авто

Переключатель языков

10.12.2020 ж. "Тамос" балалар студиясының «Мен және түрлі-түсті әлем» атты балалар шығармашылық туындыларының көрмесі

2020 жылдың 10 желтоқсаны  Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейі "Тамос" балалар студиясының «Мен және түрлі-түсті әлем» атты балалар шығармашылығы туындыларының көрмесін ашады.

tamos-deti-bzoӨнер неден басталады? Біріншіден, бала сурет салуға, мүсіндеуге немесе қолөнер жасауға ерекше қызығушылық танытады. Өнерге деген құштарлығы артып, жаңа білім мен дағдылар пайда болады, содан кейін бала студияда үйренгенін көрсетуге мүмкіндік алады. Балалар шығармашылығы көрмесінде біз жаңадан келген оқушылардың алғашқы батыл әрекеттерінен бастап, сенімді жұмыстарын көре аламыз.

"Тамос" студиясы балаларды әртүрлі бағытта дамытатын кәсіби оқытушылар ұжымы қарсы алады. Солардың бірі – бейнелеу өнері кабинетінде шығармашылық уақытын өткізу. Студияда сурет салуды, мүсіндеуді және өз қолдарымен әр түрлі бұйымдарды жасауды ұнататын балалар айналысады. Негізгі сабақтардан тыс, бос уақытында балалар тәжірибелі бейнелеу өнері мұғалімі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, графика суретшісі Ибрагимова Гульнараның жетекшілігімен жұмыс істейді. Мұнда шығармашылық рух пен қиял әлемінің атмосферасы орнайды. Жаңа материалдар және мүмкіндіктермен танысу, түрлі тәсілдер мен идеяларды жүзеге асыру, ойдың шығармашылық ұшуы — мұның бәрін балалар шығармаларынан көруге болады. Мұғалім атап өткендей: «Бізде– дұрыс емес немесе болмайды деген түсінік жоқ! Бізде тек жаңа, қызықты, шынайы ізденіске ұмтылыс бар. Біз кескіндеме, сурет, графика, қолөнер сияқты әр түрлі бағыттарды қамтуға тырысамыз –– мұның бәрі әртүрлі қайталанбас қызықты жұмыстармен байланысты. Сондай-ақ, біз шыны, тәрелке, мата, ағаш және басқа да бұйымдарға сурет салуды үйренудеміз. Балалар өз жұмыстарын үлкен қызығушылықпен, өз білімі, жан дүниесі, көңіл-күйі мен идеясын барынша көрсетіп, қуана жасайды. Бұл өнер әлеміндегі шығармашылық жолдың бастауы». Жас суретшілер (Лия Иванова, Әлжан Самыратов, Елизавета Ким, Амели Порошина, Раяна Уразбаева, Аливия Михеева, Арина Юркович, Давид Дружинин, Айлин Жакупова, Амина Таттаева, Ева Панкова, Сара Душимова, Самина Мұсаева, Даниелла Абжаппарова) түрлі балалар шығармашылығына арналған көрмелерге белсенді қатысады.

Көрмеге 5-6 жас аралығындағы қатысушылардың 80-нен астам жұмыстары қойылған. Жұмыстар түрлі техникада орындалған: сурет, қолөнер, модельдеу, аппликация және т. б.

Суреттерде көрменің әр қатысушысы өзінің қиялын және дағдыларын көрсетіп, өздеріне ұнайтын бұйымдарды жасады. Жас суретшілер әлемді мейірімділікке, қуаныш пен ғажайыптарға толы жарқын бейнелеуге тырысты. Студия балаларының жұмыстары түрлі-түсті, әртүрлі қызықты суреттермен ерекшеленеді.

Бейнелеу өнерімен айналысу балалардың қиялын, шарықтау күйін суреттер арқылы жеткізе білуін, жасампаздық қуанышын, адамдарға, табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятады. Мұның бәрін дарынды мұғалімдер үйретеді. Көрмелерге қатысу арқылы жас дарынды балалар бейнелеу өнерінде өз мүмкіндіктерін көрсетіп, өздерінің еңбектерімен таныстырады.

Көрме 2020 жылдың 21 желтоқсанына дейін жалғасады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source