авто

Переключатель языков

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж

Музей қызметкерлерінің ғылыми мақалалары

  1. Нурсан Алимбай. "Кочевая община казахов: Проблемы этносоциологической реконструкции". 2009 г.
  2. Нурсан Алимбай. "Казахское шежире как фольклорный жанр. (Вопросы изучения шежире как исторического источника)". 2009 г.
  3. Alimbay, N.(Ed.), Kazaktın Etnografiyalık Kategoriyalar, Ugımadar Men Ataularının Dastürlı Jüyesı*, Memlekettık Ortalık Muzeyi, Almatı, 2011, ISBN 978-601-7026-18-9 (C.1), 3784 sayfa (5 Cilt).

  4. Кущенко Анна. "В эту ночь оживут артефакты" ("Казахстанская правда", май 2015г)
  5. Кущенко Анна, Семiзтаева Айнур "Ғажайыптар әлемі". ("Айкын". 15.05.2015)
  6. Кущенко А.В., Козуб Т.Б. "Анализ посещаемости музея как критерий оценки его деятельности" ("Вестник. Серия историческая", 2013 г.)
  7. Кущенко А.В, "Из концепции развития сектора музейного менеджмента и проектирования Центра культурно-образовательной работы Центрального государственного музея РК". ("Декабрьские диалоги", 2008 г.)
  8. Кущенко А.В. "Новые технологиии в музейном менеджменте и маркетинге (на примере Центрального государственного музея РК)", 2014 г.
  9. Кущенко А.В. "Современный музей: новые инструменты воспитания исторической памяти" ("Открытая школа", №5, 2015 г. )
  10. Айтқұл Х.А., Мякишева О.А.  "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейдің археология қорындағы Орталық Қазақстанның қола дәуірі коллекцияларын ғылыми каталогтаудың кейбір әдістері" ("Вестник Казахского национального педагогического университета", № 4, 2015)
  11. Орынбасар ӘЛІМ. Қазақтың дәстүрлі киіз басу ӛнері (ҚР Мемлекеттік Орталық музейі қорының материалдары негізінде). ("Вестник Казахского национального педагогического университета", № 4, 2015)
  12. Н.А. Досымбетов.  "ҚАЗАҚ РУ-ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ҰРАНДАРЫ" ("Вестник Казахского национального педагогического университета", № 4, 2015)
  13. Досымбек ҚАТРАН. "АҚЫМ ЖӘНЕ О ДҮНИЕ" ("Вестник Казахского национального педагогического университета", № 4, 2015)
  14. Гүлім Қоғабаева. "ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ КОСТЮМІНДЕ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН МАТЕРИАЛДАР (ҚР Мемлекеттік Орталық музей коллекциялары негізінде)" ("Вестник Казахского национального педагогического университета", № 4, 2015)
  15. Кущенко А.В., "МУЗЕЙ В СИСТЕМЕ СОЦИОКУЛЬТУРНОЙ КОММУНИКАЦИИ (из опыта Центрального государственного музея РК)" ("Вестник Казахского национального педагогического университета", № 4, 2015)
  16. Қыдыр Нұрғожа. "ҚР Мемлекеттік Орталық музей қызметкерлері дайындаған «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» атты 5-томдық энциклопедияда Шоқан Уәлиханов еңбектерінің қолданылуы хақында" ("Вестник Казахского национального педагогического университета", № 4, 2015)
  17. Садвакасова А.К., "РЕСТАВРАЦИЯ ДОКУМЕНТОВ ИЗ ФОНДА ХРАНЕНИЯ «КАЗАХСТАН В ГОДЫ ВЕЛИКОЙОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВОЙНЫ» ЦГМ РК" ("Вестник Казахского национального педагогического университета", № 4, 2015)
  18. Шойбеков Рүстембек, Уәли Нургелді., "Хандық кезендегі «САНАТ» терминінің этнотідік мазмұны" ("Вестник Казахского национального педагогического университета", № 4, 2015)
  19. Р.О.Тұрсымбекова, "Отандық музей коллекцияларын толықтырудағы қор сатып-алу (іріктеу) комиссиясының ролі(Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей тәжірибесі негізінде)" ("Вестник Казахского национального педагогического университета", № 4, 2015)
  20. Турсынбаева Ш.С., "РЕСТАВРАЦИЯ ПРОИЗВЕДЕНИЙ ЖИВОПИСИ: ВОПРОСЫ СОХРАНЕНИЯ (НА ПРИМЕРЕ КАРТИНЫ ИЗ ФОНДОВ ЦГМ РК)" ("Вестник Казахского национального педагогического университета", № 4, 2015)
  21. Н. Әлімбай. "Тағы да қазақ  этнонимі жөнінде"
  22. Н. Әлімбай.  "Ресей этнографиялық музей қорындағы (Санкт-Петербург қ.) қазақтың тарихи этнографиясына байланысты құндылықтар хақында"
  23. N. Alimbai. "LE MONDE DE LA CULTURE NOMADE DES KAZAKHS"
  24. N. Alimbai.  "Society and culture of the nomads of Central Asia through time"
  25. Нұрсан Әлімбай. Қазақ кесесі: зерттелуі, құрылымы, типологиясы, функциясы (Шоқан Уалиханов еңбегінің қисыны тұрғысынан) ("Қазақ тарихы", №7-8, 2016)

  26. Нұрсан Әлімбай. Қазақтың әдет-ғұрыптық құқығы: терминологиялық мәселелер мен этнокогнитологиялық аспект. ("Қазақ тарихы", №9, 2017)

  27. Нұрсан Әлімбай. Ресейдегі қазақ этнографиясының құндылықтары: жинақталу гоеграфиясы құрамы, қалыптасу тарихы. ("Қазақ тарихы", №8, 2017)
  28. Нурсан Алимбай. «Думать о прошедшем, заботиться о настоящем» ("Қазақ тарихы", №7-8, 2016)
  29. N. Alimbay. "LE SHEJIRE KAZAKH EN TANT QUE GENRE FOLKLORIQUE. FONCTIONS INSTITUTIONNELLES."
  30. N. Alimbay. "LA COMUNITA' COME PRINCIPALE FORMA ORGANIZZATIVA DELLE RELAZIONI SOCIALI DEI NOMAD: NOTE PRELIMINARI"
  31. N. Alimbay.''Kazaktın Etnoğrafiyalık Kateğoriyalar, Uğımadar Men Ataularının Dastürlı Jüyesı. (MİLLİ FOLKLOR Uluslararası Kültür Araştırmaları Dergisi)''
  32. N. Alimbay. ''SOCIETY AND CULTURE OF THE NOMADS OF CENTRAL ASIA THROUGH TIME (NOMADS AND NETWORKS)''
  33. Н.Алимбай "Семипоколенная экзогаммная структура "ЖЕТIАТА" как община-социум (к проблеме о совпадении рода и общины указахов-кочевников)" (Материалы XV международного Евразийского научного форума "Актуальные вопросы изучения историко-культурного наследия народов Евразии", 2018 г.)
  34. Нұрсан Әлімбай. «Жеті жарғының орыс және қазақ тілдеріндегі негізгі нұсқалары жөнінде» (Материалы международной научно-методической конференции "XI Оразбаевские чтения", 2019 г.)
  35. N. Alimbay, G. Orynbayeva "Kazakh traditional village in the worksof Russian scientists (late XIX - earlyXX century)" (Bylye Gody, 2019)
  36. Тимур Болсынбек. Патшалықтың 1916 жылдың 25 маусымдағы жарлығы негізінде қазақтардың майдан шебіндегі қара жұмысқа тартылуы // Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Хабаршысы, Тарих сериясы. Алматы: Қазақ университеті, 2004. №1
  37. Тимур Болсынбек. Шетелден келген қазақ жастарының әлеуметтік ортаға бейімделу жолдары // Шетелден келген қазақ азаматтарының әлеуметтік-ақпараттық кеңістікті игеру мәселері. Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шетел азаматтарына арналған дайындық факультеті. Алматы: Қазақ университеті, 2007
  38. Тимур Болсынбек. «Туркестанские ведомости» газетінің басты миссиясы мен идеологиясы"(«Отан тарихының әдіснамасы мен тұжырымдамасының өзекті мәселелері» атты «Қасымбаев оқулары» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары., 2010)
  39. Тимур Болсынбек. "Қазақтың алаша тоқу дәстүрінде қолданылатын халықтық терминдер" ( «ІІ Арғынбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. 2014 )
  40. Тимур Болсынбек. "Қазақы тымақтың аймақтық ерекшеліктері және этномәдени семантикасы (ҚР МОМ және РЭМ коллекциялары негізінде)" («VII Оразбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары., 2015)
  41. Тимур Болсынбек. "Қазақ тұрмысындағы дәстүрлі ши тоқу өнері (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі материалдары негізінде)" ("Вестник Казахского национального педагогического университета", № 4, 2015)
  42. Тимур Болсынбек. "Қазақы тымақтың түрлері мен оның қолданылу ерекшеліктеріне байланысты атаулары"( VII «Мәдениеттер тоғысындағы тіл, әдебиет, аударматану, журналистика, экономика және бизнес мәселелері». International Conference Building Cultural Bridges. ICBCB-2015.)
  43. Тимур Болсынбек. "Қазақтың дәстүрлі шаруашылығы мен тұрмысында қамыстың алатын орны" («VIIІ Оразбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары.2016 )
  44. Тимур Болсынбек.  "Иісі жұпар аңқып жыңғыл өссе... (жыңғылдың тұрмыс пен шаруашылықта қолданылуы туралы)" ( «Қазақ тарихы» ғылыми-әдістемелік жұрналы. №7-8, 2016)
  45. Тимур Болсынбек (Т.Е. Кaртaевамен авторлық бірлестікте) Сaндық жaсaу өнері және қолдaныс aясы (музей мaтериaлдaры негізінде) // ҚазҰУ Хабаршысы, Тарих сериясы. 2017. №1 (84).
  46. Тимур Болсынбек (Г.А. Мейрманова, Л.Ә. Махамбетовамен авторлық бірлестікте) «Қазақ халқының әшекей бұйымы ретінде моншақ түрлері» тақырыбын оқыту әдістемесі («ІХ Оразбаев оқулары», 28-29 сәуір 2017 ж.)
  47. Тимур Болсынбек."Жиде ағашы және оның қазақы тұрмыста алатын орны" (Отан тарихы. 2017. №3.)

  48. Тимур Болсынбек. "Боралдай – тарих куәгері" («Қала мен дала» газеті. 26 сәуір 2019 ж.)

  49. Тимур Болсынбек. "Тобылғы туралы не білеміз?" ( «Жетісу» газеті. 03 қыркүйек 2020 ж.)
  50. Татьяна Козуб. "Всей семьей в музей" ("Дружные ребята", 26.09.2017)
  51. Сымбат Баккулова. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайында өткен ауқымды іс-шара" ("Мадениет", Тамыз №8 2017)
  52. Анна Кущенко. "Музей-семья-традиции" ("Открытая школа", № 7(168), сентябрь 2017)
  53. Е.С. Ахатова, Т.Б. Козуб "Ночь в музее - 2017" ("Открытая школа", № 6(167), август 2017)
  54. Орынбаева Гульмира Усенбаевна. "ПОВСЕДНЕВНАЯ ЖИЗНЬ КАЗАХСТАНСКОГО СЕЛА В ПЕРИОД ВТОРОЙ МИРОВОЙ ВОЙНЫ /1941-1945/ (НА ПРИМЕРЕ КУСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ)" (Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 3(11))
  55. А. Кущенко «Проект «Ночь в музее-2019», как комплексная поддержка молодежи и института семьи» («Открытая школа», №5, май 2019)
  56. Ү.Ашимова «Ұлы Даланың тарихи-мәдени мұрасы Мажарстан жұртшылығына таныстырылды» (Мәдениет №10 (156) Тамыз 2019 жыл)
  57. Назира Жексенбекова, Сұлушаш Агелеуова «Мұражайдағы «Менің Жібек жолым» (Мәдениет № 10 (156) Тамыз 2019 жыл)
  58. Назира Кенжеғұлқызы, Татьяна Козуб «Ұлы Жібек жолына» (Мәдениет №10 (158) Қазан 2019 жыл)
  59. Б. Дандығараева «Чехияның Ұлттық мұражайында ашылған» (Мәдениет №10 (158) Қазан 2019 жыл)
  60. О.А. Мякишева «Сокровища и легенды древнего Отырара» («Открытая школа», №7, сентябрь 2019)

     

Научно-популярные статьи сотрудников ЦГМ РК по информационному сопровождению Послания Президента

Галия Темиртон. В Центральном государственном музее РК проходит праздничный фестиваль «Фестиваль Краски Наурыза»// Вечерний Алматы, №34 (13340), 21 марта 2018, 

Галия Темиртон. Қазақты қуантатын әз Наурыз // Туркестан, №12 (1234), 22 наурыз,

Орынбаева Гульмира. Энциклопедия кочевников: возрождение вековых традиций// Комсомольская правда Казахстан¸ № 27 июня – 4 июля 2018,

Кущенко А, Әшимова Ү. Орталық музей қазақ мәдениетін Қытайға паш етті// Президент және халық//№25 (667), 15 маусым 2018

Кущенко А. Открылась выставка археологических коллекций Центрального государственного музея Казахстана в Китае// Открытая школа, №5 (176), май 2018,

Кущенко А, Әшимова Ү. Ұлы даланың ежелгі мәдениеті// Алматы ақшамы//

№ 67(5574), 12 маусым 2018, 

Кущенко А, Әшимова Ү. Қытайды таңқалдырған «Алтын адам»//Тurкistаn// №25 (1246), 21 маusym, 

Кущенко А. Выставка Центрального музея РК в Китае вызвала ажиотаж //Комсомольская правда// № 8 июля 2018,

Кущенко А., Ахатова Г. «Астана – сердце Евразии»// Открытая школа, №6 (177), август 2018,

Жексенбекова Н., Иманғалиева Ә., Рухани жаңгырудағы ұлттық өнер// Алматы ақшамы//№ 39(5546), 5 сәуір 2018

Бультрикова Д. Фестиваль красок //Открытая школа//№3 (174) март 2018

Жексенбекова Н., Ахатова Г. Туған жер тынысы//Мәдениет, №2 (138) наурыз 2018

Баққұлова С., Ахатова Г. Көркем туындылар көрмесі //Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл, № 3 (101), сәуір-мамыр 2018

Искакова Н. Шәкәрімнің «сырлы қобдишасы» қайда екен?// Туркестан, №22 (1243), 31 мамыр

Баққұлова С., Жексенбекова Н.. Халық жүрегіндегі жауынгерлер/ Алматы ақшамы, № 53(5560), 12 мамыр 2018

Хамитова М. Бәсекеге қабілетті болудың негізі //Аna tili, №13 (1427), 29 наурыз – 4 сәур 2018,

Назира Жексенбекова, Сымбат Баққұлова "Мұражайда Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу" ("Мәдениет, №6, маусым 2018 жыл")

Ғылыми экспедициялар

Ғылыми іссапарлар мен экспедициялық ізденістер музейдің ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Экспедиция музей қорын толықтырудың бірден-бір көзі және музей қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың оңтайлы жолы бола отырып, ол музейдің ғылыми-зерттеу, мәдени-білім жұмысын тиімді ұйымдастырудың дереккөзі де болып саналады.

ҚР МОМ Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының Күлтөбе және Қаратау отрядтары 2011-2013 жж. № 0158127 (11.07.2011ж. берілген) лицензия негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы және Түркістан аудандарында археологиялық қазба жұмыстарын атқарды.

2014 ж. 14.05.2014 (1 жылға) берілген № 14006603 лицензияға сай Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында археологиялық қазба жұмыстары атқарылды. 2011- 2014 жж. Қаратау, кейіннен Ақтерек отрядтары орталық жетекшісі Х.Айтқұлдың басшылығымен қола заманының (б.з.д.X-IX ғғ.) және ежелгі көшпелілер кезеңінің (б.з.д. IV- б.з. IVғғ.) Талдысу-1, Күркіреуік (Оңтүстік Қазақстан) қорымдарында, Алматы облысы Жамбыл ауданындағы қола, ерте темір ғасыларына жататын Ақтерек, Сұлуқоян қоныс-қорымдарында зерттеу-қазба жұмысын атқарды.

Күлтөбе отряды аға ғылыми қызметкер, т.ғ.д. А.Н. Подушкиннің басшылығымен Күлтөбе қалашығы, Қылышжар, Күлтөбе қорымдарында (б.з.д.IV- б.з. IVғғ.) қазба жұмысын жалғастыра отырып, сақ (б.з.д.IV - I ғғ.), сармат, сюнну (хунну) (б.з.д. I - б.з. III ғғ.) мәдениеттеріне жататын кешендерді ашты.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде музей қоры аталмыш мәдениеттер артефактілері: саз балшықтан, қоладан пішінделген зооморфты мүсіншелер, аң стиліндегі жапсырмалармен әсемделген қыш ыдыс түрімен, қоладан, Мысыр фаянсынан пішінделген аспалар, алтын-перузамен безендірілген майда бұйымдар, алтын жалатылған таяқша – билік белгісі, мыс айна, мыс-темір түйреуіштер, қадалар, тіліктер, оқ-жебе, сүйектен, темірден жасалған ат әбзелдері, қару түрлерімен толықты. Археологиялық ізденістің үлкен жетістігі – арыс мәдениеті археологиялық кешенінен табылған палеолингвистикалық дерек – ежелгі иран диалектісінің (соғды ) бірінде арамей эпиграфикасымен қыш-текшелер бетіне түсірілген ежелгі қаңлы жазуының (б.з.д. II ғ. – б.з. III ғ.) фрагменті (жалпы саны 15) музей қорындағы теңдесі жоқ артефакт.

Музей қорын толықтыруға бағытталған жұмыс нәтижесінде 2011-2014 жж. музейдің   археологиялық коллекциясына 540 зат қабылданды. Экспедиция материалдары ғылыми конференциялар жинақтарында жарияланды.

Музейде 2005 жылдан бастап «Мәдени мұра» Стратегиялық ұлттық жоба аясында ұйымдастырылған этнографиялық экспедициялар барысында дәстүрлі қазақ мәдениетіне қатысты көптеген ауызша мәліметтер, фотосуреттер жинақталды. Экспедиция еліміздің Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақмола облыстарында, сондай-ақ, шетелде тұратын қазақтар шоғырланған өлкелер – Шыңжаң (ҚХР) мен Баян-Өлгийде (Моңғолия) өткізілді. Ұзын саны 300-ден астам мәлімет берушіден алынған қазақ мәдениетіне қатысты ауызша мәліметтер ғылыми айналымға енгізіліп, музей жұмысына пайдаланылды.

Орындалып келе жатқан ғылыми-қолданбалы жобалар аясында Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербор қалаларына бірнеше іссапар ұйымдастырылды. Бұл іссапарлар барысында осы қалаларда орналасқан музейлер, кітапханалар мен архивтерде жұмыс атқарылып, қазақ тарихы мен мәдениетіне қатысты құнды материалдар, фотодеректердің көшірмелері алынып, олар ҚР МОМ-ның ғылыми кітапханасына тапсырылып, музейде орындалған түрлі ғылыми еңбектерге қамтылып, ғылыми айналымға енгізілді (ол жөнінде қараңыз: «Ғылыми-қор қызметі» деп аталатын төртінші бөлімнің «Ғылыми қызметті ұйымдастыру» тарауының «Ғылыми-қолданбалы жобалар» бөлімін).

Ғылыми-қор жұмысы

ҚР МОМ қорында Қазақстанның ерте заманан қазіргі кезеңге дейінгі тарихын сипаттайтын материалдық және рухани мәдениеттің құндылықтары сақталған. Коллекция бойынша, деректердің түріне, материалына қарай біріктірілген музей заттары 15 қорға бөлінген. Барлық ғылыми бөлімдердің негізгі жұмысы музей қорымен байланысты және бұл жұмыс музей заттарын есепке алу, сақтау, ғылыми тіркеу, ұдайы толықтыру және ғылыми паспорттау мен зерттеуге тікелей бағытталған.

Есепке алу, ғылыми тіркеу және қорды толықтыру

nauchno-fond1-d

Музей қорларын есепке алу – қор жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Барлық музей заты мен коллекциялары мемлекеттік есепке алынады. Музей заттары мен коллекцияларын есепке алу – оларды сәйкестендіру, сақтауды ұйымдастыру, орнын анықтау, сақталу жағдайын бақылау, ғылыми-зерттеу және оларды тиімді әрі ұтымды пайдалану мақсатында арнайы есепке алу-сақтау құжаттарына тіркеу болып табылады.

Музей қорын мемлекеттік есепке алу екі кезеңмен жүргізіледі: жаңа түсімдерді алғашқы есепке алу және музей затын ғылыми тіркеу. Осыған байланысты музей заттары алғашқы тіркеуден кейін олардың ғылыми сипаттамасын жасау әрі анықтау сияқты негізігі белгілеріне байланысты ғылыми тіркеуден өтеді.

nauchno-fond2-dҚорды жүйелі түрде толықтыру жұмыстары – музей ісіндегі басты ғылыми бағыттардың бірі. Музей қоры бірнеше жолдармен толықтырылады. Негізігі түсім көзі - жекелеген ұйымдар мен тұлғалардың сый-тартулары, жеке адамдардан сатып алу, сондай-ақ жинақтау жұмыстарын жүргізу және арнайы тақырыптарды зерттеу үшін ұйымдастырылған археологиялық және этнографиялық, тарихи, жаратылыстанулық экспедициялар нәтижесінде алынған заттар болып табылады. Экспедициялар көбінесе ғылыми мекемелермен бірлесіп жүргізіледі.

Музей қоры ҚР белгілі тұлғалары, ғылым, білім, өнер, тарих, және мәдениет қайраткерлерінің жеке кешендері және мұрағатымен ұдайы толықтырылып отырады.

 

Артефактілердің санды көшірмесін жасау (сканерлеу, фотоға түсіру)

Санды форматқа ауыстыру – фотосуреттер мен мәтіндерді сақтау және пайдалану үшін суретке немесе сканерге түсіру үрдісі.

Музейде 2012 жылдан бастап фотоқұжаттар қоры материалдарының (негативтер мен фотосуреттер) санды көшірмесін жасау жұмыстары жүргізіліп келеді. Санды көшірме жасау көрме жұмыстарына, экспозицияға, электронды бағдарламаларға («Музеолог»), ғылыми каталогтарға және т.б. мақсаттарға пайдалану үшін бірнеше рет пайдалануға, музейлік ғылыми-білім бағытында ізденген ғылыми қызметкерлер, зерттеушілер үшін қордағы қажетті мәліметті жедел түрде табуға, музейдің фото және құжаттық деректерден тұратын құндылықтарының толық сандық мұрағатын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

nauchno-fond3-d nauchno-fond4-d

Ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін тиісті материалдарды, атап айтсақ, монеталарды сканерлеу жолға қойылған. Монеталарды сканерлеу олардың ұзақ саталуын қамтамасыз ету мақсатында түпнұсқамен жұмыс істеуге деген қажеттілікті азайтып, монеталардың электронды коллекциясын құруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар музейдің фотолабораториясында каталогтар (музейдің ғылыми жұмыстары бойынша), қалпына келтіру, музейде өтетін іс-шаралар, ҚР МОМ фотоальбомы мен сайты, ғылыми мақалалар мен «Музеолог» бағдарламасы, көрмелер мен экспозициялық залдардың құрастыру парақтарын жасау үшін фотоға түсіру жұмыстары жүргізіледі. Осы күнге дейін 27 298 с.б. санды форматқа көшірілді.

 Атрибуция және паспорттау

 nauchno-fond5-dМузейлік затты толық әрі жан-жақты зерттеп, оның кеңейтілген сипаттамасын жасау нәтижесінде музейдің ғылыми-қор жұмыстарының негізгі түрі – күрделі құрылымды ғылыми паспорт толтырылады. Ғылыми паспорт – экспонат туралы мәліметтер толық қамтылған ақпараттық тасымалдаушы болып табылады. Ғылыми паспортқа енгізілген ақпаратта есепке алу-сақтау құжаттарында көрсетілген мәліметтермен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында алынған мәліметтер де енгізіліп, музейлік затқа жасалған ғылыми атрибуция қорытындыланады.

Музей қызметкерлері ғылыми және анықтамалық әдебиеттер, музей архивіндегі құжаттарды пайдалану нәтижесінде музейлік заттардың кеңейтілген сипаттамаларын жасап, экспонаттардағы белгі, жазба және бейнелерді зерттей отырып, олардың толық анықтамасын дайындайды және барлық коллекциялар бойынша ғылыми паспорттар жазу жұмыстарын жүргізеді. Музей жәдігерлерін ғылыми паспорттау жұмысы 1970 жылдардан басталған.

Музей заттарының толық сипаттамасы мен ғылыми паспортын жазу нәтижесінде киім, кілем бұйымдары, археология, нумизматика, қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптар коллекциялары бойынша ғылыми каталогтар жарық көрді (Қараңыз: Ғылыми еңбектер мен жарияланымдар).

  «Музеолог» бағдарламасы

 2004 жылғы ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Кластерлік бюросымен жасалған келісім негізінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі (әрі қарай – ҚР МОМ) «Museolog» электронды каталогтау бағдарламасын nauchno-fond6-dОрта Азия және Қазақстан музейлеріне енгізу бойынша үйлестірушілік және әдістемелік қызмет көрсетуін жалғастырып келеді.

«Museolog» еркін бағдарламалық жасақтамасы – Орта Азия аймағындағы музейлерге арналған. Аталған бағдарлама арқылы интернет жүйесін пайдаланушы кез келген ғалым-тарихшылар мен музей қызметкерлері, қалың көпшілік осы аймақтар музейлерінің қорындағы бірегей экспонаттармен танысуға мүмкіндік алады. Бүгінгі таңда ҚР Мемлекеттік орталық музейі «Музеолог» бағдарламасын енгізу мен қолдану бойынша үйлестіруші әрі кеңесші орталыққа айналып отыр.

Музей коллекцияларының ақпараттық каталогын құруға арналған компьютерлік бағдарлама – «Museolog», яғни виртуалды түгендеу карточкалары бар электронды каталог арқылы төмендегі міндеттерді жүзеге асыруға болады:

  • музей коллекцияларын есепке алу және басқару;
  • музей коллекциясын сақтау;
  •  жекелеген музейлік заттар туралы мәлімет алу үшін коллекцияларды жете зерттеу;
  • Қазақстан музейлері коллекцияларының бірыңғай ақпараттық алаңын қалыптастыру;
  • коллекциялар туралы мәлімет алуға қолжетімділік;
  • басылымдарды шығару.

Қазіргі уақытта музейлердің сұранысына сай бағдарламалық жасақтаманы жетілдіру жұмыстары жүргізілді. 2008 жылы ЮНЕСКО Линукс 4.7-ге арналған «Мuseolog» бағдарламасын дайындады. Осылайша, ендігі кезекте ғылыми сипаттама жасау тезаурустар негізінде жүзеге асырылатын болды.

Бүгінгі күнге дейін ҚР МОМ қызметкерлері электронды каталогқа жазбалар енгізуге дағдыландыру бойынша республиканың 25 тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлеріне кеңестер берді. Сонымен қатар «Мuseolog» электронды каталогтау бағдарламасы жүйесін енгізу және орнату бойынша ҚР ПІБ «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК қызметкері мен Баян-Өлгей музейінің (Моңғолия) директорына практикалық курстар өткізді.

«Мuseolog» бағдарламасы есеп, идентификация, музейлік коллекцияны каталогтау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын қамтамасыз ету үшін ұйымдасқан ғылыми база құруға мүмкіндік береді.

«Мuseolog» электрондық каталогтау бағдарламасын болашақта Қазақстандағы барлық музейлердің меңгеруі, бізге республикадағы Ұлттық музей қорының құрамы туралы жалпы мәліметті көруге және Орта Азия елдері музейлерінің қорындағы коллекциялармен электронды түрде танысуға мүмкіндік береді.

Ғылыми - қалпына келтіру жұмыстары

Қалпына келтіру жұмыстары бұл салада жаңа технологияларды жүйелі түрде зерттеуге және қалпына келтірудің маңызды шешімдерін қарастыруға бағытталады. Осы орайда тек суретші-қалпына келтірушілердің еңбегі нәтижесінде жоғалып кетуге аз қалған артефактілер экспозициялық көрмелерден өз орнын табатынын баса айтып өту керек. Музей заттары музей коллекциясына түскен уақыттан бастап үнемі қалпына келтірушілердің назарында болады.

Қалпына келтіру шеберханаларында көптеген бірегей әшекей бұйымдар қалпына келтірілді. Олардың қатарында кеудеге тағатын әшекейлер – алқа (күміс, маржан тастар, көгілдір түсті асыл тас; ХІХ ғ. аяғы), тұмарша (өткен ғасырдың 1-ші жартысы), шырақ (қолдан жасалған қыш шырақ, Х-ХІІ ғғ.), қару-жарақ, түрлі сирек кездесетін және құнды археологиялық заттар.

Ғылыми қалпына келтіру жұмыстарының бір саласы – консервациялау. Қазіргі таңда ғылыми қалпына келтіру жұмыстары барысында археологиялық экспедициялар нәтижесінде табылған бірегей және тарихи құнды артефактілерге, этнографиялық музейлік заттарға өте күрделі және орташа күрделі консервациялық жұмыстар жүргізіледі. Мәселен, 2014 жылы археология қорының көптеген экспонаттарына, атап айтқанда, қола, мыс, құйма (б.з.д. Х- VIII ғғ. Оңтүстік Қазақстан), қыш, бөлшектер, қола дәуірінің соңғы кезеңіне тән (ХII-IХ ғғ. Мыржық моласы) археологиялық заттарға консервациялау жұмыстары жүргізілді.

Жайпақ тостаған. Қола, құйма, соғу. б.з.д. Х-VIII ғғ.

Консервацияланғанға дейін Консервацияланғаннан кейін

Өз кезегінде қалпына келтірушілер археологтардың ғылыми көзқарасымен санасып отырады, олар өңдеу және консервация жасауда заттың толыққанды тарихи дереккөзі ретінде ары қарай зерттелуіне кедергі келтірмеу үшін барлық мүмкіндікті жасайды.

Сонымен қатар, қалпына келтіру жұмыстары негізінде картиналар, акварельмен салынған суреттер, графикалық туындылар, 20-30–шы жылдардың құжаттары мен қолжазбалары – мандаттар, жеке құжаттар мен куәліктерге қалпына келтіру жұмыстары жасалады. Мысалы, Ә.Қастеевтің «Мусульманский обряд обрезания мальчика» (1913 ж.), «Амангельды с отрядом» (1944 ж.), Н.Г. Хлудовтың - «Молодые охотники» (1913 ж.), «Сбор урожая» (1920 ж.), «Мать кормящая ребенка» (1907 ж.) картиналары мен басқа да белгілі суретшілердің жұмыстары қалпына келтірілді. Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы қарсаңында соғыс тақырыбына байланысты жұмыстар қалпына келтірілді. Бұл тақырып бойынша суретші Н.В. Цивчинскийдің графикалық және акварельмен салынған бірегей жұмыстары. «Голова убитого немца», «Скелет в овраге», «Пленный немец» жұмыстары қалпына келтірілді. Сонымен қатар кілем-киіз бұйымдарына да қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Жалпы алғанда, ғылыми қалпына келтіру жұмыстары барысында қалпына келтіруші мамандар экспонаттардың жасалу технологиясын зерттеп, бүліну себептерін анықтап, оларды болдырмау тәсілдерін іздейді және жинақтаған тәжірибелерін пайдаланып, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Кез келген экспонаттарды қалпына келтіруде ауқымды жұмыстар атқарады.

Цивчинский Н.В. 1942ж. "Голова убитого немца"

   
Қалпына келтірілгенге дейін  Қалпына келтірілгеннен кейін

Соңғы он жылда жарық көрген ҚР МОМ-нің аса маңызды ғылыми еңбектерінің тізімі

Каталогтар

  1. Хлудов Н.Г. Каталог произведений: живопись и графика. Науч. руководитель и автор предисл. Нурсан Алимбай // Алматы, 2003. – 288 с.; (на каз., рус., англ. языках).
  2. Қазақстанның нумизматикалық мұрасы. Нумизматические наследие Казахстана. The Numismatic Heritage of Kazakhstan. / Науч. руководитель и автор предисл. «Ценности, не имеющие цены» Нурсан Алимбай. - ЦГМ РК, ТОО «InterCinema-TV Service». Алматы, 2008. – 110 с., ил.
  3. Археологические коллекции Центрального Государственного музея Республики Казахстан. Иллюстрированный научный каталог. Т. 1. Культура ранних кочевников Казахстана. – Алматы, 2009. Научные руководители – Нурсан Алимбай, Алишер Акишев
  4. Традиционная казахская одежда. / Kazakh traditional garments. Scientific catalogue.Из серии: Этнографические коллекции Центрального Государственного музея Республики Казахстан». Иллюстрированный научный каталог. Научный руководитель Нурсан Алимбай. – Алматы: Өнер, 2009. – 344 с.
  5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қорындағы бірегей қолжазбалар мен басылымдар. Ғылыми каталог. Ғылыми редакторы Нұрсан Әлімбай, Ж. Шалғынбай. – Қазақ, орыс және ағылшын тілде. – Алматы: Өнер, 2011. – 328 б., ил. (Редкие рукописи и издания в фондах Центрального Государственного музея Республики Казахстан. Научный каталог. На каз., рус., англ. яз. – Алматы: Онер, 2011. – 328 с., ил.).
  6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің археологиялық коллекциясы сақтар мен үйсіндер мәдениеті. Ғылыми каталог. Ғылыми редакторы Нұрсан Әлімбай. Қазақ, орыс және ағылшын тілде. – Алматы: Өнер, 2011. – 320 б., ил. (Культура саков и усуней Казахстана в археологических коллекциях Центрального Государственного музея Республики Казахстан. Научный каталог. На каз., рус., англ. языках. – Алматы: Өнер, 2011. – 320 с., ил.).
  7. Қазақ кілемдері мен тоқыма бұйымдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік музейі коллекциясынан. Ғылыми каталог. (Казахские ковры и ковровые изделия из коллекции Центрального Государственного музея Республики Казахстан. Научный каталог). Ғылыми ред. және жоба жетекшісі Нұрсан Әлімбай.- Алматы: ICOS, 2012.–384 б.
  8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музей қорындағы Шығыс монеталары: Шағатай монеталарының Алматы көмбесі (Восточные монеты из фондов Центрального государственного музея Республики Казахстан: Алматинский клад чагатаидских монет. Иллюстрированный научный каталог). Илююстрацияланған ғылыми каталог. 1 том. 1 кітап. (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). Жоба жетекшісі Нұрсан Әлімбай. – Алматы: «Өнер», 2013. – 320 бет.
  9. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музей қорындағы Шығыс монеталары: Шағатай монеталарының Алматы көмбесі». (Восточные монеты из фондов Центрального государственного музея Республики Казахстан: Алматинский клад чагатаидских монет. Иллюстрированный научный каталог). Иллюстрированный научный каталог. 1 том. 2 кітап. (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). Жоба жетекшісі Нұрсан Әлімбай. – Алматы: «Азия Арна», 2014. – 320 бет.

Энциклопедиялар

  1.  Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 1 том. А-Д. Жоба жетекшісі және ғылыми редакторы Нұрсан Әлімбай.– Алматы DPS, 2011. – 736 б., ил. (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі). (Традиционная система этнографических категорий, понятий и названий у казахов. Энциклопедия. Т. 1. А-Д. – Алматы DPS, 2011. – 736 с., ил.
  2. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 2 том. Е-К. Жоба жетекшісі және ғылыми редакторы Нұрсан Әлімбай.– Алматы РПК «Слон», 2012. – 736 б., ил. (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі). (Традиционная система этнографических категорий, понятий и названий у казахов. Энциклопедия. Т. 2.).
  3. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулларынң дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 3 том. К-Қ. Жоба жетекшісі және ғылыми редакторы Нұрсан Әлімбай. – Алматы РПК «Слон», 2012. – 736 б., ил. (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі). (Традиционная система этнографических категорий, понятий и названий у казахов. Энциклопедия. Т. 3.
  4. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 4 том. Қ-О. Жоба жетекшісі және ғылыми редакторы Нұрсан Әлімбай.– Алматы РПК «Слон», 2013. – 736 б., ил. (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі). (Традиционная система этнографических категорий, понятий и названий у казахов. Энциклопедия. Т. 4.)
  5. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 5 том. Ө-Я. Жоба жетекшісі және ғылыми редакторы Нұрсан Әлімбай. – Алматы: «Азия Арна», 2014. – 840 б., ил. (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі). (Традиционная система этнографических категорий, понятий и названий у казахов. Энциклопедия. Т. 5.).

Ғылыми жинақтар

  1. Труды Центрального музея: музейное дело, история, этнология, фольклористика, археология, антропология, историография, источниковедение, нумизматика. Вып. I // Научный ред. Нурсан Алимбай. // На каз., рус., англ. языках. - Алматы: Гылым, 2004. – 396 с.; 1000 экз.
  2. Труды Центрального музея: музейное дело, история, этнология, фольклористика, археология, антропология, историография, источниковедение. Вып. II // Научный редактор Нурсан Алимбай. // На каз., рус., англ. языках. – Алматы: Балалар әдебиеті, 2009. – 576 с.
  3. Kazakhstan: hommes, betes et dieux de la steppe. Catalogue. – Paris, 2010.
  4. Nomads and Networks: The Ancient Art and Culture of Kazakhstan / Edited by Soren Stark and Karen S.Rubinson with Zainolla S.Samashev and Jennifer V.Chi. Princeton Press, 2012.- 195 p.
  5. Popoli della Yurta Kazakhstan: Tra le oplglnl e la modernita. – Milano, 2008. – 319 s. На итал. яз.
  6. Im Zeichen des Goldenen Greifen: Konigs graber der skythen.– Berlin, 2008.- 340s.

Ғылыми  конференциялардың материалдары

  1. МАТЕРИАЛЫ международной научно-практической конференции «II АРГЫНБАЕВСКИЕ ЧТЕНИЯ», посвященной 90-летию выдающегося ученого-этнографа, доктора исторических наук, профессора Халел Аргынбаева / 25 декабря 2014 г.
  2. «Мәдениеттер тоғысындағы тіл, әдебиет, аударматану, журналистика, экономика және бизнес мәселелері» / 23-24 сәуір, 2015 жыл
  3. МАТЕРИАЛЫ международной научно-практической конференции «VIІ Оразбаевские чтения» «КАЗАХСТАНСКАЯ АРХЕОЛОГИЯ И ЭТНОЛОГИЯ: ПРОШЛОЕ, НАСТОЯЩЕЕ И БУДУЩЕЕ» / 28-29 апреля 2015 г.
  4. «ҚАЗІРГІ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АРХЕОЛОГИЯ, ЭТНОЛОГИЯ ЖӘНЕ МУЗЕЙТАНУ» атты «VII  Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми – әдістемелік конференция материалдары. / 01.04.2016

Монографиялар

  1. Алимбай Н., Муканов М.С., Аргынбаев Х., Традиционная культура жизнеобеспечения казахов // Очерки теории и истории. – Алматы: Ғылым. - 1998. - 234
  2. Исмагулов О., Бекетайкызы К., Исмагулова А., Алтай қазақтары // Тарихи-антропологиялық зерттеу. – Астана: 2003. – 350 б.
  3. Шалғынбай Ж. История казахской книжной культуры (1807-1917 – 1991-2001 гг.). Монография. //Научный редактор Нурсан Алимбай. - Алматы: Баспалар үйі, 2009. - 328 с.
  4. Ермекбаев Ж.А. Чеченцы и ингуши в Казахстане: история и судьбы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2009. – 508 с.
  5. Смағулұлы О., Қожа М., Исмагулова А., Абылай хан // Тарихи – антропологиялық зерттеу. - А., 1999. - 176 б.
  6. Қатран Д, Қазақтың дәстүрлі ас-тағам мәдениеті / Тарихи-этнологиялық зерттеу // Монография. – Алматы: 2002. – 208 б.

 

Мұрағат материалдары мен деректер жинағы

  1. Казахское книжное дело в документах и материалах ХIХ - начала ХХ вв. Сборник архивных документов // Руководитель проекта Ж. Шалгынбай. // Научные редакторы: Ж. Шалгынбай, В.З. Галиев //Науч.ред. Нурсан Алимбай. - Алматы: Баспалар үйі, 2009. - 640 с., илл.
  2. Ислам в Казахстане: паломничество (XIX - начало ХХ вв.). Сборник материалов. Руководитель проекта Г.Р. Мухтарова. // Науч.ред. Нурсан Алимбай. - Алматы: Баспалар үйі, 2009. - 640 с.
  3. Базылхан Н. Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Енисей, Талас). Серия «Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері» -2 том. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 252 с., илл.144с
  4. Khinayat Babakumar (with Benko Mihaly). A keleti magayrsagrol irott emlekek. (Источники о восточных мадьярах (историко-культурные взаимосвязи венгров и казахов) (на венгерском яз.). - Budapest: Puski kiado, 2007. - 160 p.
  5. Шалғынбай Ж. Казахстан в зарубежных источниках // Труды, исследования и путешествия российских и европейских ученых досоветского периода // Биобиблиография. //Научный редактор Нурсан Алимбай. - Алматы: лингвострановедческий инновационный центр «Кие», 2009. - 600 с.; портр., ил.

Оқу құралдары

  1. Мухтарова Г.Р. Түркістан тарихы бойынша типтік оқу бағдарлама / Жоғары оқу орындарының тарих факультеті студенттеріне арналған. - Алматы: ҚазҰУ. - 2003. – 28 б.
  2. Раимханова К.Н., Хатран Д., Музей ісінің теориясы мен практикасы // Учеб. Пос. - А., 2002. – 90 б.

 Альбом және музей бағдаркітапшасы

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі. Музей бағдаркітапшасы // Ғыл. ред. Нұрсан Әлімбай. – Алматы: 2003. – 105 б.
  2. Мемлекеттік орталық музей. Фотоальбом. – Алматы: Өнер, 2009;
  3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі. Музей бағдаркітапшасы. 2-ші басылым, толықтырылған және қайта өңделген // Ғыл. ред. Нұрсан Әлімбай. – Алматы: 2013. – 116 б. (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде)

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source