авто

Переключатель языков

15.02.2024 «Қазақ киносының жарық жұлдызы» мәдени-танымдық іс-шарасы өтеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесе отырып, кинорежиссер, Қазақстан мен КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың 110 жылдығына арналған «Қазақ киносының жарық жұлдызы» мәдени-танымдық іс-шарасын ұйымдастырды.

Алғашқы сөз  ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ғалия Теміртонқызы мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалдыға берілді. Сондай-ақ Ш. Аймановтың шәкірттері, қазақ киносының шоқтығы биік тұлғалары Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық әртісі Нұржұман Ықтымбаев сынды өнер қайраткерлері ұлттық театр өнері мен кино саласының қалыптасуына бүкіл ғұмырын арнаған Шәкен аймановтың өмір жолынан сыр шертіп, естеліктерімен бөлісті. 

Шара аясында ҚР Мемлекеттік орталық музейі қорындағы Шәкен Аймановтың фотоматериалдары, марапаттары, жеке заттарынан құрылған шағын көрме ұйымдастырылды. Көрмеден орын алған көрнекті экспонаттардың қатарында Ш. Аймановтың «Алдар көсе» фильміне түскенде қолына ұстаған асатаяғы, өзі шерткен домбырасы, шахмат тақтайшасы, түсірілім алаңында пайдаланған рупр, сондай-ақ 1970 жылы «Атаманның ақыры» фильмі түсірілген камера, киімдері, қаламсаптары мен үстел сағаты секілді  т.б ерекше жәдігерлер бар.

Шараға белгілі қоғам қайраткерлері, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.  

aimanov2024 aimanov2024-01
aimanov2024 aimanov2024
aimanov2024 aimanov2024

"Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері" II Халықаралық ғылыми форумы

  

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет Комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі және Алматы қаласы музейлер бірлестігі Сіздерді 2024 жылдың 14 наурызында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ» ұлттық мерекесіне орай өтетін дәстүрлі «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ» II Халықаралық ғылыми форумы жұмысына қатысуға шақырады.

Форум жұмысының мақсаты: түркітілдес халықтардың этникалық тарихы мен мәдени мұрасын насихаттау.

Форум жұмысының міндеттері:

- түркітілдес халықтардың тарихи этногенезін, мәдениеті мен өнерін зерделеу мәселелерін өзектендіру;

- түркітілдес халықтардың тарихи-мәдени құндылықтарын дәріптеу: материалдық және материалдық емес (рухани) мұрасын зерттеу, зерделеу;

- «Наурыз»: сақтау және насихаттаудың жаңа нысандары мен тәсілдерін анықтау және зерделеу;

- мәдениет пен ғылым ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты жандандыру, ғылыми және мәдени-білім беру қызметі саласындағы дәстүрлі және инновациялық бағыттарды дамыту перспективаларын талқылау үшін бірыңғай алаң құру;

- Қазақстандық және шетелдік мамандардың күшімен түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерделеу бойынша бірлескен кешенді пәнаралық зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін айқындау;

- музей экспозициясы мен қор материалдары негізінде мәдени туризмді дамыту;

- музейлер арасындағы іскерлік байланысты қалыптастыру.

 

ФОРУМНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ БАҒЫТТАРЫ:

  1. Түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті: материалдық және материалдық емес мұраларды зерттеу және насихаттау;
  2. Наурыз мерекесінің тарихын зерттеу, зерделеу;
  3. Түркі халықтарының тәрбие құндылықтары;
  4. Тарихи-мәдени мұраны зерттеу мен насихаттаудағы мәдениет мекемелері – музейлер, архив және кітапханалар – рөлі мен орны;
  5. Музей жұмысының замануи инновациялық нысандарының ғылыми және практикалық аспектілері (музейлік цифрландыру және виртуализациялаудағы мемлекеттік есеп талабына сай келетін бірыңғай ережелер; web-қосымшалар; серверлік конфигурация; техникалық қамтамасыз ету және т.б.).

                                                                                            

  • Панельдік талқылау:

 

- «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» тәжірибе алмасу алаңы.

 

  • Музейлік тәжірибе алмасу:

 

- «МУЗЕЙ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЗАМАНУИ ИННОВАЦИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ» ғылыми семинар;

 

- «ТӘРБИЕ БАСЫ – ТАЛ БЕСІК» этнографиялық көрме (Орталық музей қоры негізінде).

Форумға ғылыми мекеме қызметкерлері, оқу орындарының оқытушылары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, музей, архив, кітапхана мамандары, жалпы түркі әлемінің тарихын, мәдениеті мен өнерін зерттеумен айналысатын жас ғалымдар, бакалавр, магистрлер, докторанттар және өзге де қызығушылық танытатын тұлғалар шақырылады.

Форум жұмысына қатысу өтініші ұйымдастыру алқасының  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  электрондық почтасы арқылы қабылданады.

Форум жұмысына арнайы шақырылған қонақтардың жол-шығындары мен қонақ үй құны ұйымдастырушылар есебінен төленеді. Ал, өзге қатынасушылардың барлық іс-сапар шығындары жіберуші жақ есебінен төленеді.

 

Өткізу нысаны: оnline, offline

Өтетін орны: Алматы қ., Самал – 1, 44 үй.

Өтетін күні мен уақыты: 14 наурыз 2024 жыл.

Байланыс тел.: 8(727)2644911; 8 747 6474468 Арайлым Бақытқызы Балаева

 

ҰСЫНЫЛҒАН ФОРМА БОЙЫНША ӨТІНІМ

 

Аты-жөні (толық) ______________________________________________-_________

Қызмет атқаратын мекеменің толық атауы: __________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): _________________________________________

Лауазымы: ______________________________________________________________

Байланыс телефоны: _____________________________________________________

Электрондық адресі:________________________________________________ _____

Факс, E-mail ____________________________________________________________

Мәдени (театр, филармония) шараға қатысу (иә, жоқ) _________________________

Алматы қаласындағы музейлерге экскурсия (15 наурыз 9.00-13.00) ______________

Ұйымдастырушыларға ұсыныс, пікірлер ____________________________________

 

 

Форум басылымға жіберілетін мақалаларына/баяндамаларына қойылатын талаптар

Requirements for articles/reports of the Forum

 

31.01.2024 ж. «Әнін көкке қалықтатқан Ғарифолла Құрманғалиев» мәдени-танымдық кеші

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде әнші, композитор, Қазақ КСР халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтың туғанына 115 жылдығына арналған «Әнін көкке қалықтатқан Ғарифолла Құрманғалиев» мәдени-танымдық кеші өтті.

Кештің шымылдығын ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ғалия Теміртонқызы ашып: «ҚР Мемлекеттік орталық музейі қазақ мәдениетінің жарқын өкілдерін қашан да ұлықтап келеді. Солардың бірі – Ғ. Құрманғалиев. Ол әнші ғана емес, композитор, актер, ұстаз, этнограф ретінде де қазақ мәдениеті мен өнерін жан-жақты танытқан тұлға» екенін атап өтті.

Шара аясында ҚР Мемлекеттік орталық музейінің қорындағы Ғарифолла Құрмағалиевтың фотоматериалдары мен марапаттары т.б жәдігерлер негізінде шағын көрме ұйымдастырылды. Экспонаттардың бірқатарын Ғарифолла Құрманғалиев 1983 жылы Орталық музей қорына өз қолымен табыстаған. Олардың қатарында Отан соғысы жылдарында алған «Қызыл Жұлдыз» ордені, «Ерлігі үшін» медалі де бар.

Кешке әншінің ұлы Нұрлан, келіні Ләйлә, немересі Меруерт арнайы қатысып, естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова, Республикалық конкурстардың лауреаттары Эльза Карабалина, Венера Қаржаубаева, Армат Исламғалиев, Күнқожа Қайрулла және Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториянын студенттері қатысып, өнер көрсетті.

 

19.12.2023 ж . Қайран, Нарын... Алматы қалалық күйшілер мен термешілер сайысы

ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде XIX ғасырдағы жыраулық поэзияның көрнекті өкілдерінің бірі, күйші, композитор Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Қайран, Нарын...» Алматы қалалық күйшілер мен термешілер сайысының марапаттау рәсімі өтті. Сайысқа әр түрлі оқу орындарынан 30 студент қатысты. Күй және терме номинациясы бойынша  төрелік еткен:

Қазылар алқасының төрайымы: ҚР Халық артисі Айгүл Үлкенбаева;

Филология ғылымдарының докторы , профессор Ғарифолла Әнес;

ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, профессор Төлепберген Тоқжанов;

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісова;

ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің директоры Харипова Рашида Ерімқызы.

Сайыстың Гран при жүлдесін – Қызылғұлов Қанат-Құрманғазы атындағы қазақ Ұлттық консеваториясының студенті жеңіп алды.

Домбыра номинация бойынша: 

1-орын Зинор Нұрай,

2-орын Саятұлы Нұрали, Сариев Қайырбек,

3-орын Ақихат Ләззат.

Терме номинация бойынша

1-орын Дауылбаев Аманжол,

3 орын Амангелдиева Перизат.

Батыр бейнесіне сай белбеу, қалқан сияқты ерекше естелік сыйлықтар табыс етілді. Ал қыздар ұлттық күмістен жасалған сыйлықтарға ие болды.

Шара аясында Орталық музей ұйымдастырған #Makhambet220Challenge-нің қатысушылары марапатталды. 

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source