авто

Переключатель языков

08.01.2019ж. Хажетеппе университетінің профессоры, Ататүрік принциптері және төңкерістер тарихы институтының директоры, СКОПУС халықаралық базасына кіретін "Мемлекет тарихы зерттеулері" журналының басшысы Мехмет Дервиш Клынчкаямен өткен семинар

2019 жыл Мемлекеттік музей үшін ауқымды жұмыстарға қарқынды жоспарлар жасала басталып та кетті. 8 seminar19-1қаңтар күні қазақтың қара шаңырағы – ҚР Мемлекеттік орталық музейіне Түркияның танымал азаматы Мехмет Дервиш Клынчкая арнайы ат басын бұрды. Мехмет Дервиш Клынчкая – Хажетеппе университетінің профессоры, Ататүрік принциптері және төңкерістер тарихы институтының директоры, СКОПУС халықаралық базасына кіретін "Мемлекет тарихы зерттеулері" журналының басшысы және жалпы түркі халқы үшін аянбай еңбек етіп жүрген ғалым. Орталық музейдің бай коллекцияларымен таныс болған ғалым жалпы қазақ, қырғыз, түрік демей, жалпы түркі халқына мұра болатын, түп тамырымызды танытатын өшпес еңбектер жасап, барша әлемге паш етуді көздейтінін, әрбір жас ғалымға жол сілтеп бағыт беруге даяр екенін, өзі басқарып отырған әлемге әйгілі беделі зор журналға басылатын әрбір ғылыми еңбектің арқалайтын жүгінің ауырлығын, сөз құдыреті жайлы біраз сыр шертті.

Жас буын ғалымдарға тағылымы мол жылы кездесу болды. Оған музейдің ғылыми қызметкерлері, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультетінің оқытушылары, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қызметкерлері және жас ғалымдар қатысты. Кездесу барысында екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, жалпы түркі жұртына ортақ дүниелерді жариялау мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандум да жасалды.

seminar19-3

seminar19-4

seminar19-5

seminar19-6

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source