авто

Переключатель языков

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты «Қажырлы еңбек – табыс кілті» атты жаңа жоба ұсынады

«Қажырлы еңбек – табыс кілті»«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» халықтың еңбекке деген сүйіспеншілігін дәріптеу және еңбек адамына деген құрметті арттыру мақсатында еңбек етуде бар күш-жігерін босқа сарп етпей, өмірде кездескен түрлі қиындықтарға мойымаған әрі қоғамға пайдасын тигізген тұлғаларға арналған «Қажырлы еңбек – табыс кілті» атты флаерлер (инфографикалар) дайындау жобасын ұйымдастырады.

Мақсаты: ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылында әр салада қажырлы еңбектің арқасында жетістікке жеткен адамдардың тәжірибесін, еңбекқорлық құндылықтарын, ұдайы өзін-өзі жетілдіру идеясын тарату арқылы еңбекке деген сүйіспеншілікті насихаттау, жастарға үлгі ету.

Қажырлы еңбектің арқасында көрнекті жетістікке жеткен тұлғалардың еңбек салалары:

 

 

 

  • білім беру;
  • ғылым;
  • медицина;
  • мәдениет;
  • ауыл шаруашылығы;
  • өнеркәсіп.

 Көрнекті жетістіктің белгілері:

  • қоғамға және адамзатқа пайдасын тигізетін шәкірт тәрбиелеу, ұрпаққа мұра қалдыру;
  • өз еңбек саласын республикалық, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті ету;
  • ғылымда, өндірісте жаңалық ашу.

Қажырлы еңбектің белгілері:

  • ұзақ жыл бір салада еңбек ету;
  • өмірде және еңбекте кездескен түрлі қиындықтарға мойымау;
  • кәсіби біліктілгі мен дағдыларын және уақытын тиімді пайдалануға бағыттау;
  • еңбек жолында қайсарлық, қайраттылық, табандылық таныту.

Қатысу шарттары:

  1. Тұлғалардың кандидатурасын үшінші тараптан Instagram желісіндегі өз парақшасында ұсынады. Ұсынылатын тұлғалардың жасына шек қойылмайды.
  2. Қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 23 наурызға дейін.
  3. Тұлғаларды ұсыну жарияланымында (пост) #қажырлыеңбек және #выдающийсяуспех хештегтерін қолдану міндетті.
  4. Тұжырымдаманың белгілеріне сай іріктелген тұлғалар туралы инфографикалар дайындалады.
  5. Тұлғалар туралы ақпараттар Ruh.kz, Kipd.kz сайттарында және Instagram парақшаларында жарияланады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source