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінің түлектері, республикалық және халықаралық фестивальдардың, конкурстардың, олимпиадалардың және студенттік универсиадалардың лауреаттары мен дипломанттары шақырылады.

Биылғы музей түнінде алматылықтар мен қала қонақтарына қызықты интерактивті бағдарламалар, музейдің қор коллекциясынан және жеке жинақтардан құрылған көрмелер, Қазақстан, Түркия және Индонезия шеберлерімен кездесулер мен шеберлік-сабақтар ұсынылады:

  • ҚР Мемлекеттік Орталық музей қорынан, ҚР Президенті мұрағатынан, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік орталық мұрағатынан алынған заттардан құрылған «Қазақ жазуының тарихы» атты көрме келушілерді латын және кириллицада жазылған фотоматериалдармен, мұрағаттық құжаттармен, сирек қолжазбалар және қазақ тіліндегі арабтың өрме жазуында жазылған басылымдармен таныстырады;
  • Көрнекті геолог, ғалым, академик Қ. Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Қазақ жерінің ұлы ғалымы»;
  • Суретші-график, КСРО Суретшілер Одағының және Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Фатима Таразидің «Тұран» атты жеке көрмесі. «Азия Дауысы» халықаралық ән фестивалі үшін сахналық, концерттік, ұлттық костюмдер жасаудан бастап, графикалық өнер туындыларына дейін қазақ халық ертегілері мен эпосына дейінгі «Манас» авторлық жобаларын көрсетеді;
  • Аталмыш іс-шараға келушілер үшін:
  • Индонезия, Пәкістан, Шри-Ланканың ең үздік шеберлерінен дәріс алған Жанар Нүкетаеваның «Менің Жібек жолым» атты көрмесі, сонымен қатар көрермендерді Жібек арқылы сурет салу өнерімен таныстыратын оригами бойынша шеберлік-сабақтар;
  • «Түрік шеберлерінің Мозаика өнері /SEHERALTINER & MOSAICALMATYGROUP» көрмесі. Суретшілер барлық қалаушылар үшін Мозаика өнері бойынша шеберлік-сабақтар өткізеді;
  • Осы жылғы Музей түнінің қонақтары экзотикалық Индонезия елінен келген музыканттар мен шеберлер, олар дәстүрлі билері мен музыкаларын көрсетеді, ал Венни А. Аламсях ханым батикқа сурет салуөнері бойынша шеберлік-сабақтарөткізеді;

ИНТЕР АКТИВТІ БАҒДАРЛАМАЛАР: Қазақстан тарихы бойынша түрлі тапсырмалар берілген «Музейдегі түн» білім беру бағыты; «Археологтың қазба жұмысындағы бір күн» келушілерді археология әлеміне шақырады; Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының студенттері «Сал-серілердің мұрасы» қазақ фольклорының ұлы мұрасымен, Ұлы ақын-жыраулардың шығармашылығымен таныстырады. О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінен қазақ қолөнері бойынша түрлі шеберлік-сабақтар. Қазақ қолөнері мен өнерінің әр түрі бойынша шеберлік-сабақтарын Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің студенттері мен педагогтары өткізеді. Ал араб каллиграфиясы бойынша шеберлік сабағын Қазақ-Египет университетінің студенті Б. Жетпісбаев ұсынады.

«Шығармашылық әлеміне» атты БАЛАЛАР ШЕБЕРХАНАСЫ, онда кішкентай қонақтар қолөнер, кескіндеме, декупаж, аквагрим, мехенди, робототехниканы және т. б. үйренеді.

ЭТНИКАЛЫҚ КОЛЛЕКЦИЯ МЕН ШАШ ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТУ: О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің этникалық коллекцияларын көрсету. «Этно-Эрато-2018» Ұлттық костюмінің Еуразиялық Жоғары сән конкурсында – «бір миллионға», «күн мен түн», «Шығыс» және «Сымбат» сән Бизнес Академиясының бірінші орын алған Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінен кейінгі сәнді шаш үлгісі мен этноколлекцияларын сондай-ақ, «Алые паруса» изостудиясының кішкентай қатысушылары өздерінің бас киімдер коллекциясын көрсетеді.

ҚР Халық әртістері, музыкалық, хореографиялық шығармашылық ұжымдар, би студиялары мен ансамбльдерінің қатысуымен өтетін КОНЦЕРТ - Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі, Корей мәдени орталығының «Родина» хоры, TWINKLE JAZZ скрипкашылар ансамблі, Ресей мен Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері, «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблі, П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, «CUERPO» тобы, «Марна» тобы, «Жорға» шоу балеті, «Империал», «Фуроро», «Кудесники» шоу-балеті, іс-шараға қатысатын ЖОО студенттері, La Cadencia dance School Bachata –Salsa-Zumba халықаралық академиясынан және «Аламәт» продюсерлік орталығынан, нұсқаушы Амина Кадлецтен Zumba бойынша шеберлік би сабағы және т.б.

Бұл күні суретші Данияр және Асылгүл Байдаралиндердің сақ кастюмінің тұсаукесері және шеберлердің, суретшілер мен дизайнерлердің авторлық жұмыстарының жәрмеңкесі өтеді.

Музей түнінің барлық қонақтары үшін «Палеонтология және археология», «Тарихи этнография», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан және диаспоралар мәдениеті», «Қазіргі Қазақстан» сияқты 4 экспозициялық залдар бойынша тегін экскурсиялар ұйымдастырылады.

Мерекелік кештің жүргізушілері - ДАНИЭЛЬ ДЖЕЙМС және МАРСЕЛЕН КАМАТЕ.

Музей серіктестері: «VIP EVENT» продюсерлік орталығы, «RUSLAN BAIDALINOV PROMOTION GROUP», «Бахыт» сәндік-қолданбалы орталығы, «Gerkules Games» балалар ойыншықтарының дүкені, «Visit Almaty» туристік ақпараттық орталығы, №5 оқушылар үйі, №2 мектеп-интернаты, «Qazaq Vent» ЖК монеталық аттракционы, шеберлер Марина Любимова мен Анна Марченко, қышшы Али Асқар, «Мехенди» ЖК, «Prokid Robotech» компаниясы, – «Ice cream bar», «Galanz bottlers» АҚ, «Тянь-Шань», «Акмарал Сауда» және «Сакура Tea» шәй компаниялары және т.б.

ҚР Мемлекеттік орталық музейі Сіздерді 17 мамыр күні сағат 18.00-ден 24.00-ге дейін күтеді!

Музейге билет арқылы кіру: ересек билет - 450 тг., балалар – 200 тг., зейнеткерлер мен студенттерге – 300 тг., мектепке дейінгі балалар, ҰОС ардагерлері, мүгедектер мен жетім балаларға тегін.

 

Click to download in FLV format (21.4MB)

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source