авто

Переключатель языков

14.03.2023 "ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ" Халықаралық ғылыми форумы.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласында Наурызды жаңаша атап өту, мерекенің әр сәті елге пайдасы тиетін, ұрпаққа өнеге болатын игілікті іске ұласуға тиіс. Ежелгі жыл қайыру дәстүрі – халқымыздың терең танымы мен тағылымды тарихының көрінісі. Ұлыс күнін сан түрлі сипатта атап өту ата салтымыз бен ұрпақтар сабақтастығын сақтау үшін керек. Қазақта "Салтына қарап, халқын танисың" деген қанатты сөз бар. Ұлттың жаңа болмысы жақсы дағды мен жағымды қасиет арқылы қалыптасады» деген болатын.

Осыған орай, Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі қарсаңында түркітілдес халықтардың мәдениеті мен өнерін зерделеу, этникалық тарихы мен мәдени мұрасын зерттеу мақсатында 2023 жылдың 14 наурызында "ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ" Халықаралық ғылыми форумы өткізілді.

Форум жұмысының негізгі мақсаты: түркітілдес халықтардың этникалық тарихы мен мәдени мұрасын насихаттау, түркі тілдес халықтардың мәдени мұрасы халықтар арасындағы өркениетаралық диалогын қалыптастыру, мәдени құндылықтармен алмасу, мәдениеттер мен халықтардың перспективалық ынтымақтастығын құру.

Форумның жұмысына қатысушылары мен музей қонақтарына ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің «Ашық қор», «Палеонтология және Археология», «Этнография» экспозициялық залдарына қысқаша экскурсия жүргізумен басталды.

Форум жұмысына қатысушыларға Орталық музейдің ерекше білім беруді қажет ететін балаларға (зағип және нашар көретін) музейлік білім беру арқылы жәдігерлер туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, көкжиектерін кеңейту, қиялдары мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға серпін беру мақсатында «Жеті қазына» әлеуметтік жобасы таныстырылды және Алматы қаласы мектептерінің оқушылары арасында «Тоғыз құмалақ» ұлттық ойыны бойынша республикалық олимпиаданың қалалық іріктеу жарысы өткізілді.          

Сағат 11.00 де форум жұмысының ресми бөлімі ашылды.

Форум жұмысының модераторлары: М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Ісләмұлы Матыжанов, музейлік деректану және қолжазба бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, журналдың редакторы, тарих ғылымдарының кандидаты Атығаев Нұрлан Әділбекұлы

Форум жұмысын Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы ашып, «Ежелгі көктем мерекесінің терең мағынасы бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Сондықтан, бүгінде Қазақстан ғана емес, Орталық Азия елдері музейінің ғалымдары мен мамандары жиналған форум бүкілхалықтық мерекені танымал ету, сондай-ақ, оның тарихы мен ерекшеліктерін ғылыми зерттеу бойынша бірлескен идеялар мен тәжірибелерді әзірлеу, оны іс-жүзіне асыруға жәрдемдеседі деп сенемін», - деді вице-министр құттықтау сөзінде.

Сонымен қатар, форум қатынасушыларына құттықтау сөздері: Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Али Рыза Акынжы; Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы – Фатхуллаев Аброр Джахангирұлы; Юнеско Кластерлік бюросы директорының міндетін атқарушы Магнус Магнуссонға берілді.

Келесі кезекте, музей саласының өзекті мәселелерін қамтитын, «MUZEUM.KZ» ғылыми-тәжірибелік журналының алғашқы санының таныстырылымын, музейлік деректану және қолжазба бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, журналдың редакторы, тарих ғылымдарының кандидаты Атығаев Нұрлан Әділбекұлы таныстырды. Халықаралық стандарттарға сәйкес жылына 4 рет шығарылатын журнал музейге жаңадан жұмысқа келген жас ізденушілер мен тәжірибелі мамандардың арасындағы кәсіби байланысты қалыптастыратын болады. Журналдың алғашқы санында археология, нумизматика, этнология, отандық және шетелдік музейлер тарихы туралы материалдар қамтылған. Журналдың тағы бір ерекшелігі заманауи AR қосымшасының болуы.

«MUZEUM.KZ» ғылыми-практикалық журналының лентасын қию рәсімі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы және Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Ісләмұлы Матыжанов қиды.

Ел президенті Қасым Жомарт Тоқаев «Наурыздың тағы бір белгісі - ұқыптылықпен тазалық. Қазақ - табиғатқа етене жақын халық. Ұлыстың ұлы күні бұлақтың көзін ашып, ағаш егу, қоршаған ортаны таза ұстау – ертеден жалғасып келе жатқан дәстүріміз. Біз қолға алған «Таза табиғат» жобасының негізгі мақсаты – сол игі шараны жалғастыру»- дегеніндей форум қатысушылары Орталық музей саябағына ағаш көшеттерін отырғызды.

Сағат 11. 30 – 12.50 аралығында форум жұмысының панельдік отырысы өтті.

Форум жұмысының панельдік отырысында: филология ғылымдарының докторы, ҚР орталық мемлекеттік музейінің антропология және этнология бөлімінің бас ғылыми қызметкері Нұргелді Уәли «этносемантикалық мағынадағы – Наурыз мейрамы», тарих ғылымдарының докторы, Анкара университетінің тіл, тарих және география факультетінің профессоры, жалпы түрік тарихы бөлімінің меңгерушісі Абдулла Гундогду (Түркия) «Түркі мифологиясындағы – Наурыз»; Евфрат Имамбек Бағдатұлы, Қазақстан Республликасы Материалдық емес мәдени мұра ұлттық комитетінің мүшесі, Орталық Азиядағы өнер білімі бойынша ЮНЕСКО сарапшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты «Среднесрочная стратегия ЮНЕСКО в области охраны и поощрения нематериального культурного наследия: новая роль музеев»; тарих ғылымдарының докторы, Мирзо Ұлықбек атындағы ұлттық университетінің профессоры Замира Ишанходжаева (Өзбекстан) «Межкультурный праздник Навруз и его вклад в развитии мира и благополучия»; Қазақ Ұлттық Академиялық кітапхананың директоры Нұрғалиева Ғазиза Құдайбергенқызы «Түркітілдес мемлекеттер кітапханаларының ынтымақтастық пен интеграциясы»; Элабуга мемлекеттік қазіргі заманғы этноөнер қорық-музейінің директоры Нигамаева Зиля Салиховна (Ресей) «Особенности празднования Наурыз у казанских татар»; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры Тәттігүл Картаева Алашорда қайраткерлерінің Наурыз туралы жазбаларындағы деректерді талдау тақырыптарында баяндама жасалды.

Форум аясында екі панельдік талқылау ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитеті төрағасының орынбасары Р.Музафаровтың қатысуымен «Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын зерттеу және ЮНЕСКО репрезентативтік тізіміне енгізу жолдары» секциясы жұмыс жасады. Сонымен қатар, материалдық емес мәдени мұра құндылықтарды насихаттауға арнаған 18-35 жастағы жас мамандар мен ғалымдардың «STARTUP-NAURYZ» жобалары таныстырылды.

«Музей жұмысының замануи инновациялық нысандарының ғылыми және практикалық аспектілері» тақырыбында өткен отырыста музейлік креативті индустрияларды дамыту және музей қорларындағы құндылықтарды цифрландыру мәселелері кеңінен қарастырылды.

Сонымен қатар, форум жұмысы аясында коллекционер, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері, мәдениеттанушы Азат Әкімбековтің жеке коллекциясы негізінде «Орталық Азия халықтарының XVIII-XIX ғғ. зергерлік бұйымдары» көрмесі музейлік тәжірибе алмасудың ғылыми-тәжірибелік алаңы болды.

Халықаралық ғылыми форум қатысушыларының пікір алмасуы, ғылыми-практикалық мәселелерді талқылау нәтижесінде Резолюция қабылданды.

Форумға ғылыми мекемелердің қызметкерлері, оқу орындарының оқытушылары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, музей, архив, кітапхана мамандары, жалпы түркі әлемінің мәдениеті мен тарихын зерттейтін ғалымдар, бакалавр, магистрлер, докторанттар және өзге де қызығушылық танытқан тұлғалар қатысты.

Форум қатысушылары Алматы қаласы мен қала қонақтары үшін арнайы ұйымдастырылған музей түніне де қатысты (17.30-22.30).

 

forum-museum
forum-museum forum-museum
forum-museum forum-museum-01
forum-museum forum-museum
 forum-museum forum-museum
 forum-museum  forum-museum

 

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source