авто

Переключатель языков

18.05.2022 ж. «Музей түні-2022» дәстүрлі акциясы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 2022 жылдың 18 мамыры күні «Халықаралық музейлер күні» кәсіби мерекесіне орай «Музей түні» мерекелік іс шарасын өткізеді. Жыл сайын өтетін аталмыш жоба қазақстандық музейлер мен әлемнің белгілі музейлері арасында үлкен танымалдылыққа ие. Бұл қаламыздың тұрғындары мен қонақтарына музей артефактілерімен, мәдени-білім беру бағдарламаларымен танысуға және еліміздің тарихы мен мәдениетінің жаңа беттерін ашуға мүмкіндік беретін ірі халықаралық әлеуметтік мәдени-білім беру жобасы.

«Музей түні-2022» дәстүрлі акциясыҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай, ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің биылғы жылғы «Музей түні-2022» дәстүрлі акциясы талантты балалардың бастамалары мен жаңашыл идеяларын қолдауға бағытталған. Аталмыш акцияның негізгі бөлігі «Талантты балалар шеруі» республикалық балалар фестиваліне арналады. Фестивалға республикамыздың әр өңірінен өнер, спорт, музыка, шығармашылық жағынан халықаралық, республикалық конкурстар лауреаттары мен талантты жасөспірімдер қатысып отыр. Аталмыш республикалық фестиваль қорытындысы нәтижесінде 13 номинация бойынша жас талантарға марапатты елімізіге белгілі ғылым, мәдениет және өнер саласындағы қайраткерлер табыстайды.

Музей түнінің басты   оқиғасы «Коворкинг балалар орталығының» ашылуы. Орталықтың жұмысы балаларды музей әлемімен, ондағы тарихи құндылықтармен таныстыруға, сондай - ақ, шығарамашылық бастамалар мен балалардың мүмкіндіктерін ұштауды ұйымдастыруға бағытталған. Яғни, балалардың бос уақыттарын (демалыс) тиімді ұйымдастыру, мультипликациялық фильмдер көру, кітап оқу, қазақ ұлттық ойындары және дәстүрлі музыкалық аспаптарда ойнауды үйрету бағыттарында жұмыс істеу. Коворкинг балалар орталығының басты демеушілері, яғни осы бастамаға қолдау көрсеткен КМF Микроқаржы ұйымы және «Демеу - КМF» корпоративтік қоры. Сонымен бірге, балалар орталығы аясында «Жас экскурсовод», «Өлкетану» және «Бірге сурет салайық» бейнелеу өнері үйірмелері ашылады.

МУЗЕЙ ТҮНІ БАҒДАРЛАМАСЫНДА: жанданған экспозициялар, музей қорындағы сирек кездесетін қару - жарақтар коллекциясы негізін «Ер қару бес қару» көрмесі ( XVIII-XIX ғғ.), «Біздің таланттыларымыз», «Менің бақытты балалық шағым» атты қалалық бейнелеу өнер студияларының балалар шығармашылығы көрмесі, белгілі фотограф М. Золотухиннің фотокөрмесі және белгілі қазақстандық суретші-қалпына келтіруші, «Қырым аралы» ғылыми-қалпына келтіру зертханасының негізін қалаушы және жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Қырым Алтынбековтің «Қайта жарқыраған жауһарлар – Аралы» көрмесі.

Концерттік бағдарлама-қойылымдар: Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі, «Камерата Казахстан» ансамблі және Валентина Боровикованың жетекшілігімен скрипкашылар ансамблі; О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі мен Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы студенттерінің сәндік коллекциясының көрсетілімі және Қазақстан-Жапон орталығынан оригами, каллиграфия, «фурошики» өнері бойынша шеберлік-сабақтар. Сондай - ақ, мерекелік іс шара қонақтары мемлекеттік оркестрлер мен балалар ұжымдарының музыкалық шығармашылық концертерін тамашалай алады.

Музей қонақтары Қазақ мемлекеттік циркінің қойылымы, балалар дефилесі, М.Грибованың жетекшілігімен «HighTech Academy» шляпалық дефилесі, Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің стилисттік шаш үлгілері көрсетілімін тамашалайды.

Қазақстан суретшілері, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен шеберлік сабақтар өтеді.

Музей алматылықтар мен қала қонақтарын «Музей түні-2022» акциясының қызықты және тартымды бағдарламаларымен танысуға шақырады.

Байланыс телефоны: 264-46-50.

Музейге кіру тегін.

05.05.2022 ж. «Ерлерге құрмет – ұрпаққа міндет», қайырымдылық акциясы

 «Ерлерге құрмет – ұрпаққа міндет», қайырымдылық акциясыҚазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «KS – production» продюсерлік орталығымен бірлесіп, 2022 жылдың 5 мамыр күні сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін қолдау мақсатында «Ерлерге құрмет – ұрпаққа міндет», қайырымдылық акциясын өткізеді.

Ардагерлермен жүздесу өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи мұраларымен танысуға, олардың бойына азаматтық сана-сезімдерді оятуға және патриоттық рухқа баулуға, отансүйгіштікке тәрбиелеуге, ҚР мүдделеріне қызмет етуге лайық деп білеміз.

Ұлы Жеңіс күні – жан аямай елін қорғаған ержүрек батырларымызды еске алу күні. Асау уақыт тізгінін ауыздықтай алмайсың – жылдан-жылға адамзаттың басына алапат қасірет түсірген зұлмат соғыс туралы баяндайтын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары арамызда азайып бара жатыр. Бұл күн ардагерлерге құрмет пен алғыс сезімдерін білдіруге мүмкіндік береді.

Осы атаулы күні ҚР Орталық музейі ардагерлеріміз үшін ҚР халық әртістері Айжан Нұрмағамбетова, Евгений Шагаров, Тимур Иманжанов, «Тенгри» этногруппасының және т.б. қатысуымен өтетін мерекелік концерттік бағдарламасын дайындады.

Аталмыш іс-шара демеушілер мен тұрақты серіктестердің қолдауымен өткізіледі, сондай-ақ, ҚР орталық музейі акцияға қолдау танытқан демеушілерге Бостан» ЖШС, «Magnum Cash&Carry» ЖШС, CEZARO ЖК, ZUGO HOME TEXTILE компаниясы, «Алатау – құс» ЖШС, «Ақсай-нан»ЖШС, «МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС, «Lemonadoff Food» ЖШС алғыс білдіреді.

04.05.2022 ж. Жоғарғы оқу орындарымен ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қойылды

2022 жылдың 4 мамырында ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде "Мәдениеттер сабақтастығы" ашық алаңы жобасын жүзеге асыру мақсатында білім беру және тәжірибе алмасу, сондай-ақ кәсіби музей тәжірибесін өтудің жаңа бағыттары бойынша кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстанның жетекші жоғары оқу білім орындары: «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті», «Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы», «Қазақ спорт және туризм академиясымен» ынтымақтастықты орнату туралы меморандумдарға қол қойылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің директоры Р. Е. Харипова құттықтау сөз сөйледі.

Шараға жоғары оқу орындарының өкілдері: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі – Жұматаев Ринат Серікұлы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры – Халықов Қабыл Заманбекұлы, Қазақ спорт және туризм академиясының оқу жөніндегі проректоры – Нұрмуханбетова Динара Кенжеқызы, сонымен қатар студенттер қатысты.

подписание меморандума о сотрудничестве с ведущими ВУЗами Казахстана подписание меморандума о сотрудничестве с ведущими ВУЗами Казахстана
подписание меморандума о сотрудничестве с ведущими ВУЗами Казахстана подписание меморандума о сотрудничестве с ведущими ВУЗами Казахстана
подписание меморандума о сотрудничестве с ведущими ВУЗами Казахстана подписание меморандума о сотрудничестве с ведущими ВУЗами Казахстана

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source